Биологияға кіріспе. Дәрістер жинағы


геомагниттік өрістің инверсиясы, климаттық өзгерістер,т.б. әсер етті



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі309 Kb.
#19365
1   2   3
геомагниттік өрістің инверсиясы, климаттық өзгерістер,т.б. әсер етті.

5 Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі

Біздің планетамыздың магниттік қасиеті бар. Егер Жердің магниттік сферасы болмаса, Күн мен жұлдыз желдерінің ағыны еш кедергісіз Жердің бетіне жетіп,ондағы барлық тірі организмдерге зиянын тигізген болар еді. Магнитосфера бұған кедергі жасап, сол арқылы биосфераны зарядталған бөлшектерден қорғап тұратын бронды қалқан рөлін атқарады

Магнитологтардың пікірінше, геомагниттік өрісті бақылау үшін Жердің орталығына аса ірі, диаметрі 200 км, ұзындығы 4000 км магнит цилиндрді орналастыру қажет.

Жердің магниттік осі Жердің айналу осін 11,5 градус бұрышпен орналасқан, сондықтан магниттік полюстер географиялық полюстермен сәйкес келмейді, уақыт өткен сайын магниттік полюстер өздерінің орнын өзгертеді. Мысалы, солтүстік магниттік полюс бір тәулікте жердің бетінде 20,5 метрге (7,5 км/жыл) ал оңтүстік полюс –30 метрге (11 км/жыл) ығысады.

Қазіргі кезде солтүстік полюс Канаданың солтүстігінде орналасқан, ал 2185 жылға қарай ол солтүстік географиялық полюспен алмасады. 2400 жылы ол Таймырда орналасады. Оңтүстік полюс қазір Антарктида жағалауларында, Австралияға қарай жылжып келе жатыр.

Кез келген магниттегдей, Жердің магнит күштері бір полюстен Жердің әлем кеңістігі арқылы өтіп, екінші полюспен байланысады. Осының нәтижесінде Жердің айналасында магнитосфера түзіледі.

Магнитосфера Күннің плазма деп аталатын зарядталған бөлшектер ағынын ұстап қалады да оларды планетаның бетіне жеткізбейді. Бірақ дүниеде барлығы да уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Зерттеушілер, қазіргі кезде Жердің магнит өрісі 100 жылда 2,5 %-ке азайып отырғанын және бұл үрдіс ары қарай жүре беретін болса, шамамен 4000 жылда 0-ге жетеді деп есептеп шығарды (қазір экваторда оның шамасы 0,35 эрстед).

Ғалымдар бұндай құбылыс өткен кезеңдерде де болған деп жорамалдайды. Оның үстіне, осындай кезеңдерден соң магнит өрісінің заряды қарама-қарсы елгіге өзеретіні дәлелденді. Басқаша айтқанда, өріс инверсияланады – магниттік полюстердің орны алмасады. Жердің тарихында геомагниттік өрістің инверсияларының бірнеш рет кайталанғаны палеомагнитологтар анықтап отыр.

6. Динозаврлардың жойылып кетуі

Динозаврлар Жер бетінде бұдан 290 млн жыл бұрын пайда болып, 100 млн жылдан аса уақыт үстемдік құрды. Динозаврлардың жаппай қырылуы екі геологиялық кезең арасында - бор мен палеогенде – 65 млн жыл бұрын өтті. Ғалымдар осы кезеңдер арасында тіршіліктің бір формаларының екіншісіне кенет ауысқанын анықтады. Палеонтологтардың алған қазба қалдықтары арасынан осы кезеңдерде жойылып кеткен жануарлардың жаңа түрлері табылуда. Олардың ішінде өте кішкене түрлер де, алып гиганттар да бар. Мысалы, АҚШ – та массалары 50-80 тоннаға дейін жететін, ал Қытайда – мойынының ұзындығы 30 метрге жететін жануарлар табылған. Бұл алып жануардың бір ғана мойын омыртқасынң ұзындығы 3 метрге жетеді.

Динозаврлар негізінен өсімдіктермен қоректенген, арасында жыртқыштары да болған. Динозаврлардың қарқынды өсіп дамуына атмосферадағы оттегінің концентрациясының жоғарылауы әсер еткен болуы керек. Бұл кезде оттегінің концентрациясы қазіргі кезден 1,5 есе жоғары болған. Атмосферадағы оттегінің концентрациясының төмендеуі динозаврлар тіршілігіне кері әсерін тигізген, дегенмен де олардың жойылып кетуіне бір ғана осы себеп болды деуге болмайды. Бұдан басқа да себептер: осы кезеңдегі атмосфераның құрамында көмірқышқыл газы, қазіргі кездегіден 5 есе көп болды. Ал бұл барлығымызға белгілі болғандай, парниктік эффект әсерінен ауа температурасы 2,50 - қа жоғарылатады, олай болса, көмірқышқыл газының 5 есе жоғары болуынан температура да қазіргі кездегіден 5 есе, яғни 12,50-қа жоғары болған.

Динозаврлардың арасында қанаттары 11 метрге дейін жететін алыптары да болған. Ғалымдар көп уақытқа дейін бұндай алыптардың ауада қалай ұша алатынын түсіне алмады. Бұл жағдай геохимиктер Г.Лэндис пен Р.Бернер(АҚШ) қазбадан табылған 80 млн жыл бұрынғы янтарьдағы газдардың құрамын зерттеулері нәтижесінде түсінікті болды. Ол кезде газдардың қысымы қазіргіден 10 есе жоғары болған екен, ал оттектің мөлшері 32 процент. Осы тығыз атмосфера алып ұшқыш жануарлардың ұшуына жағдай жасаған сияқты.

Ғалымдар, бұдан 65 млн жыл бұрын тек қана динозаврлар емес, барлық жануарлардың жартысынан көбі жойылып кеткенін анықтады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, жануарлардың қырылып қалуы Жерге бұдан 65 млн жыл бұрын бір немесе бірнеше ірі аспан денелері құлағанынан болуы керек. Олардың негізгі бөлігі (диаметрі 9 км болған) Жерге Мексика территориясында соғылып, диаметрі 180 км кратер түзілген. Бұдан басқа да бірнеше кішілеу кратерлер табылған. Мысалы, Қара теңіздің солтүстік бөлігінен диаметрі 25 км Каменский, диаметрі 3 км Гусевский кратерлері, Кар теңіз жағалауларынан диаметрі 60 км Кар және 25 км Усть-Кар кратерлері табылды. Бұл кратерлердің барлығы теңіздің таяз бөліктерінде пайда болған. Осы кратерлер бір улкен космостық дененің құлап, атмосферада бірнеше бөлікке бөлініп кетуі нәтижесінде пайда болған деп жорамалдайды. Атмосфера ұшып түскен осы дене кометаның ядросы болуы ықтимал.

Осы кратер түзілу құбылыстары бүкіләлемдік экологиялық катастрофаларға әкеп соқты. Атмосфераға жарылыс кезінде түскен шаңдар мен түрлі газдар оның тазалығын нашарлатып, Жер температурасының төмендеуінен динозаврлар да, салмағы 20 кг-нан асатын жануарлар да қырылып қалған болуы керек. Америкалық зерттеушілер В.Вольбах, Р.Левич және Э.Андерстің пікірінше, жануарлардың қырылып қалуына Жерге астероидтың құлап түсуі нәтижесінде болған үлкен өрт себеп болған. Өрт кезінде ауаға бөлінген күл мен күйе ауаның тазалығын нашарлатып, Жер температурасын төмендеуі себепті жануарлар қырылып қалған. 65 млн жыл бұрынғы қалдықтардан ғалымдар осы гипотезаны дәлелдейтін қалың күйе қабаттарын тапты.

Планетолог ғалымдар Жерде тіршілік еткен жануарлардың 90%-не жуығы қырылып қалған аса ірі геологиялық катаклизмдер Жерге өте үлкен астероидтардың соғылуынан болғанын дәлелдейді. Өйткені, динозаврлардың жойылу кезеңдеріндегі геологиялық қабаттардан Жерде кездеспеген металл – иридий табылған.

Америкалық зерттеушілер Р.Принн мен Б.Фигли тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде кометалар мен астероидтардың Жерге соғылуы кезінде озон қабатын бұзатын азот оксиді NO түзілетінін анықтады. Нәтижесінде катастрофадан кейін біренше минут не сағат ішінде атмосферадағы азот оксидінің концентрациясы 0,1 процентке жететінін дәлелдеді. Азот оксидтері сумен әрекеттесіп азотты қышқыл HNO2 және азот қышқылын HNO 3 түзеді.

Қышқыл жаңбырлардың әсерінен азот оксидтері молекулаларының Күн сәулесін сіңіруіне байланысты фотосинтез процесі тоқтайды. Оның үстіне топырақтан организмге өте зиянды Be, Hg, Ta және басқа элементтер бөлінеді де, олар су буларымен, ауамен бірге тірі организмдердің тыныс алу органдарын зақымдайды.

Құрлық өсімдіктері жапырақтарын жоғалтып, солып қалады. Мұхиттарға түскен қышқылдар карбонатты қосылыстарды ыдыратып, ауаға СO2 көп бөлінуіне себеп болады. Ал кремнийді қосылыстарға бұл қышқылдар әсер етпейді.

Бұндай катастрофалардың зардаптары шамамен 1000 жылға дейін созылған. Қорыта айтқанда, қарастырылған кезеңдердің қалдық шөгінділерінде иридийдің мөлшері қалыпты фоннан 100-1000 есе артық екендігі табылған. Иридийден басқа платина тобының элементтері, сол сияқты кварц табылды. Бұл жағдайлар Жердің өте үлкен аспан денелерімен соқтығысқанының дәлелдері болып саналады.

Организммен жалпы танысу

Адам (Ното sаріепs) барлық ағзалардың ішіндегі ең жоғары сатыдағы тіршілік иесі. Басқа тірі ағзаларға тэн барлық қасиеттер болғанымен, адам - әлеуметтік тұлға. Оған ғана тән сөз сөйлеу, ойлау және денесін тік ұстап жүру, табиғи заттарды өңдеп, өз қажетіне жарату, әр түрлі құралдарды жасау, саналы түрде күрделі еңбекпен айналысу сияқты ерекшеліктері бар.

Адам организмін зерттейтін ғылымдар:



Адам анатомиясы - адам организмінің құрылысы, атқаратын қызметі және дамуы туралы ғылым.

Адам физиологиясы - тірі ағза мен оның жеке жүйелері, ағзалары, ұлпалары (ткань) және жасушаларының эрекеттерін, қызметтерін зерттейтін биологиялық ғылым.

Психология - нақты тұлғаның жеке-дара қасиеті және психикалық процестердің жалпы заңдылықтары жөніндегі ғылым.

Антропология - адам нэсілінің пайда болуын, адам эволюциясын, шығу тегін зерттейтін ғылым.

Гигиена - денсаулық сактаудың шарттары жэне аурудың алдын алу шаралары. Ой және дене еңбегіне қабілеттілігі, әр түрлі климат жағдайына бейімделуі, дененің өсуі, дамуы, өмірдің ұзақтылығы, үрпақ жалғастыру, ауруға шалдықпау, денені шынықтыру, элеуметтік рухани үйлесімділікпен өмір сүруі жөніндегі ғьшым.

Валеология - салауатты өмір салтын сақтау жөніндегі ғылым.

Адам ағзасының құрылысы Ағзалар химиялық құрамы бойынша органикалық (нэруыз, май, көмірсулар және нуклеин қышқылы) жэне бейорганикалық (су, минералды тұздар) заттардан тұрады. Оған тән қасиеттер: қоршаған ортамен зат және энергия алмасады, көбейеді жэне дамиды. Ол сыртқы ортаның өзгерісіне жауап береді және өздігінен реттелетін жүйе болып табылады.

Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлігі. Адам организмі миллиардтаған жасушалар-дан түрады. Кез келген жасушаның негізгі бөліктері:


  • плазмалық мембрана

  • цитоплазма

  • ядро

Жасуша плазмалық мембранамсн қор-шалады, ол жасушаны қорғайтын, заттарды жасуша ішіне таңдап өткізетін, жасушаны сыртқы ортамен байланыстыратын, май жэне нэруыз молекулаларынан қүралатын қабат.

Цитоплазма жасуша мембранасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Онда-өте үсақ құрылымдар - ор-ганоидтар (митохондриялар, рибосомалар, клетка орталығы жэне т.б.) бар. Олар жасу-шада белгілі бір қызмет атқарып, жасуша-ның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Ядро - жасушаньщ реттеуші орталығы. Жасушалардың аралары жасушааралық заттармен толтырылған. Ол не сұйық, не қатты болып келеді. Тірі жасушаның тіршілік қасиеттеріне зат алмасу, өсу, көбею, қозу, қозғалыс, биосинтез, тітіркену, ыдырау жатады. Осы негізде біртүтас организмнің қызметі іске асады.

Ұлпа - шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық затгар жиынтығы.

Адам үлпалары 4 түрге бөлінеді:


  1. Эпителий үлпасы

  2. Дәнекер улпасы

  3. Бүлшық ет үлпасы

  4. Жүйке үлпасы


Эпителий үлпасы жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің ішкі және сыртқы бетін қаптап жатады, көптеген бездерді түзеді.

Қызметі:


а) Қорғаныс

ә) Сіңіру

б) Бөліп шығару

в) Сыртқы жэне ішкі ортаны бөліп түру

Эпителий ұлпасының түрлері эпителий ұлпасы (кабат санына карай)

- бір қабатты (плевра, перикард)

- көп қабатты (терінің сыртқы қабаты)

Жасушалар пішінше қарай 6 топка бөлінеді:



Ұлпа

Жасуша құрылысының

ерекшеліктері



Орналасуы

Жалпақ

эпителий


Көп қырлы, көп қабатты

Терінің үстіңгі қабаты, ауыз қуысы, өңеш-тің ішкі беті

Текшелі

эпителий


Текше (куб) пішінді

Бүйректің өзекшелерінің ішкі бетінде

Бағана тәрізді

Ұзынша

Асқазан, ішек-тің ішкі беті

Кірпікшелі эпителий

Ұзынша,бетінде цитоплазмадан түзілген өсінділері бар

Тыныс жолдары

Сезгіш эпителий

Биіктігі әр түрлі, бетінде кірпікшелері бар

Тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпите-лийлері мүрын қуысында

Безді

эпителий


Бағана тәрізді, төрт бұрышты

Сүт, тер, жас, сілекей, қүлық бөлетін мүшелерде


Бұлшық ет ұлпасы денеде тірек-қимыл аппаратын, ішкі дене мүшелердің, қан тамырларының қабырғаларын құрайды. Жиырылғыштық және қозу қасиеті аркылы денені және ішкі мүшелерді қозғалысқа әкеледі.

Түрлері: біріңғай салалы, көлденең жолақты және көлденең жолақты жүрек бұлшық еті.



Бұлшық ет

Құрылысының ерекшеліктері

Орналасуы, қызметі

Біріңғай салалы

Талшық тәрізді жасушалары бірядролы; Баяу, ырғақты және адам еркінен тыс жирылады.

Ішкі мүшелердің (асқазан, қуық, ішек, қан тамырлары, т.б.) қабырғалары; Ішкі мүшелердің қозғалуы

Көлденең жолақты

Жасушалары тал-шық тәрізді көпяд-ролы, күңгірт жэ-не ақшыл талшық-тары кезектесіп орналасып жолақ-тар түзеді. Жиры-луы адам еркіне байланысты, тез қажиды.

Сүйекке бекінеді дененің қозғалуы

Жүрек бұлшық еті

Көлденең жолақ-ты, талшықтары бірядролы; авто-матия тән (өздігі-нен жирылады), қажымайды.

Жүректің миокард қабатын түзеді, жүректің соғуы арқылы денеге қан айдайды.

Жүйке ұлпасы жүйке жүйесін құрайды. Жүйке жүйесі электро-химиялық импульстер түзуі арқылы сыртқы ортамен хабар алмасып, бүкіл ағзаның жұмысын басқарып реттеп тұрады. Жүйке ұлпасы жүйке жасушалары - нейрондардан және нейроглиядан құралады. Нейроглия жасушалары нейрондарға қоректік, қорғаныс қызметтерін атқарады. Нейрондардың зат алмасуына қатысады. Нейрондарға қозғыштық, яғни импульстер түзу және қозу өткізгіштік қасиеттері тән. Нейрон 3 бөліктен тұрады:

  1. дене

  2. аксон деп аталатын бір ұзын өсінді

  3. дендрит деп аталатын көптеген қысқа өсінділер

Денеде жасуша цитоплазмасының басым бөлігі және ядро орналасады.Денеде қозу түрінде келген акпарат өңделіп ары қарай аксонға беріледі.

Ұзын өсінді аксон деп аталады. Ол тармақталмаған және импульстерді жасуша денесінен алып өз бойымен өткізеді. Аксон сыртынан май текті миелин қабықшасымен қапталған.

Ал қысқа өсінділер - дендриттер тармақталған. Импульстер дендриттің бойымен жасуша денесіне қарай жылжиды. Дендриттер қабықшамен қапталмаған.

Нейронның бойымен қозу бағыты: дендриттер - нейрон денесі - аксон.

Нейрондар бір-бірмен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бірнейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бүлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бүлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына экеліп соғады. Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:


  1. сезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мушелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)

  2. байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді)

  3. қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бүлшық еттер мен бездерге жеткізеді)



Адамның көбеюі жэне дамуы Адам жыиыс мүшелердің құрылысы

Кобею - түрдің тіршілігін жалғасуын қамтамассыз ететін физиологиялық үрдіс.

Ағзалар екі жолмен көбейеді: жыныссыз және жынысты. Адамға және көптеген жануарларға жынысты жолмен көбею тән, оған аталық және аналық даралар қатысады.

Көбеюді қамтамассыз ететін жыныс мүшелер жүйесі аталық жэне аналық жыныс жүйесі деп бөлінеді. Олардың жыныстық бездерінде көбеюге қатысатын жыныс жасушалары - гаметалар түзіледі. Аналық гаметалар жұмыртца жасушасы, аталық гамета сперматозоид деп аталады. . Аталық жыныс мүшелер жүйесі. Аталық жыныс мүшелер сыртцы (ү-ма, жыныстық мүше) жэне ішкі (аталык бездер, тұқым шығарушы өзекшелер, тұқым көпіршіктері, қуық түбі безі) деп бөлінеді.

Екі аталық безінің мөлшері 4-6см, олар терілі қалта - ұманың (мошонка) ішінде орналасады. Ұрықтың даму кезінде аталық бездер құрсақ қуысында орналасады, эдетте, тумас бұрын бездер ұма қуысына өтеді.

Аталық жыныс бездерінің қызметі: 11) сыртқы секрециялық қызмет, яғни аталық гаметалар - сперматозоидтарды түзу;

2) ішкі секрециялық қызметі - жыныс гормондарын (тестостерон) бөлу. Бүл гормондар мұрт өсу, дауыстың жуандануы сияқты екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуында рөл аткарады. Аталық бездердің ішкі құрылысында көп-теген иіріліп орналасқан тұқым өзекше-лерінен тұрады. Аталық бездерде түзілген сперматозоидтар тұқым өзекшелері арқылы түкым көпіршіктерінде жиналады. Қуық түбі бездері мен тұқым көпіршіктері қоректік сұйықтық - шэуетті бөледі. Шэуетті сперма деп те атайды. Сперматозоидтар шэуетпен араласады. 1 см3 спермада орташа 60 млн сперматозоид болады. Сперматозоидтар өте ұсақ болады, олар құйрығын толқынды қимылдату арқасында қозғалады. Әр сперматозоидтың бас, мойын және талшық бөліктері бар. Сперма зэр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Ер адамда зәр шығару өзегі арқылы зәр де, сперма да шығады.

Аналық жыпыс мүшелері

Аналық жыныс мүшелері де ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Сыртқы аналық мүшелер: шүртекей (клитор), үлкен жэне кіші жыныстық ернеулер.

Ішкі аналық мүшелер: екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі, қынап.

Аналық жыныс бездері - мөлшері 3-4см-ге жететін, аралас без. Олардан аналык гаметалар - жұмыртқа жасушалар жэне аналық жыныс гормондары (эстроген жэне прогестерон) бөлінеді. Бүл гормондар эйел адамдардың сүт бездерінің дамуы, дене пішіні сияқты екінші реттік жыныс белгілерінің пайда болуына эсер етеді.

Аналық бездердің ішкі құрылысында көпіршіктер - фолликулалар болады. Фол-ликулалардан жұмыртқа жасушалары да-миды. Аналық бездердің үстіңгі бетінен жатыр түтігінің шашақты шеті жауып тұрады.

Бойжеткендерде гипофиз гормонының эсерінен әр ай сайын бір фоликула пісіп жетіледі. Көпіршіктің ішінде бір жұмыртқа жасушасы болады. Овуляция - жүзіыртқа жасушасының пісіп жетілуі. Овуляция кезінде көпіршік жарылып, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы сыртқа шығады. Бұл процеспен етеккірдің (менструация) келуі байланысты. Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі

және етеккір тоқтайды. Көпршіктің іші май тектес зат-сары денеге толы болады

Сары дене уақытша гормон бөледі.

Жұмыртқа жасушасы құрсақ қуысына, кейін жатыр түтігіне түседі, одан жатырға өтеді. Жатыр алмұрт пішінді, бұлшықетті мүше. Ұрық туғанға дейін жатырда дами-ды. Жатырдың төменгі бөлігі жатыр мойны арқылы қынапқа жалғасады. Қынап та бұлшықетті мүше. Ол сперматозоид-тарды қабылдайтын және шарананы сыртқа шығаратын мүше. Жыныстық қатынаста болмаған қыздардың қынабының аузы дәнекер үлпадан тұратын қыздық жарғақпен жартылай жабулы тұрады. Әйел адамда зэр шығаратын тесік пен қынап аузы бір-бірінен бөлек ашылады.

Ұрықтану

Ұрьқтану дегеніміз жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтардың қосылуы. Ұрық-тану процесі жатыр түтігінде өтеді. Аталық жыныс бездері ЗООмлн. сператозойды бар 3-5мл сперма бөледі. Бірақ жұмыртқа жасушасын бір сперматозоид ғана ұрық-тандырады. Сперматозоидтың енгенінен кейін, жүмыртқа жасушасының сыртьга басқа сперматозоидтардың кіруіне кедергі жасайтын қабықша түзіледі. Қалған сперматозоидтар жатырда лейкоциттер тарапынан жойылады.

Ұрықтанудың нэтижесінде біржасушалы ұрық - зигота түзіледі. Аданың сомалық жасушаларында 46 хромосомадан болады, ал гаметаларында оның тең жартысы, яғни 23 хромосомадан болады. Екі жыныстық жасуша қосылып, зигота түзген кезде, олардың хромосома жиынтығы бірігіп, зиготада хромосома саны 46 жетеді. Ұрық екі ата-анасынан да түқым қуалаушылық белгілерін алады.

Овогенез деп ағзаның жеке дамуын айтамыз. Онтогенезді зиготадан бастап туғанға дейінгі (эмрионалдық даму) жэне туғаннан тіршілігін жойғанға дейінгі кезең деп екіге бөлінеді.

Эмбрионалдық даму Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы ұрықтық (зародыш) даму, ал 4 айдан кейінгі даму шаралық (плод) даму деп аталады.

Ұрықтық даму кезеңдері;

1.Зигота - ұрықтанудан кейін түзілетін ұрықтың біржасушалық кезеңі.



2.Бластула — көпжасушалы көпіршік кезеңі. Зитота бөлшектене, яғни митозбен бөліне бастайды, бірақ түзілген жаңа жасушалар бір-бірінен ажырамайды. Ғрықтанған жұмырткажасушасы жатыр түтігін бойлай жылжып бөлінеді де, көпжасушалы үрықка айналып, 4-5 күннен кейін жатыр қуысына түседі.

Ъ.Гаструла үрықтың жатырда даму кезе-ңі басталады. ¥рық жатырда 2 күндей жатьігі, соңынан жатырдың кілегейлі кабыкшасына батады да, сонда бекінеді. Гаструлада бластуладан үш қабат жасушалар - ұрық жапырақшалары пайда болады.

А.Органогенез - ұрық жапырақшалары-нан мүшелердің дамуы. Органогенез жүктіліктің үшінші аптасының соңында басталады. Сыртқы ұрық жапырақшасы -эктодермадан жабын эпителий, жүйке жүйесі, сезім мүшелері дамиды. Ортаңғы үрық жапырақшасы - мезодермадан дэнекер ұлпа, қаңқа, бүлшықеттер, қанайналым, зәр шығару, көбею мүшелері дамиды. Ал ішкі үрық жапырақшасы -энтодермадан ас қорыту мүшелері жэне асқоорыту бездері, тыныс алу мүшелері дамиды. Осы үш үрық жапырақшадан ағзаның бүкіл жүйелері қальштасады. Осы кезеңде үрық дәрілік препараттар, алкоголь, никотин сияқты эр түрлі жағымсыз эсерлерге өте сезімтал келеді. Жатыр қабырғасына бекінген гаструланың сыртын қабықшалар қаптайды. Жүктіліктің үшінші айында ананың жэне үрықтык үлпаларынан екі ағзаны байланыстырып түратынұрық жолдасы (плацента) дамиды. Ұрық жолдасьшың беткі жағында көптеген бүрлер болады. Бүрлердің қабырғалары арқылы ана қанынан ұрық қанына оттегі мен қоректік заттар сіңеді және үрпак керексіз заттарды шығарады. Ұрықты ұрык жолдасымен байланыстырып түрған үш қантамыры (екі кіндік артериясы және бір кіндік венасы) кіндік бауын түзеді. Кіндік вена тамыры үрық жолдасынын үрыққа артериалды қанды экеліп, ү^ықты оттегі жэне қоректік заттармен қамтамассыз етеді. Ұрықтан шыққан веналық қан кіндік

артерия тамырлары арқылы ұрық жолдасына қайтып келеді.

5.Шараналыц даму . Ұрыктың 4-5 айында ғана үрық жолдасы ішкі секреция бездерінің қызметін атқарьга, үрыққа керекті гормондар бөледі. Осының нәтижесінде іште үрық өседі. Ұрықта бір қанайналым шеңбері болады. 9 айға жеткен кезде үрық адам пішініне келе бастайды. Сулы ортада дамығандықтан ұрық түрлі соққылардан қорғалған. Шарана жұмыртқа жасушасы ұрықтанғаннан кейін шамамен 270 күннен соң дүнеге келеді.

Туғаннан кейінгідаму



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет