ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!
– Әз-Наурыз халқымыздың ұғымында Жыл басы
«Самар-қанның көк тасы жібіген күн». 2009 жылы
ЮНЕСКО Наурызды Адамзаттың мәдени мұралар тізіміне
енгізіп, 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп
белгіледі. Біз әз-Наурызымызды асыға күтеміз. Ұлыстың
ұлы күні құтты болсын!
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен
түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен
жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі
қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз - адамдардың қыс
қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы
аққа жаритын Шаруа мерекесі; Наурыз - әрбір шаңыраққа
шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық
құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім
мерекесі; Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап,
адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында
бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; Наурыз – жыл
бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен,
ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін
Көңіл
мереке
сі.
Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.
Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,
Жаңа жылда қалайық бір есейіп.
Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!
01.04.2021 / /
СӘУІР / / №002
ABAI MEDIA
3
СТУДЕНТТЕР
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |