«білім қоғамын» және «білім экономикасын»



бет5/5
Дата19.12.2023
өлшемі22.59 Kb.
#487008
1   2   3   4   5
ИТ

Қорытынды
“Ел басына күн туса,ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын -қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын,тəуелсіздігін қорғайтын,білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге,яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді.6-шы сəуірден бастап барлық əріптестерім қашықтықтан оқыту форматы бойынша сабақ беруде. Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы ұстаздар қауымы барынша талмай еңбек етіп жатыр. Балаларға жан -жақты, қызықты білім беру үшін ғаламтор желісіндегі түрлі (Bilimland, Аіmektep, Daryn online, learning App, т.б.) платформаларынан ізденуде.
Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады.Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.
2020 жылдың 8 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында: «Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді.
Алғашында барлығымызға яғни ұстазға да, оқушыға да, ата-анаға да қиын болды. Бірақ ұстаздарымыз өз ісінің үлкен шеберлері екендігін дəлелдеді. Бала оқытудың оңай іс еместігін ата-аналар қауымыда мойындап жатты. Ұстаз мəртебесі қашанда биік тұратындығы дəлелденіп жатты.
Ұлт ұстазы , өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: ”Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса,мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса,”ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əдемі, мектепке керегі -білімді,педагогика,методикадан хабардар,оқыта білетін “мұғалім” депті. Арада бір ғасыр өтсе де , Алаш арысының бұл сөзі өз қадірін жоғалтқан жоқ. Отанымыздағы барша балаға қашықтықтан білім беріп, тəрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.
Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын. Мыңдаған жылдар көк туымыз көк аспанда желбірей берсін!
Әдебиеттер тізімі:
1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.
2. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).
3. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)
4. Журнал «Информатика негіздері»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет