Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет5/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Глоссарий:
Биогенез (грек. bios - тіршілік, өмip, genesis - пайда болуы, шығу тегі) - тіршіліктің пайда болуын тікелей тipi организмдердің тіршілік әрекеті арқылы түсіндіретін ғылыми теория;
Витализм (лат. vitalis - тipi, тіршілік күші) - тіршіліктің пайда болуын организмдердің өзінде болатын ерекше тіршілік күшімен байланыстырып түсіндіретін идеалистік көзқкарас;
Полицентризм (грек. polys - көп) - қaзipгi адамдар бастапқы кезде Жер шарының бірнеше аймактарында тіршілік еткен ежелгі және ертедегі адамдардан пайда болып, кейін олардан жеке нәсілдер шыққан деген тұжырым;
Tipшілік - тipi организмдердің қоршаған ортадан алған энергия арқылы өзінің арнайы құрылымын сақтай отырып, артына үнемі ұрпақ қалдырып, өзін-өзі реттейтін ашық жүйе.
Блиц-тест:
1. Тіршілік үшін күрестің тікелей салдары не:
A) қолдан сұрыптау;
B) табиғи сұрыптау;
C) өзгергіштік;
D) тұқымқуалаушылық;
E) бәсекелестік;
2. Тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс болжамды ұсынған ғалым?
A) Ф.Реди;
B) Аристотель;
C) Л.Пастер;
D) А.И.Опарин;
E) С.Миллер.
3 Тіршіліктің жасушалық емес формалары?
A) врустар;
B) өсімдіктер;
C) жануарлар;
D) саңырауқұлақтар;
E) балдырлар.
4. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі?
A) морфологиялық;
B) биологиялық;
C) химиялық;
D) биогеоценоздық;
E) физиологиялық.
5. Жүйелердің жалпы теориясын ашқан ғалым кім?
A) Людвиг фон Берталанфи;
B) М.Мальпиги;
C) Н.Грю;
D) А.Левенгук;
E) Ч.Дарвин.
6. Тіршіліктің жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын деңгейі.
A) молекулалық – генетикалық деңгей;
B) жасушалық деңгей;
C) биогеоценоздық деңгей;
D) организмдік және ұлпалық – мүшелік деңгей;
E) популяциялық – түрлік деңгей.
7. Қайта өркендеу дәуірі қай ғасырда дамыды?
A) XV ғасырдың екінші жартысында;
B) XVIII ғасырдың басында;
C) XIX ғасырдың аяғында;
D) XX ғасырда;
E) XXI ғасырда.
8. Қайта өркендеу дәуірінің дамуына себеп болған жағдайлар?
A) ғалымдардың өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін тауып, олардың пайдасы мен зиянды жақтарын сипаттауы, кейбір түрлердің Еуропаға әкелінуі;
B) өсімдіктерді жүйелеу;
C) жасушаның ашылуы;
D) «Түр» туралы ұғымның қалыптасуы;
E) тіршіліктің деңгейлерінің зерттелулері.
9. Жер ғаламшарының пайда болған уақыты:
A) 3,5-4 млрд жыл бұрын;
B) 4-4,5 млрд жыл бұрын;
C) 2,0-3 млрд жыл бұрын;
D) 4,5-5 млрд жыл бұрын;
E) 5,0-6,0 млрд жыл бұрын.
10. Тіршіліктің пайда болуын креацинизмдік көзқарас қалай түсіндіреді?
A) тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған;
B) бейорганикалық заттардан пайда болған;
C) тіршілік мәңгілік, оны құдіретті жаратушы күш бар;
D) тіршілік абиогенез жолымен пайда болған;
E) тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет