Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет14/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Тақырыбы: ФЕРМЕНТТЕР. Ферменттерге сапалық сынамалар


Жұмыстың мақсаты: Картоптың құрамындағы пероксидазаны, сілекей амилазасын сапалық реакциялармен анықтау.
Жалпы мағлұматтар
Адам ағзасында, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларында жүретін реакциялар ферменттермен реттеледі. Ферменттер субстраттарға аралық күйге өтуге және фермент-субстраттық кешен түзуге жәрдемдеседі. Бұл кезде ферментативтік катализдің активтену энергиясы төмендейді. Ферментативті катализ бірнеше сатыда өтеді, әрі субстратқа қатысты абсолютті немесе салыстырмалы ерекшелік көрсетеді, яғни ағзадағы әрбір реакцияны белгілі бір фермент жылдамдатады. Нәтижесінде әр жасушада 1000-нан аса фермент есептелген. Табиғи нысандарда ферменттердің бар екенін сапалық реакциялардың көмегімен анықтайды.


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


Ақжелкектегі (хренде) пероксидазаны (донор: Н2О2 —оксидоредуктаза; КФ 1.11.1.7) анықтау


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сынауықтар салынған зертханалық штатив; 1 мл-лік тамшуырлар; ақжелкектің сулы экстрактысы (ақжелкектің тамырын үккіштен өткізеді және 1 сағат бойы судың аздаған мөлшерінде тұнбалайды, содан соң сүзеді); 5%-дық спирттік сгваяк нымы; 0,5%-дық сутегінің асқын тотығы; бензидин; Нади реактиві.
Гваяк шайырымен сапалық сынама. 1 мл ақжелкектің сулы экстрактысына 2 тамшы жаңа дайындалған 5%-дық гваяк шайырының спирттік ерітіндісін қосады. Қоспаға 2 тамшы 0,5%-дық сутегінің асқын тотығын қосқанда, ашық көк бояу пайда болады, бұл түс препараттың қайнатылған сынамасын қосқанда түзілмейді.
Нади реактивімен сапалық сынама. 1 мл ақжелкектің сулы экстрактысына 2-3 тамшы жаңа дайындалған Нади реактивін және содан соң 1-2 тамшы 0,5%-дық сутегінің асқын тотығының ерітіндісін қосады. Сол сәтте индофенол көгінің түзілуі алғы шарты болғандықтан, қарқынды көк бояу пайда болады. Ақжелкектің қайнатылған экстрактысымен жүргізілген тәжірибе теріс нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет