Білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата12.06.2016
өлшемі468.29 Kb.
#129922
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



СемЕЙқаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.86/03-2014


ПОӘК

«Химиялық экология»

пәнінің

оқу-әдістемелік кешені


11.09.2014 ж.

№ 1 басылым

5В051200 «Химия» мамандығының ІІ-курс студенттеріне арналған «Химиялық экология» пәнінің

оқу - әдістемелік кешені

Семей 2014 ж

Мазмұны


  1. Пән бойынша глоссарий

  2. Дәрістің қысқаша көшірмесі

  3. Зертханалық жұмыстарды орындау туралы нұсқау

  4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстарға әдістемелік нұсқау

  5. ОЖОӨЖ орындау, тапсыру кестесі

  6. Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқау

  7. СӨЖ – ді орындау, тапсыру кестесі

  8. Әдебиеттер

  9. Бақылау, бағалау сұрақтары


Пән бойынша глоссарий
Алдрин – инсекцид

Адамсит – уланған зат (соғыс кезінде қолданылатын)

БРК (ОДК) – бағдарлы рұқсат етілген концентрация

РҚК (ДОК) – рұқсат етілген қалдық концентрация

БҚДӘЕУ (ОБУВ) – бағдарлы қауіпсіз деңгейде әсер ететін уыттылық

Диэлдрин – инсекцид

ЕЕҮММ (ДДТ) – Екі хлор екі фенил үш хлор метил метан

МРД (МДУ) – максимальды рұқсат етілген деңгейі

ПВХ – поливинилденген хлоридтер

ШРК (ПДК) – шекті рұқсат етілген концентрация

РСД (ДСД) – рұқсат сөткелік доза

(ӨД50) ЛД – организмнің 50% мөлшердегі дозадан өлуі

ПК50 (СК50) - 50% мөлшері организмге түскенде өлетін шекті концентрация

Пән бойынша дәрістердің қысқаша көшірмесі


1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген)

Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік .Жер бетінің тірі қабаты-биосфера.Тірі организмдер.

Басты сұрақтары:



  1. Химиялық экология пәнінің даму тарихы

  2. Химиялық экология бөлімдері,

  3. Жер бетінің тірі қабаты

  4. Тірі организмдер олардың ролі

.

Экология пәнінің дамуында Канаданың экологтары Бойлер, Парасевая, Расквит сияқты ғалымдардың үлесі ерекше. Экотоксикологиямен токсикология пәнін бірікіріп, экотоксикология деген түсініктерді енгізді.

1969 жылы Ренетрауд болды. 1978 жылы Батлер экотоксикология химиялық токсиканттардың токсикалық эффектісі, ол организмге әсер етіп, әлсіздікті тудырады деді. Алғашқы рет 1989 жылы Легип және басқа да ғалымдар экотоксикологияны экожүйеге әсер ететін, бақылайтын ғылым деп атады. 1994 Форбс экотоксикология экожүйеге,, популяцияға, қоғамға химиялық заттардың экологиялық және токсикалық эффектісін жинақтайтын ілім деп анықтама жазды. 1994 жылы Уолкер экотоксикология химияның, жалпы химиялық заттардың экожүйеге қауіптілігі деп атады.

Пәннің негізгі мақсаттары:



  1. Химияның табиғи экожүйеге әсерін зерттеу.

  2. Организмге және қоректенетін заттарға қаупін зерттеу.

  3. Өнеркәсіпте қолданылатын химикаттардың экосистемаға тигізетін қаупін бағалау жолдарын анықтау.

  4. Экожүйеге түскен химикаттардың қауіпті потенциалын бағалау үшін концепция құру.

Экотоксикант – тірі организмнің денелерінде жинақталатын тамақтану кезінде, тамақтану звеносының төменгі сатысынан жоғары берілген қоршаған ортаның қалыпты жағдайда тұрақты болатын токсикалық заттар.

Токсикалық – химиялық заттардың потенциалды қауіптілігі, оның зиян келтірі қабілеті.

Полютант – латын тілінен аударғанда «былғау, былғану» деген мағынаны білдіреді.

Ауаны ластайтын экополютанттар: газдар, күкірт, азот, көмір оксидтері, хлор көмірсутектері, фреондар, т.б.

Суды және топырақты ластайтын экополютанттар: металдар, хлорорганикалық пестицидтер.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттардың уыттылығы қоршаған ортаның экологиялық факторына байланысты. Қоршаған ортадағы токсиканттар бір заттан екінші затқа айналып, жаңа зат түзеді. Әр уақытта түзілген заттың токсикалық қасиеті бастапқы затқа қарағанда артық болады.

Топырақтағы, әсіресе, қышқыл ортадағы пестицидтердің көбі ондағы нитраттармен әректтесіп, екінші бір қосылыс түзеді. Ондай қосылыстарға:


  1. Диалкил тиокарбонаттар.

  2. Тиокарбонил дисульфиді.

  3. Фенилсірке қышқылының тұздары.

Қазіргі кезде көптеген пестицидтер мен гербицидтері канцерогенді заттар деп атайды. Қоршаған ортаға түскен токсиканттардың бұзылу, бүліну қабілеті өте аз жылдамдықта жүреді. Көпшілігінің жүру жылдамдығы блотаның микроорганизмдердің қоректенуі ретінде немесе қоршаған ортаға жауы – шашын қатысында жүру жыламдығын тездетеді.

Организмге түскен экотоксиканттар, организмдегі барлық ағзадағы заттармен алмасып, организмнің қалыпты жағдайда дамуна кедергі келтіреді. Биологиялық айналым тотығудың, гидролиздің, дигалогендеудің, циклдың құрылымды молекуласының ыдырауының, алкил радикалдарының бөліну процестерімен жүретін процесс.

Көпшілік қосылыстардың гидратацияға ұшырауы, минералдануы жүреді. Кейде заттардың биотрансформациясы кезінде аралық өнім болып токсикалық заттар болуы мүмкін. Ол заттың уыттылығы бастапқы заттан артық болуы мүмкін.

Мысалы, сынап токсиканттардың әсерінен сынаптың органикалық қосылысы мети сынап түзеді. Оның уыттылығы сынаптан қарағанда артық болады.

5-8 дәрістер(4 сағат)

Тақырыбы: Қоршаған ортаның химиялық ластануы, химиялық заттардың трансформациясы.Биосфераның химиялық ластануы.

Қазақстан территориясының химиялық ластануы.

Басты сұрақтары:



  1. Қоршаған ортадағы химиялық заттардың түсу жолдары

  2. Абиотикалық процестердің химиялық заттарға әсері

  3. Химиялық заттардың қоршаған ортадағы гидролиз процесі

  4. Қоршаған ортадағы химикаттардың тотығу – тотықсыздану процестері

9-12 дәрістер(4 сағат)

Тақырыбы: Диоксиндер,пестицидтер және ауыр металлдармен ластану.

Басты сұрақтары:


  1. Диоксиндердің қоршаған ортада тотығу процестері:

а) атомарлы оттегімен реакцияға түсуі

б) қозған оттегімен реакцияға түсуі

в) озонмен реакциясы

2. Тотығу өнімдерінің экотоксикалық қасиетіне сипаттама

Диоксиндерді түзетін факторлар :химиялық,электротехникалық,целлюлоза-қағаз өндірісі және түсті металлургия саналады. Диоксиндердің көп мөлшері атмосферға жанар майының, көмір өндірісінің тұрмыстық және өндірістік зауыттардың зиянды қалдықтары барысында түседі.

Қоршаған ортада диоксиндердің жинақталуы ірі өндірістік орындары жарылуы нәтижесінде, апатты жағдай барысында болуы мүмкін.

Диоксиндер- адам ағзасына: ластанған су немесе қоректену циклі арқылы асқазан сөліне, ас қорыту жүйесіне енеді. Адам ағзасында 50мг/кг мөлшері адам өміріне қауіпті.

Диоксиндер тірі организмде жинақталып, онкологилық, репродуктивті және эндокриндік «диоксиндік паталогия » ауруларға шалдықтырады

№ 13-16дәрістер(4сағат)

Тақырыбы: Атмосфераның химиялық экологиясы.Атмосферада жүретін химиялық процесстер.Фотохимиялық процесстер

Басты сұрақтары:


  1. Экотосиканттардың фотолиз процессі, өнімдерінің экотоксикалық қасиеттері

  2. Молекула ішіндік физикалық дезактивация құбылысы

  3. Молекулааралық физикалық дезактивация құбылысы

  4. Фотоизомерлену

  5. Фотодиссоциациялану

  6. Фотоминералдану

Фотохимиялық реакциялар - жарықтың әрекетімен болатын химиялық процестер. Табиғатта кеңінен тараған, фотосинтездің, озон қабатының түзілуі мен бұзылуының, фотохимиялық у түтін пайда болуының және ластағыш заттектердің басқа да бірқатар айналуларының негізі осы фотохимиялық реакциялар болып табылады

Фотохимия, фотохимиялық реакциялар — химия ғылымының жарық сәулелері әсерінен жүретін реакцияларды зерттейтін саласы. Фотохимиямен оптика және оптикалық сәуле шығару тығыз байланысты. Фотохимиялық реакциялардың жүруі затқа сіңірілген жарық сәулелерінің әсерінен ғана болатынын алғаш орыс ғалымы Х.Гротгус дәлелдеген (1818). Ол “Химиялық қоспада тек жұтылатын сәулелер ғана химиялық активті болады” деп тұжырымдалатын Фотохимияның бірінші заңын ашты. Фотохимия саласында жинақталған тәжірибелік материалдар мен оларды ғылыми жағынан түсіндіріп, бір жүйеге келтіру 20 ғ-дың 1-жартысында кванттық механика, атомдық немесе молекулалық спектроскопия дамығаннан кейін мүмкін бола бастады. Фотохимияның екінші заңы — кванттық эквиваленттілік заңын А.Эйнштейн ашты (1912). Бұл заң бойынша жұтылатын сәуленің әрбір кванты тек бір ғана молекуланы түрлендіруге қатысады. Фотохимиялық реакциялар кезінде химия жүйенің бос энергиясының азаюы немесе көбеюі мүмкін. Энергияның көбеюі сырттан сіңірілген жарық сәулелері энергиясының жүйе энергиясына қосылуынан болады. Фотохимиялық активтену процесінде жарық сәулелерін сіңірген молекула атомдарға немесе атомдар тобына ыдырайды, кейде молекула ыдырамай “қозған” молекула күйіне ауысады. Ыдыраудан пайда болған бөлшектердің немесе заттардың активтілігінің жоғары болуы ондағы бос валенттілікке байланысты. Фотохимиялық реакциялардың тиімділігі квант ) анықталады; Ол реакция өніміндегі молекулалар санының жұтылғаншығымымен ( квант санына қатынасына тең. Фотохимиялық реакциялар: фотодимерлену, фотоконденсаттану, фотоиондану, фотототықтыру, фотогидролиз, т.б. болып бөлінеді. Бұл реакциялардың практикалық маңызы зор. Мысалы, ауа қабатының жоғары бөлігінде оттек молекуласы қысқа толқынды ультракүлгін Күн радиациясын сіңіріп, “қозған” күйге айналады: О2О+hv2. Осы молекулалар қалыпты оттек молекулаларымен әрекеттесіп (О22О3+О), төменгі ауа қабатындағы организмдерді қорғайтын озон қабатын түзеді (қ. Озоносфера). Күн сәулесі энергиясын пайдаланатын өсімдіктердегі фотосинтез процесі және фотография процестер Фотохимиялық реакциялардың қатысуымен жүреді.

               Атмосфера    (грекше.  аtmoc -  бу  және шар   sphaira - шар )    - жердің  ауа  қабығы.Атмосфера    жанартаулардың   атқылауынан   газдардың   бөлінуі  нәтижесінде  пайда  болады.Атмосфера  жоғарғы  шегінде  бірден  бөлініп  айқындалатын   шекараға  ие  емес.  Оның массасының     99,5  %-ы  төменгі  80-км-лік  биіктікте   орналасқан.

  Атмосфера  жнартаулардың   атқылауынан   газдардың   бөлінуі   нәтижесінде  пайда болады.

 

Атмосфераның  қалыптасу  жағдайына   мұхиттармен    биосфераның   пайда  болуы  да ықпалын   тигізеді.   Атмосфераның    құрамында  бірнеше  газ бар.Атап  айтқанда  20-ға жуық   газ  бар.   Олардың  ішіндегі  ең  негізгілері   -  азот  пен  оттегі , сонымен  қатар  су  буы, көмір  қышқыл     газы  және  озон  сияқты   маңызды   қоспалар  да   бар.     Ауа  құрамындағы газдардың   әрқайсысына  тән   тығыздық   мөлшері  бар,  олар  әрбір шаршы  сантиметр  жерге теңіз  бетінен   бастап    атмосфераның  ең  жоғарғы  шегіне   дейінгі  ау а  бағанының  салмағына   тең   қысым түсіреді,    бұл  теңіз  суының   деңгейінде  орта  есеппен   1,033 кг/см2шамасында.Техникада  бұл  өлшем  қысымның  өлшемі  ретінде   қабылданған,  ол  осылайша  атмосфера деп  аталады.



 

 Атмосфера әртүрлі  газдар  мен  аэрозальды  заттардың  қоспасынан   тұратын  жердің  газды  қабығы.  Ол  әлем  кеңістігінде  жермен  бірге   оның  қозғалысына   қатысады.

  Сумен  салыстырғанда    ауа  қысылады.  Сондықтан   биіктеген   сайын   оның   тығызДығы  төмендейді   де   ешбір  айқын  шекарасыз    космос   кеңістігне  ауысады.  Атмосфераның   бүкіл   массасының   жартысы  төменгі  5-км  қабатта ,   ал  90%-ға  жуығы  16км-лік қабатта  шоғырланған.   Дегенмен,   оның  ізі  10000  км-ден  артық   биіктікте  де байқалады. Ал   типтес   космостық  станциялар  мен  ракеталардың  көмегі  арқылы  сиретілген  атмосфераның  20000  км  биіктікке  дейін  таралатыны  дәлелденген.  Өйткені  әртүрлі спутниктер  мен  ракеталар  атмосфера  қабатын  кесіп  өтіп  планетааралық  кеңістікке  жетеді. Биіктігі  20-30  км-ге  жететін  атмосфераның  төмені  Жер  бетінде  орналасқан  қабатының

қолданбалы  мақсат  үшін  маңызы  зор,  сондықтан  осықабат  ғылыми тұрғыда  жақсы  зертелген.  Дегенмен  соңғы  кезеңде  ондаған,  жүздегн   тіпті  мыңдаған  километрге  созылған атмосфера   қабатының  да   халық    шаруашылығы  үшін  маңызы  зор  екені   айқындалды.Радио   байланыстар  мен   космос    кеңістігін   бейбітшілік   мақсатта   паидалануда   геофзикалық    ракеталар   мен   спутниктер   қолданылып  отыр.  Атмосфераның    жоғарғы   қабаты  күннің    ультракүлгін   және   корпускулярлы   сәулесін    сіңіреді.     Осының   нәтижесінде    әртүрлі  фотохимиялық   процестер   іске  асады:нейтралды   газ   молекулалары  элекр   зарядталған  атомдарға  ыдырайды.   Бұл  қабатта полярлық  шұғыла   және  ауаның   үнемі  жарқырауы   байқалады,   яғни   түндегі  аспанның жарығы    осыған  байланысты    болады.     Әртүрлі  радиотолқындардың   таралу   жағдайымен   жылдамдығы  да   осы   қабаттағы    күрделі   микрофизикалық    процкстерге   байланысты.

         Атмосфера   прцестерінің  көзі  әлем  кеңістігінен,  соның  ішінде  күннен    Жер  бетіне жететін  күн  радиациясы  ( немесе   күннің  сәулелі   энергиясы)  Күннен   Жерндің  белгілі бір  ауданына  жылына  келіп  жететін  энергияның  (  жылудың   )    мөлшері    Жер  қойнауынан  келетін  энергиядан   30000,  ал  жұлдыздар   менбасқа  планеталардың   сәулеленуінен 30  млн.  есе  көп.   Сондықтан    Күннің   сәулелі   энергиясы   Жер  беті мен   атмосфера қабаты    үшін   аса  маңызды      энергия  көзі    болып   табылады.  Өйткені  күннің  сәулелі энегиясы  Жер   беті  мен  атмосфера   қабатында   жылуға  және  басқа  энегия   көздеріне айналады,  атмосфера  қозғалысының    орталығы    болып  табылады.   Күн  энергиясының атмосферада   өзгеруі  күрделі  процес:   күн  энергиясы   атмосфераға  қарағанда   жер  бетін жақсы   қыздырады,    осыдан  кейін  қызған  жер  беті  мен   атмосфера     арасында    жылу мен  су  ,   су  буы   айырбасы  іске  асады.

Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы

Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер — радиоактивтi заттардан бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адаморганизмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады. Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының дамуына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтiлiк көздерi пайда болды. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi

заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi. Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Атом жарылысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте

қауiптi.Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында қоректiк тiзбектер де бiршама роль атқарады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.

1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдардың өмiрiн қиды, оның зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын сақтау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда үлкен маңызы бар.

Атом энергиясын кең масштабта қолдану нəтижесiнде атом өндiрiсiнiң қалдықтары көбеюде. Ендi осы қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы да туындап отыр. Бұл проблеманы шешу жолдары түрлi елдерде түрлiше жүзеге асуда. Мысалы, АҚШ мен Англия атом өндiрiсiнiң қалдықтарын Атлантика

мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiне сақтайды, ал бiздiң елiмiзде жердiң терең қабатына көмiледi, бұл ең зиянсыз жəне тиiмдi жол болып саналады.

Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Лондонда s22 смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап — ақ белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангидридi, азот оксидтерi, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т.б.) мөлшерi ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналық санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның денсаулығына зиянды заттардың бiрлесiп əсер етуi аса қауiп туғызатындығы

белгiлi болды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда болатын түрлi шаңдар Күн сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi. Мысалы, Париж қаласының маңындағы өндiрiс орындары аз аймақтарда ультракүлгiн сəулелер 3 % болса, заводтар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда

0,3 % қана болған. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызатыны белгiлi. Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi. Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мышьяк, сурьманың əсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi. Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы болып саналатын күкiрттiң, фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер.Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтiредi.Дəндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал —арпа, көкөнiстерден — шпинат, капуста, салат, редис. Ауаның құрамында болатын күкiрттi газдың шектеулi нормасы 0,02 мг/м3, азот оксидтерi — 0,02 мг/м3 жəне аммиак —0,1 мг/м3. Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың

4%, АҚШ — 3%, Жапонияда 8% құрайды. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесi күрделi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштi

қажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға зиянды əсер ететiн заттардың түзiлуiн жəне бөлiнуiн азайтып, ластанудың алдын-алудың iс-шараларын жасауға мүмкiнiдк бередi.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:

1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу.

2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау.

3. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орналастыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу.


17-20 дәрістер(4 сағат)



Тақырыбы: Литосфераның химиялық экологиясы.

Литосфераның басты компоненті топырақ ортасының ластануы.

Басты сұрақтары:



  1. Литосфераға сипаттама, топырақ түрлері.

  2. Органикалық экотоксиканттардың топырақ ортасын тотықтыру реакциялары

  3. Органикалық экотоксиканттардың тотықсыздануы және гидролизі

  4. Тотығу – тотықсыздану және гидролиз процестері кезіндегі аралық реакциялар, өнімдер.

  5. Химикаттардың құрылымы және оның токсикалық қасиетіне қатынасы.

  6. Органикалық экотоксиканттардың организмге әсері


1. Органикалық экотоксиканттар.Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератогенді немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.Органикалық қосылыстардың ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматты көмірсулар қауіпті.

Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдар таралады.Олардың көпшілігі тұрақты ағзаларды жеңіл сіңіреді және ұлпаларда бифенил(ПХБ) қоспалары болады.

ДДТ,(пестицидтер),тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен еріткіштер.Бұл топқа өте улы зат диоксиндер де жатады.

ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін,аяқ-қолдың, сүйек зақымданғаннан көрінетін винилхлорид қауіпсіз деп есептеліп келуі.Оны аэрозоль баллондарында газ тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген.1970жылы ғана оның улы қасиеттері анықталады.

Белгілі ДДТ(дихлор дифенил трихлорметил этан)дихлорлы көмірсуларға жатады.1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15млн.тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған.

Кейіннен ДДТ май ұлпаларымен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. Диоксиндер қазіргі ең белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксинннің канцерогенді ,мутагенді, тератогенді әсері анықталады.Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.Диоксиннің көп бөлігі қоршаған ортаға дефомианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанайналым жүйесін зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және мутагенді әсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті түсімен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын. 30-100мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.

Формальдегид химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі.Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызу мүмкін.Оның адам организміне канцерогенді әсері туралы мәліметтер бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет