Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет32/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Қолданылатын әдебиеттер
1. Зияева Г.К. Биологияға кіріспе. Алматы: Эверо, 2013.-128 бет.
2. Адманова Г.Б. Биологияға кіріспе. Ақтөбе: Литер-А, 2017.-131 бет.
3. Зияева Г.К. Биологиялық эволюция. Алматы: Эверо, 2016.
4. Тұрғынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы: Білім, 2013.-186 бет.
5. Нуртазин С.Т., Салмырзаұлы Л. Антропология. Алматы: Дәуір, 2011.-288 бет.
6. Жүнісбаева Ж.К. Жалпы генетика: есептер жэне онын шыгарылу жолдары. Алматы: Казак университеті, 2012.-222 бет.
7. Л.З.Тель, Е.Д.Дәленов, Биология негіздері ( I том).- Алматы: Эверо, 2011.-348 бет.
8. Ұлықпан Қ. Жануарлар экологиясы: Оқу құралы. - Алматы: Эверо, 2014.
9. Ордабеков С.О., Ахауова Г.Т. Теориялық биология. (Дәрістер жинағы) Қарағанды, 2012.
10. Шілдебаев Ж., Ермекбаева А. Биологияға кіріспе: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2016. – 476 б.
Практикалық сабақ №15
Тақырыбы: Биосфера және адамзат


Сабақтың мақсаты: Биосфера және адамзат ұғымына сипаттама беру.


Сабақтың жоспары:
1. Биосфераның пайда болуы.

2. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі.

3. Энергетикалық қызметі.

4. Биохимиялық қызметі.




Бақылау сұрақтары:
1. Тропосфера.
2. Гидросфера.
3. Литосфера.
4. Ноосфера.


Тапсырмалар:
1. Биосфера шекараларын сипаттаңыз:

2. Бұл кім ғалым, қандай еңбегін білесіз, сипаттама беріңіз:

3. Төменде берілген суретке қарап «Биосфера және адамзат» тақырыбында эссе жазыңыз:

4. Төменде берілген суретке қарап «Биосфераны тиімді пайдалану» тақырыбында эссе жазыңыз:





Глоссарий:
Атмосфера - жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы;
Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе;
Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы;
Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауымдастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау;
Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, бағалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез-келген экожүйелердің биотикалық компоненттері;
Биогеографиялық аймақтар - жер шарында тipi организмдердің таралу зандылықтарын айғақтай түсетін әpi кең ауқымды қамтитын аумақтар;
Биогеоценоз - тарихи даму барысында белгілі бip кеңістік аймағында қалыптасқан тipi организмдер мен табиғи орта жағдайларының табиғи бірлестігі;
Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадағы процестер мен өзгерістерді бақылау;
Ноосфера (грек. noos - сана, sphaira - қабық) - биосфераның өзгеруін және дамуын адамның санасы, ақыл-ойы басқаратын саналы жаңа деңгейі, яғни саналы қабығы;
Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты;
Озондық ойық - атмосфераның озон қабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ;
Ойық не қуыс (экологиялык) - түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет