САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУ ҮШІН АҚУЫЗДАРДЫҢ ЕРІТІНДІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ
Тауық жұмыртқасының сұйытылмаған ақуызы. Ақуызды сарысынан айырады. Бір жұмыртқадағы ақуыздың массасы орташа алғанда 33 г деп есептеп, шамамен 100 мл тауық жұмыртқасы ақуызының сұйытылмаған ерітіндісін алады. Бұл ерітіндіде 88% су , 1% көмірсулар және 0,5% минералды заттар бар, басқасы ақуызға келеді. Сонымен, алынған тауық жұмыртқасының сұйытылмаған ақуызы шамамен 10%-дық ақуыздың ерітіндісі болып табылады.
АҚУЫЗ МОЛЕКУЛАЛАРЫНДАҒЫ ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫ АНЫҚТАУ
(БИУРЕТ РЕАКЦИЯСЫ)
1 мл сұйытылған альбуминге екі есе көлем 30%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады, жақсылап араластырады да, 2-3 тамшы 1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Қайтадан мұқият араластырады. Қызыл -күлгін түс біртіндеп дамиды.
НИНГИДРИН РЕАКЦИЯСЫ
1 мл сұйытылған ақуыз ерітіндісіне раствора белка 3-4 тамшы 95%-дық ацетон ерітіндісіндегі 1%-дық нингидрин ерітіндісін құяды, Ерітіндіні араластырып, 70°С су моншасына бірнеше мин қояды. Көкшіл-күлгін түс біртіндеп дамиды.
КСАНТОПРОТЕИН РЕАКЦИЯСЫ
Бұл реакция арқылы кейбір циклды аминқышқылдарын ашады. ксантопротеин реакциясы бұл еркін формада немесе еритін ақуыздарды, пептидтерді немесе полипептидтерді құра алатын тирозин мен триптофан сияқты хош иісті аминқышқылдарының бар немесе жоқтығын анықтау үшін қолданылатын химиялық процедура
1 мл ақуыз ерітіндісіне 5-6 тамшы концентрленген азот қышқылын ақуыздың іруінен пайда болатын ақ тұнба немесе лайлану байқалғанша қосады. Қыздырғанда ерітінді мен тұнба ашық сары түске боялады. Бұл кезде тұнба түгелге жуық еріп кетеді.
Ксантопротеин реакциясы ақуыздарда ароматты амин қышқылдарының қалдықтары (фенилаланин, тирозин және триптофан) болғанда ғана жүреді. Мысалы, ароматты амин қышқылдары жоқ желатинмен, ксантопротеин сынағы байқалмайды. Ароматты амин қышқыл радикалдары бойынша нитрлену рекакциясының нәтижесінде сары түсті нитроқосылыстар түзіледі.
Мысал ретінде тирозин радикалы бойынша жүретін ксантопротеин реакциясының механизмін қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: |