STEAM технологиясы:
( STEM S – science (жаратылыстану ғылымы)
T – technology (технология)
Е-engineering (инженерлік)
М-mathematics (математика) scince- ғылым, technology-техника, технологиялар) STEAM –оқытудың біріктірілген тәсілі, яғни оқушының теорияда алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады. STEAM- оқыту бойынша пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлу керек. Шығармашылық тапсырмаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына 8-10 сынып оқушылары арасында модельдеу жұмысын жүргізу өте тиімді. Себебі, биологияны математика, технология, инфарматика пәндерімен байланыстыра отырып, оқушылардың графикалық дизаин, технологиялық сауаттылық дағдаларын қалыптастыра алады. Моделдеу әдісі арқылы оқушылар бойында мұғаліммен, сыныптастарымен арасында ынтымақтастық орнататындығын , жеке, жқппен және топта жұмыс істеу арқылы ортақ шешім тауып, өз пікірін тұжырымдап дәлелдейді және қорғайды. Бұл модельдер сабақтың әр түрлі кезеңінде қолданылады. Тапсырмамен таныстырған кезде, білім мен біліктерін бекіту кезеңінде, үй жұмысы және шығармашылық тапсырма орындау кезінде пәнді оқуға уәжін арттыру құралы ретінде пайдалану тиімді
Модельдеу әдісі дегеніміз- ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың моделдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі
Модельдеу
кез келген затты мақсатты, жылдам, тиімді тәсілмен зерттеу
объектінің қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелеу
объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айыру
жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табу
Модельдеу әдістері эксперименттік зерттеулер мен теориялық ізденістерде, нақты техникалық жобалар жасауда немесе өте абстрактілі, логикалық схемалар құруда да және тағы басқа жерлерде де қолданылады
Модельдеу әдісінің тиімділігі
Теорияны терең меңгеру, танымдық қабілеттерін арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |