• Ұсынылатын фильмдер
– Дарвиннің дилеммасы
– Шимпанзелер: Біздің жақын туысқанымыз ба?
Қосымша сұрақ
С4. Есек пен жылқы әртүрлі түрлердің өкілдері ме?
Есектер мен жылқылардың арасындағы тығыз байланысты, олардың бет-әлпеттері мен мінез-құлықтарының
ұқсас болып келуінен байқауға болады. Олар, тіпті, бір-бірімен жұптаса алады. Алайда, олардың мул деп
аталатын ұрпағы көбейе алмайды. Бұл уақыт өте келе есектер мен жылқылардың арасында геннің араласуы
болмайтынын көрсетеді. Сол себепті олар әртүрлі түрлерге жіктеледі.
Қосымша сұрақ
С5. Арыстан мен жолбарыс жақын туыс па?
Иә. Олардың ДНҚ-ларының көбісі бірдей болып
келеді. Сондай-ақ, олар 6 миллионнан астам
жыл бұрын ортақ тектен дамыған деп саналады.
Бір тектен тараған екі популяция географиялық
тұрғыдан бөлектеніп, содан кейін әрқайсысы
оқшауланып эволюцияға ұшырады,ал мұның
нәтижесінде жаңа түрлер қалыптасты.
Қосымша сұрақ
С6. Адамдар мен шимпанзелер бір-бірінен қаншалықты
ерекшеленеді?
Адамдар мен шимпанзелердің ДНҚ-лары 98%-ға бірдей.
Пайымдаулар бойынша, біз шамамен 5 миллион жыл бұрын бір
тектен дамығанбыз.
|