Биология кафедрасы


биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады?



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата04.04.2024
өлшемі166.66 Kb.
#497655
1   2   3   4   5
CPAKNTRIQFWR04042024035810

биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады? 



1. Өнімді көрсете алатын, жасушалық массаны өсіру. Технологияның мұндай класына 
вакциналарды жəне нан ашытқыларын алу жатады. 
2. Бағалы биохимиялық өнімдер биосинтезі - олардың кейбіреуі ортаға бөлініп шығады 
(жасушадан тыс өнімдер), кейбіреуі биомассада жинақталады (жасуша ішіндегі 
өнімдер). 
3. Биотрансформация 

нəтижесінде 
микроағзалардың 
немесе 
ферменттердің 
биологиялық іс-əрекеті əсерінен бастапқы химиялық заттың химиялық құрамы 
өзгеріске ұшырайтын процесс, бірақ биосинтезден айырмашылығы заттың химиялық 
құрылысында салыстырмалы аз өзгеріс болады. Мысалы, глюкоизомераза ферментінің 
əсерінен глюкозаның фруктозаға айналуы. 
4. Микроағзалардың сұйық ортадан қажетсіз қоспалар болып табылатын əртүрлі 
заттарды тұтынуы. Мұнда микроағзалар биомассасы ағынды суларды тазартушы 
ретінде қолданылады жəне жарамсыз болып қалады. 
5. Микроағзалардың көмегімен сілтісіздендіру – қатты денелерде кездесетін кейбір 
заттарды сұйық күйге ауыстыру. Мысалы, кен құрамындағы бағалы металдарды - мыс, 
қалайы, уранды микроағзалардың көмегімен сілтісіздендіру. 
Биотехнологиялық 
процестердің 
артықшылығы. 
Химиялық 
технологиямен 
салыстырғанда биотехнологияның мынадай негізгі артықшылықтары бар: 
1. Химиялық синтездеу жолымен алуға келмейтін бірқатар спецификалық жəне ерекше 
табиғи заттарды (ДНҚ, ақуыздар) алу мүмкіншілігі. 
2. Биотехнологиялық процестердің салыстырмалы түрде төменгі температура мен 
қысымда жүргізілуі. 
3. Басқа ағзалармен салыстырғанда микроағзалардың өсу қарқыны жəне жасушалық 
массаның жинақталуы едəуір жоғары жылдамдықта жүреді. 
4. Биотехнология процестерінде шикізат ретінде ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің 
арзан қалдықтарын пайдалануға болады. 
5. Биотехнологиялық процестер химиялық процестермен салыстырғанда экологиялық 
жағынан таза, зиянды қалдықтар аз, табиғатта жүретін табиғи процестерге жақын. 
6. Əдетте, биотехнология өндірісіндегі технология мен қондырғылар арзан əрі қарапайым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет