1. Мақсат қоюды үйреніңіз
2. Жаман әдеттерден арылыңыз
3. Оқы.
4. Әр демалыс күндерін тиімді пайдаланыңыз
5. Уақытты басқаруды меңгеру
6. Өміріңізге жаңалық әкеліңіз
7. Өзіңізге инвестиция жасаңыз
8. Қорықпа
9. Өзіңізді табысты адамдармен қоршаңыз
10. Өткендегі жағымсыз оқиғаларды қалдырыңыз
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналаған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу - адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
Достарыңызбен бөлісу: |