«биология» кафедрасы


В.И.Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады



бет2/6
Дата11.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#127550
1   2   3   4   5   6

В.И.Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады.


Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды.

Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы. (көбіне күнмен).


2. Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды.

Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?



  1. Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.

  2. Судың жеткілікті болуы.

  3. Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.

  4. Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.

  5. Су ортасының белгілі бір тұздығы.

Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.

Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2,5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді.
Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.

Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.


Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

(биосфераға жылдың мөлшерінен %)




Таралу түрі

Үлесі %

  1. Шағылыстыру

  2. Жылуға айналу

  3. Булану, жауын-шашын

  4. Жел, толқын, ағыс

  5. Фотосинтез

30

45

23



0,2

0,8

Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.

Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды.Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.

Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.

Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы –Жер биосферасының жылу баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км.қаңтар айының басында, ал ең ұзақ арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.

Биосфераның эволюциясы.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вериадский мынандай қортындылар жасады:



  1. Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.

  2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.

  3. Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.

  4. Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.

3. Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.

Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.

Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екіншітүрге өтеді.

Үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді. Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ноосфера қабаты?

  2. Атмосфера қабаты?

  3. Літосфера қабаты?

  4. Гідросфера қабаты?



Лекция № 4

Тақырыбы: Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.

Тірі жүйелер ( биологиялық жүйе).


Жоспар:

  1. Тірі жүйенің жалпы қасиеттері.

  2. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.

  3. Тірі жүйенің бірлігі мен алуан түрлілігі.


Лекция мақсаты: Тірі жүйенің жалпы қасиеттерін және ұйымдасу деңгейлерін зерттеу.

Лекция мєтіні

1. Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық.

Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз “ біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер”. Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар шекаралар жатады. ( сурет).
Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:


  1. Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды.

  2. Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі).

  3. Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.

Биологиялық жүелердің ұйымдасуының маңызды нәтижесі компоненттердің күрделірек функционалдық жүйелерге бірігуі барысында бұл жаңа жүйелерде сапалық жағынан жаңа алдыңғы деңгейде болмайтын қасиеттер пайда болады. Мұндай сапалық жаңа қасиеттерді- эмердженттік деп атайды ( кенеттен пайда болған). Мысалы, экожүйенің қасиеттерін жеке популяциялар туралы мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болмайды. Орманды тұтас алып зерттеп қана қоймай, осы ормандағы жеке ағаштарды да зерттеу қажет.

II. Белсенді ірі молекулалар – ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК,РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады. Бұл деңгейге құрылымдардың ұрпақтарда тұрақтылығы тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет