Біліміңді еңбек пен өмірдің Өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата21.05.2023
өлшемі1.28 Mb.
#474064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ! 
– Әз-Наурыз халқымыздың ұғымында Жыл басы 
«Самар-қанның көк тасы жібіген күн». 2009 жылы 
ЮНЕСКО Наурызды Адамзаттың мәдени мұралар тізіміне 
енгізіп, 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп 
белгіледі. Біз әз-Наурызымызды асыға күтеміз. Ұлыстың 
ұлы күні құтты болсын! 
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен 
түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен 
жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі 
қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз - адамдардың қыс 
қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы 
аққа жаритын Шаруа мерекесі; Наурыз - әрбір шаңыраққа 
шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық 
құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім 
мерекесі; Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап
адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында 
бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; Наурыз – жыл 
бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, 
ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін 
Көңіл 
мереке
сі. 
Наурыз менің елімнің берекесі, 
Жаңа жылы қазақтың мерекесі. 
Шаңырағы биіктеп күнге жақын, 
Ұлаңғайыр керілсін керегесі. 
Қымбат білген адамға сөз өнері, 
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері. 
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп, 
Гүлге толсын көгеріп көшелері. 
Шат күлкіге шомылып замандары, 
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары. 
Әрбір жанның арманы орындалып, 
Сәтті болсын биылғы қадамдары. 
Ел-жұртымның тілеуін тілесейік, 
Жаңа жылда қалайық бір есейіп. 
Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!! 


01.04.2021 / /
СӘУІР / / №002 
ABAI MEDIA
 
 
 3 
СТУДЕНТТЕР 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет