Биология • адаптация және эволюция • эволюция теориясы



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата01.02.2022
өлшемі0.94 Mb.
#455021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
KKTwig Эволюция теориясы

• Ұсынылатын фильм

 

Табиғи сұрыпталу

Қосымша сұрақ

C1. Эволюцияны бақылау мүмкін бе?

Эволюция – көз алдымызда жүретін құбылыс емес. Ол ағзалар 

популяциясында бірнеше ұрпақтар бойы жалғасады. Кей жағдайда 

эволюция мыңдаған немесе миллиондаған жылға созылуы мүмкін. 

Сондықтан, классикалық түсінік бойынша, оны бақылау мүмкін 

емес. Басқа жағдайда, өте қысқа уақыт аралығында, әсіресе, өмір 

сүру кезеңі өте қысқа болатын бактериялар мен кейбір жәндіктерде 

жүретін эволюцияны бақылауға болады.



БИОЛОГИЯ • АДАПТАЦИЯ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯ • ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ

2

• Популяциядағы жаңа белгілер ненің әсерінен пайда болады?



Популяциядағы біз байқайтын өзгешеліктер немесе өзгерістер генетикалық және экологиялық факторлардың 

әсерінен болады. Мысалы, бір адамның қан тобы генетикалық фактормен анықталса, оның салмағы генетикалық 

және қоршаған орта факторларымен анықталады. Тек генетикалық факторлар ғана ағзалар көбейгенде, ұрпақтан-

ұрпаққа тарала алады. Жаңа генетикалық белгілер жаңа гендердің түзілуіне алып келетін ДНҚ мутациясының 

әсерінен пайда болады. Егер жаңа белгі пайдалы болса, оны анықтайтын геннің популяциядағы жиілігі табиғи 

сұрыпталу процесі нәтижесінде артуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет