Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі190 Kb.
#205103
1   2   3
2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімдейді.

20. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21. Куәлік өтініш берушінің жеке өзіне немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға беріледі.

 

 

3. Білім туралы құжаттарды нострификациялау тәртібi



 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



22. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:

Орталыққа:

1) білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда), білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты - алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

ХҚО:

1) Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе пасорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты - алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

Өтінішті ХҚКО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпараттық жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі мен паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚО қызметкерлерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.

Осы Ереженің 22-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚО қызметкері өтініш берген сәттен бастап бір күн ішінде Орталыққа жібереді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23. Орталықта өтініш осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініштерді тіркейтін арнайы журналда немесе ХҚО ЫАЖ базасына тіркеледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан уақыттан бастап төрт айды құрайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 24-1-тармақпен толықтырылды



24.1. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі мынадай жағдайда ұзартылады:

1) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 айға ұзартылады;

2) егер білім туралы құжат ҚР МЖБС сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 айға ұзартылады.

25. Білім туралы құжатты нострификациялау рәсіміне қорытындылау ресімінің және қабылданған шешімнің негізінде сараптама жүргізу енгізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

26. Сараптама екі бөлімнен тұрады:

1) негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардан басқа, білім туралы құжаттардың тұпнұсқалығын анықтау;

2) білім беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау жүргізілгеннен кейін шетелде алған білімнің мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының мемлекеттік талаптардың ең төменгі шегі және оқу орнын бітірушілердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау рәсімі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



27. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін анықтауды сараптау топтары жүзеге асырады. Білім деңгейлері бойынша саны 3-5 адамнан тұратын сараптау топтары уәкілетті органның бұйрығымен білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан құрылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 27-1-тармақпен толықтырылды



27.1. Нострификация рәсіміне жататын білім туралы құжаттар ҚР МЖБС сәйкестігіне сараптаудан өткеннен кейін білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша сараптау коммисиясының отырысында қаралады. Сараптау коммиссиясының шешімі негізінде, Орталық уәкілетті органға білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсыныс енгізеді. Білім деңгейлері бойынша сараптау комиссиялары уәкілетті органның бұйрығымен саны 11-13 адамнан тұратын білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан және саны 3 адамнан аспайтын Орталықтың қызметкерлері арасынан құрылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



28. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

1) оқу мерзімі;

2) оқытылған пәндер тізбесі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 28-1-тармақпен толықтырылды



28-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

1) оқу мерзімі;

2) оқытылған пәндер тізбесі мен көлемі;

3) практиканың бар болуы;

4) қорытынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы. Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



29. Өтілген бейінді пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35% - дан асқан кезде Орталық 1 ай ішінде өтініш білдірушіні тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді. Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш білдірушінің білім туралы құжаттары Орталықтың сараптау комиссиясының отырысында қаралады, керісінше жағдайда, құжаттар пакеті иесіне кері қайтарылады.

30. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

31. Өтініш беруші сараптау материалдарымен танысуға құқылы.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



32. Орталық уәкілетті органға:

1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;

2) шетелден алған білім мазмұны ҚР МЖБС сәйкестігі туралы оң сараптама қортындысы;

3) Қазақстандағы және білім туралы құжатты берген елдегі білім құрылымындағы жалпы талаптардың сәйкестігі;

4) прецендент негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



33. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы теріс қорытынды қабылданады, егер:

1) шет мемлекеттердің негізгі және жалпы орта білім берудегі жалпы нормативтік оқу ұзақтығы ҚР МЖБС стандартына қарағанда кем дегенде бір жылға аз.

2) білім туралы құжат берілген елде құжат иелеріне Қазақстандағыдан аз академиялық және/немесе кәсіптік құқық берілсе (мысалы, ондай білім туралы құжат иелерінің жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсіби іске араласуына құқылары жоқ);

34. Осы ереженің 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлікке білім туралы құжат иесінің кәсіптік және/немесе академиялық құқығы шектелгендігі туралы жазба енгізілуі мүмкін.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсынысты уәкілетті органға ұсынады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде осы ереженің 4-9 қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.

37. Куәлік өтініш берушінің жеке өз қолына немесе оның сенімхаты арқылы басқа тұлғаға беріледі.



 

 

4. Қорытынды ережелер



 

38. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтініштерді тіркеу журналы қатаң есептілік құжаттары болып табылады және 10 жыл мерзім бойы сақталып, содан соң белгіленген тәртіппен мемлекеттік мұрағатқа мерзімсіз сақтауға тапсырылады.

39. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәліктері осы ереженің 10-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес білім беру туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктер беретін арнайы журналға тіркеледі. Аталған журналдың парақтары белгіленген тәртіппен нөмірленуі және тігілуі керек.

40. Егер тұлға өзінің білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлігін жоғалтып алған жағдайда, куәлікті тану және нострификациялау туралы дубликаты (бұдан әрі - дубликат) беріледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



41. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда өтініш беруші Орталыққа немесе ХҚО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликатын беру туралы өтініш;

2) білім туралы құжат иесінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);

3) Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;

4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатының немесе паспортының көшірмесі және өкілеттікке уәкілдігін куәландыратын құжаты (алушының өкілі жүгінген кезде);

5) төлем туралы түбіртек.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



42. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликаты түпнұсқада көрсетілген, тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына «Дубликат» деген жазу жазылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 42-1-тармақпен толықтырылды



42-1. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау куәлігінің дубликатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айды құрайды.

43. Дубликат өтініш берушінің жеке өз қолына немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға беріледі.

44. Дубликат беру туралы мәліметтер осы ереженің 11-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәліктері тіркелетін арнайы журналға енгізіледі.

 

Білім туралы құжаттарды тану және



нострификациялау ережесіне

1-қосымша

 

үлгі

 

Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді

тіркеу журналы

 

Реттік

тіркеу



Өтінішті

тіркеу

күні

Өтініш

берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Білім

деңгейі

Оқыған

мемлекеті

Білім

туралы

құжаттың

нысаны

Құжаттың

сериясы

мен нөмірі

Кім

және

қашан

берген

Ескертпелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

Білім туралы құжаттарды тану және



нострификациялау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет