Биология-химия кафедрасы



бет2/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#141491
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: Кіріспе.



Жоспары:

1.Топырақ биологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері

2.Топырақ биологиясының даму тарихы
Лекция мақсаты: Студенттерге топырақ биологиясы пәні туралы толық мәлімет беру
Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Топырақ биологиясының әдістемелік ерекшеліктері, топырақтардағы құбылыстарды ғана емес, топырақта жүретін үрдістердің механизмін, биохимиялық мәнін анықтайды. Топырақта тіршілік ететін ағзалардың әлемін, олардың тіршілік ету заңдарын, топырақтың тірі заттарымен және барлық оның басқа бөліктерімен (газ, сұйық, қатты) өзара әсерін түсіндіреді.

Пәнді оқытудың мақсаты.Топырақ биотының қазіргі замаңғы зерттеулерінің қорытындыларымен, топырақ ағзалары әлемінің заттардың метаболизм және айналымы үрдістерінің өзара әсерімен таныстыру.

Пәнді оқытудың міндеттері


Топырақтың  биоты әрекетінің жаратылыстық – ғылыми механизмдерін зерттеудің негізінде топырақтың тірі бөлігі туралы түсінік қалыптастыру.
- Топырақ биотын зерттеудің қазіргі кездегі әдістерін;
- Негізгі таксономиялық топтар, топырақта тіршілік ететін олардың өкілдері;
- Биологиялық заттар айналымындағы әр түрлі таксономиялық топтардың экологиялық маңызы;
- Микроб метаболизміне сипаттама;
- Көміртегі, оттегі, күкірт айналымы;
- Азоттың биологиялық фиксациясының ерекшеліктері;
- Калий, марганец, темір айналымы;
- Микроб популяциясының функциональдық заңдылықтары;
- Топырақта тіршілік ететін жануарлар және микроағзалардың өзара әсері;

Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланады. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйесі арқылы қоректік заттарды алып, бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесімен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық және минералдық зататрды жинап, едәуір энергия шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органоминералдық қосылыстар бүкіл жан – жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады.

2.Топырақ саласында микробиологиялық жұмыстармен көзге түскен ғалымдардың бірі С.Н.Виноградский (1856-1953) еді. Бастапқы кезде ол табиғатта кездесетін күкірт бактерияларының күкіртті сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатынын дәлелдеді. Осы реакция барысында бөлінетін энергия ауадағы көмірқышқыл газын күкірт бактерияларының сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл бактериялар органикалық қалдықтар жоқ жерде тіршілік ете береді. Бұл құбылысты С.Н. Виноградский хемосинтез деп атады. С.Н. Виноградскийдің ашқан елеулі жаңалықтарының біріне топырақта тіршілік етуші ерекше бактериялар тобы жатады. Оларды нитрификациялаушы бактериялар деп атайды.

Топырақта азот қышқылының түзілуі екі сатыда жүреді екен Оның біріншісі аммиактың алдымен азотты қышқылға, онан соң азот қышқылына дейін тотығуы. Бұлар да көміртегі көзі ретінде көмір қышқылын сіңіреді.С.Н. Виноградский микробиологияда арнаулы қоректік ортоны дайындаудың негізгі принциптерін жасап берді.

Клетчатканы ыдарутышы бактериаларды тауып егжей-тегжейлі зерттеген С.Н.Виноградский ілімін жалғастушылардың бірі В.Л.Омерянский (1867- 1928) еді. Ол сондай- ақ 1909 жылы болашақ микробиологтар даярлауда зор роль атқарған.
Баќылау с±раќтары:

1.Топырақ биологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері

2.Топырақ биологиясының даму тарихы

3.Топырақ биологиясын оқытудың мәні


Лекция №2
Тақырыбы: Топырақ биотасының экологиялық топтары.
Жоспары:

1.Тірі табиғат патшалығы жайлы қазіргі кездегі көзқарастары.

2.Топырақ биотасы және оның экологиялық топтары.

3.Продуценттер, консументтер, ыдыратқыш – редуценттер.


Лекция мақсаты: Студенттерге топырақ биотасының экологиялық топтары туралы толық мәлімет беру
Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Жерде тірі ағзалардың қанша түрі тіршілік етеді деген сұраққа мамандар 5-6 миллиондай дейді. Кейбір ғалымдар бұл санды 25-30 млн-ға жеткізеді. ХХ ғ. 40 мыңдай қарапайымдар, 2 миллиондай жануар, 0,5 миллионға жуық өсімдік және 100 мыңнан астам саңырауқұлақ түрлеріне сипаттама берілген.

Ғалымдар жыл сайын 2 мың бунақденелілердің жаңа түрлерін ашады; сол сияқты балықтардың, құрттардың, саңырауқұлақтардың тізімдері де жаңа түрлермен толығып жатады. Микроағзалар өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлексесін шірітіп, топырақты қарашірікпен байытады.

2.Экологиялық іс-әрекеті және таксономиялық бөлінуіне байланысты әртүрлі болып келетін организмдер жиынтығын топырақ биотасы деп атайды. Биота - топырақтың міндетті түрдегі компоненті. Оның негізгі бөлігін микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқүлақтар, актиномицеттер, балдырлар, қыналар) құрайды. Олардың 1г топырақтағы саны миллиондардан миллиардтарға жетеді. Микроорганизмдер қара топырақ пен сұр топырақта көп болады. Микроорганизмдердің массасы 3-тен 7-8 т/га немесе құрғақ зат түрінде 1-2 т/га шамасында болып келеді. Олардың өзін-өзі жиі қайталап отыруын (генерациясын) ұмытпауымыз керек.

Топырақтағы жәндіктер тобы бір клеткалылардан, омыртқасыздардан, бунакденелілерден және омыртқалылардан тұрады.

Топырақ биотасы әртүрлі топырақтарда және кезендерде өзгеріп отырады. Дегенмен оны құрайтын организмдердің негізгі құрамы мен іс-әрекет ерекшеліктері нақтылы топырақ түзілу түріне байланысты болып келеді.

Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Суда еритін, сөйтіп өсімдіктерге қорек болатын минералдық заттар физикалық және химиялық айналымға түседі. Ал осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстаған уақыттан бастап тірі организмдерге қоректі заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жылдан жылға көбейе береді. Сонымен қоректік заттарға кедей тау жынысы, тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік минералдық және органикалық азотты заттарға байды, яғни құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда болады.

3.Экологиялық терминдер тірі ағзаларды атауда кең қолданылады.

Продуценттер - автотрофты қоректенетін өсімдіктер

Консументтер – гетеротрофты қоректенетін жануарлар. Консументтер 1-ші дәрежелі және 2-ші дәрежелі болып бөлінеді.

1-ші дәрежелі консументтерге шөпқоректі жануарлар жатады.

2-ші дәрежелі консументтерге етқоректі жануарлар жатады.

Редуценттер деп продуценттер мен консументтердің қалдықтарымен қоректенетін топырақ микроорганизмдері жатады.
Баќылау с±раќтары:

1.Тірі табиғат патшалығы жайлы қазіргі кездегі көзқарастары.

2.Топырақ биотасы және оның экологиялық топтары.

3.Продуценттер, консументтер, ыдыратқыш – редуценттер.



Лекция №3
Тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктер топырақтағы органикалық заттардың көзі.
Жоспары:

1.Өсімдік тамырларының топырақ қасиеттеріне әсері

2.Топырақ профиліне микроорганизмдердің бөлінуі.

3.Тамырдан бөлінетін заттар.


Лекция мақсаты: Студенттерге жоғары сатыдағы өсімдіктер топырақтағы органикалық заттардың көз екендігін түсіндіру.
Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Тамыр жүйесі өсімдікті топыраққа бекітіп, су мен минералдық элементтерді сіңіріп, бірінші болып оларды зат алмасуға енгізетін, өсімдік ұлпалары мен органдарына тасымалдап, тарататын мүше болып есептеледі. Сонымен қатар, тамырда көптеген биосинтездік процестер жүзеге асады.

Тамыр жүйесінің топырақта тереңдеп, жайылып өсу деңгейі өсімдіктердің қоректік заттарды игерудегі ерекшеліктерін анықтайды. Барлық өсімдіктерде қоректік заттардың негізгі бөлігін тамырдың жас, өсіп тұратын бөліктері сіңіреді,

Тамырдың жалпы сіңіргіштік ауданының ұлғаюы тамыр түкшелеріне тығыз байланысты, кейде тамырдың түкшелер аймағы заттардың сіңіруіндегі негізгі белсенді бөлігі деп қаралады. Тамырдың жалпы, соның ішінді белсенді, сіңіргіш ауданының ең жоғарылап ұлғаюы өсімдіктің гүлдену кезеңіне тура келеді.

2.Тамыр түтікшелерінің пайда болуы мен даму деңгейі өсімдіктердің тіршілік орталығына тығыз байланысты. Мысалы, өсімдікті суда және ылғалы мол құмда, топырақта қолдан (ыдыстарда) өсіргенде тамыр түкшелері пайда болмайды немесе өте мардымсыз болады.

Тамыр жүйесінің әрекеті өсімдіктің жер үстілік мүшелеріне тығыз байланысты. Тамырда біраз физиологиялық ырықты заттар, амин қышқылдары және белоктарда синтезделеді. Тамырға сіңген қоректік заттардың барлығы жоғарғы мүшелерге түгелінен тасымалданбайды, біразы тамырдағы зат алмасу реакциясына қатысып күрделі өзгерістерге түседі.

3.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады.

Архегонийдің түп жағынанда жұмыртқа клеткасы жітіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редууцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы және пестикті болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің, қор жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3п) есебінен жетіледі.
Баќылау с±раќтары:

1.Өсімдік тамырларының топырақ қасиеттеріне әсері

2.Топырақ профиліне микроорганизмдердің бөлінуі.

3.Тамырдан бөлінетін заттар.


Лекция №4
Тақырыбы: Топырақ балдырлары.
Жоспары:

1.Топырақ балдырларына жалпы сипаттама, олардың таралуы, саны, биомассаның топырақтағы ролі.

2. Балдырлардың негізгі таксономиялық топтары.

3.Топырақтағы өкілдері.


Лекция мақсаты: Студенттерге топырақ балдырлары туралы толық мәлімет беру
Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Балдырлар органикалық зат түзу қабілеті бар организмдер. Күріш алқабында олар аэрацияны күшейтеді, өйткені судағы С02 сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Олардың кейбіреулерінің (көк - жасыл балдыр) атмосфераның бос молекулалық азотын сіңіру қабілеті де бар.

Балдырлар бірнеше түрлерге бөлінеді:

1.Көк-жасыл балдырлар.

2.Жасыл балдырлар.

3.Диатомды балдырлар

4.Сары балдырлар

5.Қоңыр балдырлар

6.Қызыл балдырлар

7.Эвгленалы балдырлар

2.Балдырлардың бірнешеуі топырақ түзілуге қатысады. Көк – жасыл балдырлар колониялы, көп клеткалы сиректеу бір клеткалы алуан түрлі болып келетін организмдер. Олардың түсі клеткадағы әртүрлі пигменттерге байланысты. Олар фикоциан, хлорофилл, қызыл түсті фикоэритриндерге байланысты. Көк – жасыл балдырлардың клеткаларының қалыптасқан ядросы, хромотофорасы, вакуольдер болмайды. Клетка қабықшалары пектинді заттардан тұрады. Клетка құрылысы қарапайым болып, оларды дробянкаларға жақындастырады. Көк – жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалылары ұсақ бөліктерге бөлінуімен көп клеткалылары үзіліп кетуі арқылы жүзеге асады. Жіпшенің вегетативтік көбеюге қажетті участогі гармогония деп аталады. Арнайы көбею органы болмайды. Жыныстық көбеюі жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан спора түзіледі.

Қоректенуі. Автотрофты жолмен жүреді. Олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты қоректенуге қабілетті болады. Яғни фотосинтезбен бірге органикалық заттарды өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопептин, валютин, немесе оларға тән цианофицин түзеді.

Жасыл балдырлар табиғатта кең таралған; теңіз, көл суларында, суландырушы каналдарда, топырақта көптеп кездеседі. Маңызы; фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп, судан өз бойына көмірқышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен жануарлар тыныс алады. Жасыл балдырлардың бір клеткалы және жіп тәрізді түрлері балықтардың және басқа су жануарларының қорегі болып табылады.
Баќылау с±раќтары:

1.Топырақ балдырларына жалпы сипаттама, олардың таралуы, саны, биомассаның топырақтағы ролі.

2. Балдырлардың негізгі таксономиялық топтары.

3.Топырақтағы өкілдері.


Лекция №5
Тақырыбы: Қарапайымдар.
Жоспары:

1.Топырақтағы қарапайымдардың негізгі формалары.

2.Негізгі топтарына сипаттама: тамыраяқтылар, мұртшалылар, кірпікшелі инфузория. 3.Таралуы, саны, топырақтағы ролі.
Лекция мақсаты: Студенттерге қарапайымдылар туралы толық мәлімет беру
Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Қарапайымдар – бір клеткалы организмдер. Олардың шамасы, пішіні әр қилы, өзіндік даму циклдары болады. Қазіргі кезде қарапайымдалардың 15000 түр белгілі. Олардың басым көпшілігі паразиттік тіршілік етеді, адам мен жануарларға зиянды, жұқпалы аурулары қоздырады.

Олардың пішіні әр түрлі. Біреулері шар тәрізді, басқалары – ұзынша, сопақша келеді. Ал кейбіреулерінің пішіні тұрақты болмайды. Қарапайымдылардың мөлшері 2-4 мкм-ден 3см-ге дейін барады.

Цитоплазмалары сыртқы – эктоплазма және ішкі – эндоплазма деп бөлінеді. Эндоплазмада көпдеген қуыстар – вакуолялар және басқа да заттар (крахмал, гликоген, майлар, белок түйірлері, волютин) кездеседі. Цитоплазмада митохондрий өне бойы болады. Ядросының құрылысы жағынан көп клеткалы организмдердің ядросына тым ұқсас болады. Жалпы оларда ядро саны біреу. Ядроның өзі шар тәрізді, сопақша, жалпақ лента тәрізді болып келеді. Қарапайымдылардың қабығы қатты кутикула, яғни мүйізденген заттан тұрады. Ол әрі тірек әрі қорғаныс міндетін атқарады.

2.Барлық қарапайымдыларда кірпікше, жірше және жалған аяқшалар болады. Олардың көмегімен қарапайымдылар біршама жақсы қозғалады.

Қалапайымдылар жай бөліну арқылы көбейеді. Сонымен олар жыныстық жолмен көбейуі де байқалады. Қолайсыз жағдай туғанда қарапайымдылар бактериялардың спорлары сияқты циста деп аталатын дене түзеді. Циста қоректенбейді, қимылдамай тыныштық күйде жатады. Ол көбінесе топырақта, суда жиі кездеседі.

Топырақтағы қарапайымдылар саны түрліше. Мәселен, шымды-күлгін топырақта олар кездеспейді, ал егер мұндай топырақ жақсы өңделсе, олардың тек саны ғана емес түрлері де көбейеді.

Қарапайымдылар аэробты организмдер. Сондықтан олар топырақтың беткі қабатында тіршілік етеді. Олар топырақ реакциясына сезімтал. Бейтарап реакциялы топырақта олар жақсы өніп - өссе, рН 3,5-тен төмендегенде немесе 9,8-ден жоғарылағанда олардың тіршілігі баяулап, ақыр аяғында өліп қалады. Қарапайымдылардың кейбір топтары төменгі температурада тіршілік етуге бейімделген. Олардың фитомастинга деген түрі қыста, қар бетінде де тіршілік ете алады.

3.Қарапайымдылардың біразы автотровты организмдер, яғни олар көмір қышқыл газын және минерал тұздарды тікелей сіңіре алады. Сонымен қатар олардың белокты көмірсуды, майды және клетчатканы ыдырататын қабілеттері де бар. Олатдың кейбір топтары күйіс қайтаратын жануарлардың қарнында тіршілік етеді. Ондағы клетчатканы ыдыратып, мал организмне оңай сіңетін өнімге айналады.

Қарапайымдылардың пайдалы жақтарының бірі – олар топыраққа түскен түрлі ауру қоздырғыш микробтарды құртып, топырақтың тазаруына зор көмегін тигізеді. Олар 1 сағат ішінде 30 мыңға жуық бактеряларды жұтып қоятыны анықталды. Зерттеулерге қарағанда қарапайымдылардың топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды ыдыратып, өсімдіктерге қоректік заттарды дайындайтыны мәлім болып отыр.


Баќылау с±раќтары:

1.Топырақтағы қарапайымдардың негізгі формалары.

2.Негізгі топтарына сипаттама: тамыраяқтылар, мұртшалылар, кірпікшелі инфузория. 3.Таралуы, саны, топырақтағы ролі.

Лекция №6
Тақырыбы: Топырақ жәндіктері
Жоспары:

1.Топырақ жәндіктеріне жалпы сипаттама, оларды экологиялық, трофикалық және көлемді топтарға бөлу.

2. Олардың топырақ түзілу процесіндегі активтілігі, топырақ жәндіктерінің негізгі топтарына сипаттама.

3. Жұмыр және сақиналы құрттарға, жауын құртының топырақ түзілуіндегі ролі.


Лекция мақсаты: Студенттерге топырақ жәндіктері туралы толық мәлімет беру

Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Топырақтағы жәндіктер тобы бір клеткалылардан, омыртқасыздардан, бунакденелілерден және омыртқалылардан тұрады.

Топырақ биотасы әртүрлі топырақтарда және кезендерде өзгеріп отырады. Дегенмен оны құрайтын организмдердің негізгі құрамы мен іс-әрекет ерекшеліктері нақтылы топырақ түзілу түріне байланысты болып келеді.

Топырақ жәндіктеріне қарапайымдылар (талшықтылар, тамыраяқтылар және инфузориялар), омыртқасыздар (жауынқұрт, кенелер т.б.), насекомдар (қоңыздар, құмырсқалар, т.б.) және омыртқалылар (тышқандар, т.б.) жатады. Олар топырақта өсімдік қалдықтарын өзгерту процестерінің барысында үлкен роль атқарады. Омыртқасыздардың ішінде айрықша жауынқұртының атқаратын іс-әрекетін айтуға болады. Олардың 1 гектар жердегі саны жүздеген мыңнан бірнеше миллионға жетеді, көпшілігі топырақтың өнделетін қарашіріндісі көп беткі қабатында болады да, терендеген сайын саны азая береді. Жауын құрты топырақта көптеген қуыстар жасап, оның физикалық қасиеттерін жақсартады: қуыстылығы, аэрациясы, су сиымдылығы мен өткізгіштігі артады. Жауын құртының капролиттерімен байыған топырақтың қарашірінді мөлшері, алмасу негіздерінің қосындысы көбейеді, қышқылдылығы төмендейді. Мұндай топырақтың құрылымының суға төзімділігі жоғары болады.

2.Топырақ организмдері ойдағыдай өсіп-дамуы үшін алдымен қуат көзі және қоректік заттар керек. Олардың басым көпшілігіне мұндай қуат көзі болып топырақтың органикалық заттары қызмет етеді. Сондықтан топырақ микрофлорасының белсенділігі ондағы бар органикалық заттар мен оның қосымша түсетін мөлшеріне тығыз байланысты екені даусыз.

Топырақ биотасының іс-әрекетін бағалау үшін оның биологиялық белсенділігі деген үғымды пайдаланады. Бір жағынан, бұл ұғым топырақ биотасын құрайтын организмдердің

түрлеріне байланысты болса, екінші жағынан, олардың іс-әрекетінің сандық мөлшерімен есептеледі. Бұл көрсеткішті анықтайтын ең кең тараған тәсіл топырақ организмдерінің көміртегінің диоксидін бөліп шығару мөлшері болады.

Сонымен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың бір көзі — топырақтың биологиялық белсенділігін арттыру.

3.Буылтық құрттардың өте көп түрлері тұщы суларда да тіршілік етеді. Шұбалшаңдар мен тұщы суларда тіршілік ететін буылтық құрттардың дене қуыстарында көзге көрінбейтін сирек және қысқа қылтандары болады. Сондықтан оларды сирекқылтанды буылтық құрттар класына жатқызады.

Буылтық құрттар өкілдері топырақты қопсытып,оған су мен ауа өтуін қамтамасыз етеді. Өсімдік тамырлары құрттар қазған індер арқылы жақсы өседі. Бұдан басқа, құрттар топырақты ішегінен өткізіп, оны қара шірікке айналдырады.

Буылтық құрттар өкілі шұбалшаңдар бір гектар жерді бір жыл ішінде 250 – 600 тонна топырақты қайта өңдеп беретіні анықталған.

Шұбалшаңдар өте пайдалы және сирек жәндіктер ретінде қорғауға алынады. Халықаралық қызыл кітапқа шұбалшаңдардың 11 түрі енгізілген.

Тұщы су қоймаларында тіршілік ететін сирекқылтанды қызыл құрттар суды әртүрлі ластанудан тазартып, санитарлық қызмет атқарады. Олар су жәндіктері, соның ішінде балықтар үшін негізгі қорек болып есептеледі.

Теңіздердің түбінде тіршілік ететін буылттық құрт – нериданың денесі көп мөлшерде ұзын қылтандар мен қапталған. Қылтандар денесінің екі бүйірінде әрбір дене буылтығының бұлшықетті өсінділердешоқ –шоқ болып орналасқан. Шұбалшаңдар бұл өсінділерінің көмегімен жүзеді немесе су төбінде өрмелеп жүреді. Теңіз буылттық құрттары балықтарға қөрек болады.


Баќылау с±раќтары:

1.Топырақ жәндіктеріне жалпы сипаттама, оларды экологиялық, трофикалық және көлемді топтарға бөлу.

2. Олардың топырақ түзілу процесіндегі активтілігі, топырақ жәндіктерінің негізгі топтарына сипаттама.

3. Жұмыр және сақиналы құрттарға, жауын құртының топырақ түзілуіндегі ролі.



Лекция №7
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар систематикасы
Жоспары:

1.Саңырауқұлақтар систематикасына сипаттама: миксомицеттер, зигомицеттер, аксомицеттер, базидиомицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар.

2.Топырақ ашытқылары, олардың топырақ құрамындағы процестерге әсері.
Лекция мақсаты: Студенттерге саңырауқұлақтар систематикасы туралы толық мәлімет беру
Лекция мәтіні (ќысќаша):

1.Саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.

Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозалан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ-тардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа – плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.

Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.

Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңрауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза.

Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.

Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.

Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.

Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді : гаметангиогамия сырт құрылыстары әр түрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы : самотогамия вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы : сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама – қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикариондардың ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді.

Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады : гаплоидты, дикарионды және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар : 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғанннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі базидиооспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді. Сонымен қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы артық қор заттары ретінде гликагеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды суыру арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады өсмдіктер мен жануарлардың саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплойдты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.

2. Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

Саңырауқұлақтар — топырақта көп кездесетін (1 г топырақта 1 млн. дейін), әсіресе өлі өсімдік қалдықтары мол болғанда, хлорофилсіз, гетеротрофты, жіп тәрізді қылдай организмдер. Олар аэробтық жағдайда жақсы дамып, органикалық заттарды минералдау жэне гумификациялау процестеріне пәрменді түрде қатысады. Саңырауқұлақтардың көп түрлері жасыл өсімдіктермен өзара пайдалы селбесіп тіршілік ете алады. Олардың жіпшумағының өсімдік тамырларымен бірлесіп өсуін микориза, ал бұндай қоректену түрін микотрофты деп атайды. Микоризаны қарағай, шырша, емен, жүгері, сүлы, қатты би­дай және басқа өсімдіктер тамырында байқауға болады.

Актиномицеттер клетчатканы, лигнинді, қарашірік заттарын ыдыратын аэробты және гетеротрофты организм­дер, қарашірінді құрылу процесіне де қатысады.

Актиномицеттер бейтарап және аздаған сілтілі (карбонатты), органикалық заттарға бай, жақсы өңделген топырақтарда 32—37° температурада өте жақсы өсіп-өрбиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет