Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет29/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Проблемалық сұрақтар:
1. Су Жер бетінен жойылып кетсе, не болар еді?
2. Әрбір адам суды сақтауы үшін не істеу керек?
3. Суға қауіп төніп тұр дегенді қалай түсінесіңіздер?



Глоссарий:
Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті;
Альтернативті энергия көздері - күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері;
Пластикалық алмасу - анаболиттік реакциялардың жалпы жиынтығы;
Энерготәуелділік - тірі организмдерге материядан тыс үздіксіз энергия түсуінің қажеттілігі;
Ценогенез – нақтылы жеке даму жағдайларына ұрпақтардың не жас особьтардың бейімделуі.


Блиц-тест:
1. Жасушада фотосинтез процесіне қатысатын:
A) митохондрия;
B) эндоплазмалық тор;
C) голдьжи жиынтығы;
D) хлоропластар;
E) ядро.
2. Лейкопластардың қызметі:
A) қор затын жинауға қатысу;
B) гүл, жеміске қызыл, сары түс беру;
C) өсімдікке жасыл түс беру;
D) фотосинтезге қатысу;
E) көбеюге қатысу.
3. Фотосинтез процесі жүретін жасуша органоид:
A) хлоропласт;
B) митохондрия;
C) хромопласт;
D) лизосома;
E) рибосома.
4. Жасуша тіршілігінде АТФ-тың маңызы қандай?
A) белоктың түзілуін қамтамасыз етеді;
B) ДНҚ-ның редупликация процесін іске асырады;
C) амин қышқылдарын белок түзілетін орынға тасымалдайды;
D) жасушадағы энергия айналымында негізгі рөл атқарады;
E) ферменттерді жинақтайды.
5. Трансляция барысында қандай процесс орындалады?
A) ДНҚ-дан РНҚ-ға ақпараттың тасымалдануы;
B) РНҚ-дан ДНҚ-ға ақпараттың тасымалдануы;
C) ДНҚ-дан белокқа ақпараттың тасымалдануы;
D) РНҚ-дан белокқа ақпараттың тасымалдануы;
E) ДНҚ-дан ДНҚ-ға ақпараттың тасымалдануы.
6. Судың күн сәулесі арқылы ыдырау процесін не деп атайды?
A) тотықсыздану процесі;
B) тотығу процесі;
C) фотосинтез;
D) фотолиз;
E) фототропизм.
7. Органикалық заттардың қарапайым заттарға дейін ыдырауы:
A) пластикалық алмасу;
B) энергетикалық алмасу
C) ассимиляция;
D) метаболизм;
E) анаболизм.
8. Өсімдіктердегі зат алмасу процестерінің жануарлармен салыстырғанда ерекшелігі неде?
A) энергетикалық алмасу;
B) фотосинтез;
C) хемосинтез;
D) ақуыз биосинтезі;
E) АТФ синтезі.
9. Жасушада заттардың түзілу, ыдырау процестері:
A) тітіркену;
B) биологиялық түзілу;
C) зат алмасу;
D) көбею;
E) қозу.
10. Ақуыз жасушада қандай қызмет атқарады
А) өсуін тездетеді;
B) зат алмасуды реттейді;
C) тұқым қуалаушылықты реттейді;
D) еш әсері жоқ;
E) көбеюге қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет