• Ұсынылатын фильм
– Табиғи сұрыпталу
• Эволюция дегеніміз не?
1-бөлім: Эволюция
Мойны ұзын ағзалардың биікте
орналасқан жапырақтарды оңай алуға
және тірі қалуға мүмкіндігі жоғары
болатындықтан, эволюция нәтижесінде
керіктердің мойны ұзын болды.
• Эволюция қалай жүзеге асады?
Сұрыпталудың әсерінен қара
күйекөбелек (сол жақта), ақ
күйекөбелектен (оң жақта) ластанған
тастарда жыртқыштардан қорғана
алатын қасиетімен ерекшеленеді.
Келісім бойынша, эволюция табиғи сұрыпталу процесі арқылы жүзеге
асады. Кез-келген популяциядан өзгешеліктерді байқауға болады.
Мысалы, кейбір ағзалар мықтырақ болса, кейбірі ауруға төтеп бере
алады, ал кейбірі өз серіктерін қызықтырушы қасиетке ие.
Белгілі бір жағдайларда бұл өзгешеліктер ағзаға тірі қалуы мен
көбеюіне үлкен мүмкіндіктер беретін артықшылығы болып табылады.
Өзгешеліктер генетикалық факторлармен анықталса, ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін болады. Нәтижесінде, уақыт өте келе, популяциядағы гендер
жиілігінің өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ол жағдайда біз популяция даму
үстінде деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |