Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Ақуыздарды фенолмен және формалинмен тұндыру



бет11/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Ақуыздарды фенолмен және формалинмен тұндыру
Екі сынауыққа 1 мл ақуыз ерітіндісін құяды, біріншісіне - фенолдың қаныққан сулы ерітіндісінің бірдей көлемін, екіншісіне — формалиннің тең көлемін қосады. Екі жағдайда да ақуыздың тұнбасы түседі. Фенолмен әсер еткенде, тұнба тезірек түзіледі.


Ақуыздарды спиртпен тұндыру
Сынауыққа 1 мл ақуыз ерітіндісін құяды да оған аздаған кристалды натрий хлоридін қосады. Біртіндеп оған 5-6 мл этил спиртін құяды. Ақуыз молекуласының спирт қосқанда дегидратациялануы нәтижесінде мақта тәріздес тұнба түседі.


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Қандай заттар ақуыздар деп аталады?
2.Ақуыздардың номенклатурасы мен классификациясы.
3.Ақуыздардың қасиеттері (химиялық, биологиялық, физикалық және физика-химиялық).
4.Ақуыз молекулаларының құрылысы (біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік).
5.Күрделі ақуыздар, олардың құрылысы мен ағзадағы қызметі.


Өздік жұмыс үшін тапсырмалар

  • Пептидтердің түзілуі. Ақуыз молекулаларындағы химиялық байланыстардың типтері. Ағзадағы ақуыздардың қызметі.

5 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ. РИБОНУКЛЕОПРОТЕИНДЕРДІҢ ГИДРОЛИЗ ӨНІМДЕРІН САПАЛЫҚ АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Рибонуклеопротеиндер гидролизінің өнімдері нәруызды, пуринді негіздерді, көмірсу-рибозаны, фософор қышқылын сапалық анықтау.
Жалпы мағлұматтар

Нуклеин қышқылдары - жоғарымолекулалы сызықты гетерополимерлер. Нуклеин қышқылдары деген аттың өзі (латынша nucleus – ядро) айтып тұрғандай, олар жасуша ядросының құрамбөлігі ретінде ашылған. Табиғатта нуклеин қышқылдарының екі түрі белгілі – ДНҚ мен РНҚ. Нуклеин қышқылдарын зерттеудегі Нобель сыйлығын алған маңызды жаңалық 1953 жылы Дж. Уотсон мен Ф. Криктің ДНҚ-ның кеңістіктік құрылымын анықтауы болды. Нуклеин қышқылдары бар екендерін сапалық реакциялармен анықтауға болатын пуриндік және пиримидиндік негіздерден, көмірсулар – пентозалар мен фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын полинуклеотидтер болып табылады. Табиғатта нуклеин қышқылдары үнемі ақуыздармен бірге нуклеопротеиндер түрінде кездеседі.


Нуклеопротеиндер – простетикалық тобы нуклеин қышқылдары – ДНҚ немесе РНҚ болатын күрделі ақуыздар. Дезоксирибонуклеопротеиндер (ДРНП) мен рибонуклеопротеиндерде (РНП) нуклеин қышқылдары мен ақуыздар бір-бірімен, негізінен, оңай диссоциалана алатын тұздық байланыстармен байланысқан, ол жеткілікті түрде ДРНП мен РНП бөліну үрдісінде, әсіресе тұздардың күшті ерітінділерімен әсер ету сәттерінде, жиі байқалады.
Нуклеопротеиндердің бөлінуін әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады: 1) дистилденген сумен бөліп алып, әрі қарай нуклеопротеинді сірке қышқылымен тұнбаға түсіру; 2) сілтінің әлсіз ерітіндісімен (0,2-0,4%) экстракциялап, әрі қарай сірке қышқылымен әсер ету; 3) нуклеопротеиндер соңынан ерітіндіні сұйылтқанда тұнбаға түсетін орташа концентрленген натрий хлоридінің ерітіндісімен экстракциялау; 4) әртүрлі нуклеопротеиндерді алдымен 0,15 М натрий хлоридінің ерітіндісімен, содан соң оның 1М ерітіндісімен және, ең соңынан, 0,27%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісімен бірізділік кезекпен бөліп алу; 5) сахароза немесе цезий хлоридінің тығыздықтарының градиентінде ультрацентрифугалау; 6) сефадекс немесе сефароза гельдері арқылы фильтрлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет