Глоссарий: Конвергенция (лат. converge - ұқсаймын) - бip-бipiне туыс емес топтардың ұксас белгілерге ие болуы; белгілердің үйлесімдігі (ұқсастығы); әртүрлі систематикалық топтың жануарларының тіршілік ету жағдайы бірдей болса, олардың сол ортаға бейімделуі де ұқсас болады;
Креационизм (лат. creatio - жаратушы құдіретті күш) - табиғаттағы түрлер өзгермейді, оны құдіретті күш жаратқан деген көзқарас;
Панспермия (грек. pan - бepi, барлығы, sperma - тұқым) - тіршіліктің пайда болуын басқа ғаламшардан тіршілік тұқымы арқылы таралған деп түсіндіретін көзқарас;
Түраралық күрес - бip түрге жататын даралардың арасында жүретін күрес;
Tipшілік - тipi организмдердің қоршаған ортадан алған энергия арқылы өзінің арнайы құрылымын сақтай отырып, артына үнемі ұрпақ қалдырып, өзін-өзі реттейтін ашық жүйе;
Эволюция (лат. evolutio - даму) - тарихи дамуға, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруге қабілетті процесс. Барлық тipi организмдердің көптүрлілігі, белгілі бip тіршілік ортасына бейімделуі эволюцияның нәтижесінде пайда болған органикалық дүниенің тарихи дамуы;
Эволюциялық ілім - тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдерді және жалпы заңдылықтары туралы ілім.
Блиц-тест: 1. Организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген ғалым кім?
A) Карл Линней;
B) Жан Батист Ламарк;
C) Чарлз Роберт Дарвин;
D) Д.И.Менделеев;
E) А.М.Бутлеров.
2. Тарихи даму, өзгеру, өрлеу мағанасын білдіретін термин?
A) эволюция;
B) популяция;
C) филогенез;
D) биогеоценоз;
E) микроэволюция.
3. А. Уоллес пен Ч. Дарвиннің түрлер жөнінде тұжырымдары:
A) түр өзгермейді;
B) түр өзгеруге бейім.
C) түрлер үнемі жаңарып отырады;
D) ағзалар күрделеніп дамуы болмайды;
E) табиғи сұрыпталу жүреді.
4. Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы:
A) көбею қарқындылығы;
B) табиғи сұрыпталу;
C) қолдан сұрыптау;
D) тіршілік үшін күрес;
E) түраралық күрес.
5. Aдамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым
A) Ч.Дарвин;
B) Ж.Б.Ламарк;
C) A.Н.Cеверцов;
D) Ф.Энгельс;
E) Aристотель.
6. Синтетикалық эволюцияның негізіне не кірді?
А) Ж.Б.Ламарктың градация принципі кірді;
B) Ч.Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы кірді;
C) Л.С.Бергтің номогенез теориясы кірді;
D) И.И.Мечниковтың фогоцитоз теориясы кірді;
E) жоғарыдағы барлық теориялар кірді.
7. Тіршіліктің пайда болуын түсіндіретін гипотеза:
А) виталистік;
B) панспермия;
C) абиогенездік;
D) биогенездік;
E) химиялық.
8. Адам эволюцисының негізгі факторы:
А) еңбек;
B) егіншілік;
C) мал шаруашылығы;
D) ақыл- ойы;
E) қолы.
9. Арғы ататектің белгілерінің қайталануы қалай аталады?
А) рудименттік;
B) мутациялық;
C) популяциялық;
D) атавизм;
E) антропологиялық.
10. Ататегінен қалған, бірақ қызмет атқармайтын қалдық белгілерді қалай атаймыз?
А) атавизм;
B) рудименттік;
C) мутациялық;
D) популяциялық;
E) антропогендік.