Биология кафедрасы


) Кептіру – стерильдеу шкафы (Пастер пеші)



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата04.04.2024
өлшемі166.66 Kb.
#497655
1   2   3   4   5
CPAKNTRIQFWR04042024035810

3) Кептіру – стерильдеу шкафы (Пастер пеші). Зертханалық ыдыстар мен басқа да 
материалдарды ауамен стерильдеуге арналған.
4) Булы стерилизатор (автоклав). Қысым қатысында, бумен стерильдеуге арналған. 
Микробиологиялық лабораторияларда əртүрлі үлгідегі автоклавтар (вертикальды, 
горизонтальды, стационарлы, тасымалдаушы) қолданылады. Автоклав – тамақ 
өнеркəсібінде жəне басқа салаларда көптеген физикалық-химиялық процестерді 
атмосфералық қысымнан жоғары қысымда жəне қыздырып өткізуге, сондай-ақ дəрігерлік 
аспаптар мен байлап-таңу материалдарын залалсыздандыруға арналған тұмшаланған 
аппарат. Автоклавтағы стерилизация 100 кПа қысымда отыз минуттай жүргізіледі; кейбір 
жағдайларда ыдысты, құрамында көмірсуы жəне ақуызы бар қоректік орталарды 
стерильдеу 1-1,5 cағатқа созылады. Құрамында 10% қант жəне желатин бар қоректік 
орталарды 50 кПа қысыммен 20 минут стерильдейді.
5) pH-метр – бұл ерітінділердегі, ауыз судағы, тағам өнімдері мен шикізаттағы, сонымен 
бірге агрессиялық орталардағы сутек иондарының концентрациясын сипаттайтын рН 
көрсеткіштерін өлшеуге арналған құрылғы.
6) Ламинарлы бокс – залалсыздандыру жағдайда жұмыс істеуге арналған құрылғы. Бұл 
қондырғыда жасуша культураларының асептикалық жұмыстары жүргізіледі. Ол ауа 
ағынын залалсыздандыратын сүзгілік (фильтрлық) жүйемен жабдықталған, сонымен бірге 
бокстың ішкі жағын жəне жұмыс істейтін орынның залалсыз болуын УФ-лампаның 
көмегімен 
қамтамасыз 
етеді. 
Бокста 
көбінесе 
металды 
құрал-жабдықтарды 
залалсыздандыру үшін газды жалын (немесе спиртовка) болады. Жұмыс істеу алдында 
ламинар 
– 
бокстың 
жұмыс 
істелетін 
орны, 
70% 
этанол 
ерітіндісімен 
залалсыздандырылады. Содан кейін 15-20 мин УФ лампаны жағып қояды.
7) Центрифуга. Центрифуганы микроорганизмдерді, эритроциттерді жəне басқа 
клеткаларды тұнбаға түсіру үшін, əртекті сұйықтықтарды (эмульсиялар, суспензиялар) 
бөлу үшін қолданады.
8) Микроскоп – микроорганизмдердің морфологиялық көрінісінің ерекшеліктерін, 
қасиеттерін (əртүрлі бояғыштармен боялу қабілеттілігін), қозғалғыштығын, арнайы 
құрылымдық элементтерін (спора, капсула) бар-жоғын анықтау үшін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет