Соңы
|
«Жүректен жүрекке» Студенттер тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,
- еңбегің жемісті болсын!
- еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- , өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- , «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
- еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!
- отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол
- ата-анаңның еңбегін бағалай біл
- еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте
- еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын
- еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!
- бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.
Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
«Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
3. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.
|
Студенттер тілектерін айтады
|
презентация
|