Жай және күрделі белоктар
Жай белоктар тек амин қышқылдарының қалдығынан тұрады.
Күрделі белоктар жай белоктан және белоксыз бөліктен тұрады. Белоксыз бөлігін простетикалық топ (грек тілінен алғанда prostheto – қосып алу) деп атайды.
Жай белоктар - Альбуминдер
- Глобулиндер
- Гистондар
- Протаминдер
- Склеропротеиндер (коллагендер, эластиндер, кератиндер)
Күрделі белоктар - Фосфопротеиндер
- Хромопротеиндер
- Гликопротеиндер
- Металлопротеиндер
- Липопротеиндер
- Нуклеопротеиндер
Хромопротеиндер (ХП)
ХП = жай белок + боялған зат (грекше chroma - бояу)
Маңызы:
- фотосинтезге,
- тыныс алуға (О2 мен СО2 тасымалдау),
- тотығу-тотықсыздану реакцияларына,
- жарық пен түсті ажыратуға қатысады.
ХП 3 топқа бөлінеді:
- Гемопротеиндер (тыныс алу белоктары және тыныс алу ферменттері)
2. Магнийпорфириндер (хлорофилл)
3.Пигменттер (жай белок пен меланоидты компоненттен тұрады, негізгісі - меланин)
Достарыңызбен бөлісу: |