Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Инсулиннің ақуыздық табиғатын куәландыратын реакциялар



бет34/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Инсулиннің ақуыздық табиғатын куәландыратын реакциялар
Инсулиннің ерітіндісімен оның ақуыздық табиғатын дәлелдейтін реакцияларды жүргізеді: биурет, Миллон реакциялары.
СТЕРОИДТЫҚ ГОРМОНДАР

Әйелдердің жыныстық гормондарында (фолликулин, эстрадиол және эстриол) фенол сақинасы болғандықтан, олар фенолға тән бірқатар реакцияларды көрсетеді.




Фолликулинге (эстронға) сапалық реакциялар
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; бөлгіш құйғы; сынауықтарымен штатив; 30%- дық натрий гидроксиді; 2%-дық спирттік м-динитробензол; күкірт қышқылы (конц.); Фолин реактиві (қосымшаны қара); диазореактив (қосымшаны қара); 10%-дық натрий карбонаты; фолликулиннің спирттік ерітіндісі (бөлгіш құйғынға 100 мл этанол және 10 ампуладан фолликулиннің майлы ерітіндісін құяды; фолликулинді спиртпен шайқап экстракциялайды және қабаттар айырылғанша қояды, астыңғы май қабатын алып тастайды, үстіңгі спирт қабатын жұмысқа пайдаланады).


Диазореакция
3 мл фолликулиннің спирттік ерітіндісіне 2 мл 10%дық натрий карбонатының ерітіндісін және натрий карбонатының 2-3 мл диазореактивті қосады. Біртіндеп ақшыл сары түс түзіледі.


Концентрленген күкірт қышқылымен реакция
Сынауыққа 1 мл фолликулиннің спирттік ерітіндісін құйып, оны қайнаған су моншасына спирт ұшып кеткенше 5-10 мин қояды. Қалған сынауықтағы фолликулинге 1 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады да, сынауықты қайтадан су моншасына 5-10 мин қояды. Сынауықтағы сұйық әрі қарай қыздырғанда жасыл флюоренценциясы бар қына сары түске ауысатын сабан-сары түске боялады.


Фолликулиннің фенолятының түзілуі
Екі құрғақ сынауыққа 0,5 мл фолликулин ерітіндісін құяды. Біріншісіне 1 мл су қосады да, фолликулин эмульсиясының түзілуін бақылайды. Екіншісіне сондай көлемде 30%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады, лайлану байқалмайды, өйткені сілтілік ортада ерігіш фолликулиннің феноляты түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет