Негізгі бөлім
Қазақстанда тәжвирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мемлекеттік және шағын жинақты мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Мектептер ағымдағы 6 сәуірден бастап ҚОЖ бойынша балаларға білім беру үдерісін бастады. Бұл жүйеге толықтай көшер алдында елімізде байқау сабақтары жүргізіліп, білім ордаларының дайындығы алдын ала тексерілді. Тексеру нәтижесіне байланысты ғаламтор жүйелері, мессенджер арқылы ұстаздар оқушыларды оқыта бастады. Сонымен қатар теледидарда белгіленген кесте бойынша дәрістер көрсетіледі. Және «bilimland», «aіmektep», «daryn» секілді республикалық порталдар да онлайн, оффлайн өз қызметтерін ұсынып, ұстаздарға көмекке келді. Мынадай карантиндегі күрделі жағдайда мен өзімнің ғана емес, оқушыларымның да көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер ететін логикалық тапсырмалар мен жұмбақтарды whatcapp арқылы ортақ чатқа жіберіп отырамын. Бұл қашықтықтан оқыту жүйесінде telegram бағдарламасы мен whatcapp пайдаланамын. Ал ZOOM бағдарламасы балалармен онлайн сабақты жүзбе-жүз экран алдында кездесу арқылы жүзеге асырылатынын білемін. Дегенмен ата – аналарымның шешімі уатсап болғандықтан осылай болды.
Қашықтықтан оқыту қалай тиімді жүзеге асады:
Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. “Балапан” және “Ел Арна” телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды.
Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |