Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет14/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Практикалық сабақ №7
Тақырыбы: Өсімдіктердің құрылысы мен қызметі


Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге анатомиялық, морфологиялық сипаттама беру, қоректену ерекшеліктеріне, тіршілік формаларына тоқталу.


Сабақтың жоспары:
1. Өсімдіктердің тіршіліктегі маңызы.
2. Өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері.
3. Өсімдіктер тіршілігінде тамырдың алар орны.
4. Өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық қасиеттері.


Бақылау сұрақтары:
1. Ботаника пәні, оның негізгі салалары.
2. Өсімдіктердің экологиялық топтары.
3. Өсімдіктерді классификациялау (жіктеу) негіздері.
4. Өсімдіктердің тіршілік формалары.
Тапсырмалар:
1. Схемада көрсетілген өсімдік жасушасының құрылымдарын белгілеңіз.
2. Суретте А әрпімен өсімдік жапырағының қай бөлімі көрсетілген және олар қандай қызметтер атқарады?


3. Суретте 1,2,3 сандармен өсімдіктің қандай мүшелері көрсетілген. Өсімдік мүшелерінің қызметтерін атаңыз.




  1. Суретте 1,2,3 санымен нелер көрсетілген және олардың атқаратын қызметтері қандай?


5. Суретте 2,3,4 сандарымен көрсетілген құрылымын атаңыз. 1 - санымен көрсетілген құрылымының қызметін сипаттаңыз.



6. Суретте тамырдың қандай құрылымдары көрсетілген? Атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.



7. Суретте өсімдіктің қандай мүшелері көрсетілген. Қандай өсімдік мүшесінің түр өзгерісі болып келеді?





Глоссарий:
Гемикриптофиттер (Н) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады;
Гидрофитер - суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп өседі;
Гигрофиттер - ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктер;
Ксерофиттер - ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде тіршілік ететін өсімдіктер;
Криптофиттер - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады;
Мезофиттер - ылғалдығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер;
Палеоботаника - бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым;
Терофиттер - біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді;
Фанерофиттер - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;
Хамефиттер - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет