Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады. Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
-
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
-
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
-
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
-
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
-
дистанционды (авиациялық және космостық);
-
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
-
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
-
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
Қоршаған орта жағдайы мониторингі
|
Міндеті
|
Мақсаты
|
Бақылау
|
Анықтау
|
Бағалау
|
Болжау
|
Шешім қабылдау
|
Жетілдіру
|
қоршаған орта жағдайының өзгеруі
|
адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері
|
адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау
|
қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер
|
адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою
|
қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы
|
Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:
-
Өлшеу , талдау , сипаттау , моделдеу, дұрыс жолын таңдау.
Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән. Мониторингтің мынадай түрлері белгілі:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг
- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг
- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі
- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.
Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі
- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.
Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау. Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек. Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыр. Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
1) қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау. 2) табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау. 3) қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару. Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады. Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
- биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
- дистанционды (авиациялық және космостық);
- аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау). Бақылау обьектілері бойынша:
- қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
- биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.
Іс-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг - биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды. Базалық мониторинг - жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау. Экология пәнінің мазмұны, міндеттері және зерттеу әдістері. Тірі материя мен биологиялық жүйелердің пәнінің мазмұны, міндеттері және зерттеу әдістері. Тірі материя мен биологиялық жүйелердің бірігу деңгейлері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
Экология пәнінің мазмұны - организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық (экожүйе) және биосфералық деңгейде зерттеу болып табылады. Экология ұғымын ғылымда алғашқы рет неміс ғалымы Э. Геккель (1866 ж) қолданды.
Экология пәнінің негізгі міндеті - популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриализация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару.
Экология ғылымының басты мақсаты - ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам - қоғам - табиғат» арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу. Экология ғылымының зерттеу обьектісі жеке особьтар емес, особьтар топтары - популяциялар, түрлер, қауымдастықтар, экожүйелер, яғни, биологиялық микро- және макрожүйелер. Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік кешенді әртүрлі зерттеу әдістері бар. Экология ғылымының негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау, модельдеу жатады. Ал бақылау, салыстырмалы түрде талдау жасау, тәжірибелер (далалық, лабораториялық), мониторинг жүргізу негізгі эмпиристік әдістері болып табылады. Бақылау және салыстырмалы талдау жасау ғылымның дәстүрлі әдістеріне жатады. Сол арқылы сипаттама жасалып, талдау жүргізу үшін алғашқы ақпарат алуға болады. Эколог-маман үшін ең маңыздысы далалық зерттеулер, яғни түрлер популяциялары мен олардың қауымдастықтарын табиғат жағдайында зерттеу. Далалық зерттеулер организм немесе популяцияға белгілі бір факторлар әсерін білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде бақылаулар мен салыстырмалы талдау жасау арқылы зерттелетін макрожүйелерге сипаттама жасалады. Мұндай сипаттама жасау үшін эколог-мамандармен қатар ботаниктер, зоолог, микробиолог, топырақтанушы, химик, гидролог және басқа да мамандар қатысады. Көптеген сандық және сапалық мәліметтерді сипаттама жасауда физиология, анатомия, биохимия, систематика және басқа да ғылымдардың әдістері қолданылады.
№29-30 дәрістер.Қоршаған ортаның тазалығын нормалау.
Басты сұрақтары:
-
Бақылаудың түрлері, маңыздылығы
-
Биоиндикаторларға қойылатын талаптар
-
Өсімдік биоиндикаторлары
-
Биотестілеу және биоидентификациялау
-
Экологиялық нормалау
Биоиндикатор (био... және грек. іndіco — көрсеткіш, анықтағыш) — организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикатор қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген. Мысалы, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы — судың сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы — оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы — оның құнарлылық дәрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін әсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер биоиндикатор есебінде пайдаланылады.
Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады. Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
-
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
-
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
-
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
-
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
-
дистанционды (авиациялық және космостық);
-
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
-
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмысты орындау экологиялық химия пәнінен білімдерін бекітуді қамтамасыз етеді, студенттердің эксперимент жүргізу дағдысын қалыптастырады және студенттердің өз беті мен жұмыс істеуін дамытады. Зертханада жұмыс табысты өту үшін, химиялық практикум әдістемесінен және дәрістерінен, оқулықтан теориялық материалды алдын-ала оқып білу қажет. Сонымен бірге эксперимент техникасын сапалы түрде орындау қалыптасады, жасалған жұмыс ойластырылған, түсінікті болады.
Химия зертхансында жұмыс істеуші қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау қажет және химиялық құралдар, ыдыстармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау керек. Химиялық практикумда көрсетілген құралдар мен химиялық реактивтерді қолдану жолдарын үйрену қажет. Берілген нұсқаулар студенттің өз бетімен жұмыс істеуін және инициативасын жоғалтапай, керісінше көрсетілген нұсқау жұмысты орындау жылдамдығын арттырады, құралдардың істен шығуын, ыдыстардың сынуын, реактивтердің бүлінуін ескертеді.
Эксперимент жұмысының табысты орындалуы, жұмыс әдістемесін дұрыс таңдауға, өлшеуді орындау ретіне, өлшеуге және жүйелі түрде нәтижесін дұрыс жазуға байланысты.
Тақырып бойынша теориялық білімін мұғалім тексерген соң, зертханалық жұмыстың орындалу әдісін меңгеріп және тақырып бойынша зертханалық жұмысты жазу журналын дайындаған студент ғана зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады. Зертханалық журналды толтырғанда келесі талаптар қойылады:
-
Зертханалық жұмысты орындау күні;
-
Зертханалық жұмыстын реті;
-
Зертханалық жұмыстын тақырыбы;
-
Зертханалық жұмыстын мақсаты;
-
Зертханалық жұмыстын барысы, байқаулары;
-
Химиялық реакциялар мен есептеулер;
-
Қорытынды.
Зертханалық жұмысты орындап болған соң студент жұмыс орнын ретке келтіріп кезекшіге немесе лаборантқа тапсыру керек. Студент зертханалық журналында жұмыс нәтижесін толтырған соң есебін оқытушыға тапсыру керек.
Бейорганикалық химия курсында көп уақыт химиядан есеп шығаруға бөлінеді. Жұмыстың бұл түрі студенттің өздігінен жұмыс істеуін, дәріс кезінде алған білімін кеңінен қолдануын қажет етеді.
Сарамандық сабақтардың тақырыбы.
Зертханалық сабақтар
|
№1-2 зертханалық сабақ.Судың органолептикалық қасиеттерін және құрамындағы катиондарды анықтау.
|
2
|
№3- зертханалық сабақ.Судағы еріген оттегінің мөлшерін анықтау.
|
1
|
№4 зертханалық сабақ. Титриметриялық әдіспен су құбырынан алынған ауыз суының құрамындағы «активті хлорды» анық-тау.
|
1
|
№5 зертханалық сабақ.Табиғи және ауыз суының рН –ортасын анықтау.
|
1
|
№6- зертханалық сабақ. Топырақ үлгілерінен сынама алу және топырақ сығындысын дайындау.
|
1
|
№7 зертханалық сабақ.Топырақ сығындысынан: сульфат ионын,гидрокарбонат ,карбонат ионын,хлорид ионын анықтау
|
1
|
№8 зертханалық сабақ.Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтан күкіртті сутектің мөлшерін анықтау.
|
1
|
№9 зертханалық сабақ. Тамақ өнімдерінің нитратпен ластануы және әртүрлі мәдени көкөністердің түріне, сортына, мүшесіне, ұлпасына байланысты құрамындағы нитратты анықтау.
|
1
|
№ 10 –зертханалық сабақ.Қала көшелерінің топырақтарынан
химиялық элементтердің суда еритін түрлерін сапалық талдау
|
1
|
№11-зертханалық сабақ.Жануарлар мен өсімдіктер ақуыз коа-
гуляциясына ауыр металлдардың әсері
|
1
|
№ 12 –зертханалық сабақ. Қала көшелері топырағының тұзды-
лы ғын құрғақ қалдығы бойынша анықтау
|
1
|
№13-зертханалық сабақ .Өсімдіктердің хлорға ,күкіртті газға, аммиакқа төзімділігін анықтау.
|
1
|
№14 -зертханалық сабақ. Судың перманганаттық тотығуын анықтау.
|
1
|
№ 15-зертханалық сабақ.Қорытынды сабақ.
|
1
|
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН
ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА (ОЖОӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстар зертханадағы жұмысты, бақылау тапсырмаларын, берілген тапсырманың теориялық негізін түсінуге, тақырып бойынша зертханалық тәжірибиелерді орындау әдістемесі, зертханалық журналардарына жасалған жұмыстарын жазу, есеп шығару, зертханалық жұмыс бойынша есеп тапсыру, курстың негізгі бөлімдері бойынша коллоквиум тапсыруды қамтиды. Оқытудың бұл түрі студенттердің алған білімін бекітуге бағытталған. ОЖОӨЖ кеңес беру және бақылау функциясын атқарады
1. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. тірі организмдер.Биосфераның химиялық ластануы
2. . Атмосфераның химиялық экологиясы. Атмосферада жүретін химиялық реакциялар, фотодиссоциация,ионизация.Көк түтіндер(смог).
3. Атмосферадағы және су қоймаларындағы зиянды заттарды бағалау.Өнеркәсіптік ағынды суларды тазалау жолдары.Химия өнеркәсібінің газ тәрізді тастандыларынан тазарту.Осы тақы-рып бойынша экологиялық есептер құрастырып шығару
4. а)Машина өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері
б)Тамақ өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері
в)темір жол көліктерінің,авиацияның қоршаған ортаға әсері.Осы тақырыптар бойынша реферат жазып ауызша қорғау(реферарат көлемі 10 бет және барлық талаптарға сай болу қажет
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
-
Фазылов А. Н. Экология Алматы 2011ж
-
Оспанова Б.Б. Экология Алматы 2000ж
-
Асқарова К.Г.Экология негіздері Алматы.2010ж
-
Алексеенко В.А. Экологическая химия Логос 2000 жыл
-
Алексеев В.В. Практикум по экологии Москва 1996г
-
Исидоров В.А, «Введение в химическую экотоксикологию» СПБ 1999 г
-
Панин М.С. «Экотоксикология» Семей 2008 жыл
-
Метелов В.В. «Водная экотоксикология» Москва 1971 жыл
-
Оксигендлер А.Ю. «Яды и организм» Наука 1991 жыл
-
Фелленберг Г. Загрязнение природной среды: Введение в экологическую химию. Мир 1997 жыл
-
Панин М.С. «Химическая экология» Семипалатинск 2002 жыл
-
Бокрис М.А. «Химия окружающей среды» Москва 1978 жыл
-
Юфит К.И. «Яды вокруг нас» Москва 2004 жыл
Қосымша әдебиеттер:
-
Дмитриев М.Г., Казнина Н.И. Санитарно - химический анализ загрязняющих веществ в окружающей среде. Химия 1989 жыл
-
Жұмаділова С., Баешов А. «Қоршаған орта химиясы» Алматы 1998 жыл
-
Панин М.С. Экология Казахстана Семипалатинск 2005 жыл
-
Алексеенко В.А. Экологическая химия Логос 2000 жыл
Бақылау және бағалау сұрақтары:
-
Экология пәні, даму тарихы
-
Экотоксикологияның терминдеріне (экотоксикант, ксенобионтик, полютант) түсініктеме.
-
Экология бөлімдеріне түсініктеме.
-
Абиотикалық трансформация (фотолиз, жарық, гидролиз).
-
Биоаккумуляция, оған әсер ететін факторлар.
-
Биомагнификация туралы түсінік.
-
Экоуыттылық, өткіруыттылық, оның зардаптары.
-
Ортканың ксенобиотикалық профилі.
-
Полихлорланған бифенилдер ҚО, организмге түсу жолдары.
-
Полигалогенденген ароматты көмірсутектері бар экотоксиканттар.
-
Дибензо – n – диоксиндер, екі метил сынаптың уыттылығы.
-
Диоксиндердің токсикалық қасиеттері.
-
Уытты заттардың организмге әсері.
-
Ксенобиотиктердің биологиялық активтігі мен химиялық құрылымының арасындағы байланыс.
-
Ауыр металдардың фитотоксикалық қасиеті, оны бағалау.
-
Ауыр металдардың мутагенді, канцерогенді әсері.
-
Пестицидтердің жіктелуі, ыдырау периодтары.
-
Пестицидтердің әсеріне организмнің резистенттілігі, токсикалық әсері.
-
Тыңайтқыштардың жіктелуі, олардың токсикалық әсері.
-
Мұнай және мұнай өнімдерінің токсикалық эффектісі.
-
Дәрілік препараттардың тератогенді әсері.
-
Синтетикалық жуғыш заттар, олардың токсикалығы.
-
Тамақ қоспалары, концерванттардың токсикалық әсері.
-
Ауадағы, судағы, топырақтағы, тағам өнімдеріндегі токсикалық элементтердің ШРК.
-
ҚО – ның сапасы және ҚР халқының денсаулығы туралы.
Достарыңызбен бөлісу: |