Биология пәнінен республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі


Келтірілген мысалдардың әрқайсысы үшін плазмалық мембрана арқылы тасымалдаудың сәйкес түрін анықтаңыз



бет4/5
Дата26.11.2023
өлшемі0.53 Mb.
#484467
түріСабақ
1   2   3   4   5
11-сынып олимпиада

Келтірілген мысалдардың әрқайсысы үшін плазмалық мембрана арқылы тасымалдаудың сәйкес түрін анықтаңыз:


    1. Na+, K+-АТФаза;

    2. төмен тығыздықы липопротеидтердің тасымалдануы;

    3. суды, несепнәрді тасымалдау;

    4. митохондриялардың ішкі мембранасының Н+-АТФазасы;

    5. глюкозаның, аминқышқылдарының тасымалдануы;

    6. ішкі митохондриялық мембрана арқылы АТФті АДФке алмасу;

    7. жоғары май қышқылдары мен спирттерді тасымалдау;

    8. гормондардың секрециясы.



В7. Төмендегі суретте неврула сатысындағы эмбрионның бөлімі көрсетілген. (Әрбір дұрыс жауап үшін 0,5, ең көбі 4 ұпай)





    1. Эмбриогенез кезінде суретте көрсетілген (а), (b), (c) және (d) аймақтардан белгілі бір ұлпалар мен мүшелер дамиды. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс (Д) және қайсысы бұрыс (Б) екенін анықтаңыз.

А. (а)-дан дамитын тіндердің дамуы әрқашан (b)-дан дамитын тіндердің дамуымен байланысты.
Б. (с)-ның дамудағы тағдыры кейде өзгереді.
В. (d) омыртқаларға айналады.
Г. Қан айналым жүйесінің көп бөлігі (b)-дан пайда болады.
    1. Жүйке түтігі (e) нүктесінен шығады. Жүйке түтігінің қалыптасуы мен оның әрі дамуына қатысты келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс (Д) және қайсысы бұрыс (Б) екенін анықтаңыз.


А. Нерв түтігі қабырғасындағы жасушалар глиальды жасушалар мен нейрондарға айналады.
Б. Жүйке түтігінің қуысы кейін толығымен жабылады, іс жүзінде жоғалады.
В. Жүйке түтігінен шыққан жүйке ұлпаларының барлығы орталық жүйке жүйесін құрайды.
Г. Көз торының пигментті эпителийі жүйке түтігінен пайда болатын көз көпіршіктерінен пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет