Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет23/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Тапсырмалар:
1. Келесі сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз:
1.1. Приматтар эволюциясы туралы не білесіңдер?
1.2. Ежелгі адамдарға кімдер жатады? Олардың ерекшеліктері қандай? Осы кезенде кандай факторлар шешуші рөл атқарады?
1.3. Ертедегі адамдар деп кімді айтады?
1.4. Осы заманғы алғашкы адам деп кімді айтады? Бұл кезеңдегі негізгі әсер етуші факторларды атап, мысал келтіріңдер.


2. Берілген кестені толтырып, адам эволюциясының кезеңдеріне сипаттама беріңіздер.

Адам эволюциясының кезеңдері

Өзгеріске көбірек ұшыраған мүшелер

Өзгеру
сипаты

Өзгерудін себептері

Австралопитектер
Ежелгі адамдар (синантроп, питекантроп, гейдельберг адамы)
Неандертальдыктар
Кроманьондықтар мен қазіргі адамдар












Глоссарий:
Антропология (грек. anthropos - адам, logos - ілім) - адам эволюциясы мен шығу тегі туралы ғылым;
Архантроптар (грек. archaios - ежелгі, anthropos - адам) - геологиялық замандарда тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен адамдардың жиынтық тобы. Оларды кейде ежелгі адамдар деп те атайды. Архантроптардың барлық топтары бip ғана тік жүретін адамдар (Homo erectus) түріне жатады;
Дриопитек (Dryopithec) - адамтектес маймылдардың геологиялық замандарда тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен тобы. Дриопитек ағаш маймылы деген ұғымды білдіреді. Олар ағаш басында тіршілік еткендіктен солай аталған;
Eптi адам (Homo habilis) - адамдардың жер бетінде алғаш пайда болған бip түрі. Олар аустралопитектермен бip уақытта, яғни бұдан 2 млн жыл бұрын өміp сүрген. Алғаш қарапайым еңбек құралдарын жасай білген;
Крамоньон - адам эволюциясының соңғы кезеңінде өмір cүpіп, кейіннен жойылып кеткен саналы адамдардың тікелей арғы тeгi саналатын тобы;
Моноцентризм (грек. monos - бip, лат. centrum - орталық) - ертедегі адамдардың (палеоантроптар) барлығы бастапқы кезде бip аймақта тіршілік етіп, кейіннен басқа аймақтарға таралуының нәтижесінде жеке нәсілдерге бөлінген деген тұжырым;
Нәсілтану - нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың орта жағдайларына бейімделуін зерттейтін антропология ғылымының бip саласы;
Неандерталь адамдары - геологиялық замандарда тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен палеоантроптардың жекелеген тобы. Батыс Германиядағы қаңқа қалдығы табылған өзен аңғарына байланысты аталған;
Неоантроптар (грек. neos - жаңа, anthropos - адам) - адам эволюциясының соңғы кезеңінде өмір сүрген қазіpгi саналы адамдар түрінің жиынтық атауы;
Питекантроп (грек. pithekos - маймыл, anthropos - адам) - геологиялық замандарда тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен архантроптардың жеке тобы. Ол маймыл адам деген ұғымды білдіреді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет