Сабақтың мақсаты: Тіршілікті сипаттаудың заңдылықтары мен оның негізгі формаларын көрсету. Органикалық дүниенің пайда болу теориясына түсініктеме беру.
Сабақтың жоспары:
1. Өздігінен жаңару.
2. Өздігінен пайда болу.
3. Өздігінен қалыптасу.
4. Тіршіліктің негізін анықтаушы заңдылықтар.
Бақылау сұрақтары: 1. Жасушаның уақыт аралығындағы тіршілік ету заңдылығы.
2. Тірі материяның ұйымдасу деңгейі туралы түсінік.
3. Тірі жүйенің әр кезеңде даму және интеграциялық жетістіктеріне әдістемелік шолу.
Тапсырмалар: 1. Тіршілікті сипаттаушы заңдылықтарды түсіндіру, мысал келтіру.
2. Тіршіліктің негізгі көрінісін анықтаушы заңдылықтар.
3. Тіршіліктің негізін зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектерін атап көрсету.
Глоссарий: Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделу процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді;
Биогенетикалық заң — әpбip дараның өзінің жеке дамуы кезінде өз түрінің тарихи дамуын қысқаша қайталауы. Мысалы, балықтар мен сүткоректілердің жеке дамуы кезінде ұрықтарында желбезек доғаларының болуы;
Жер биомассасы – ғаламшарда тіршілік ететін барлық тірі ағзалардың бірлестігі. Құрлықтағы жасыл өсімдіктердің биомассасы 97%-ға, жануарлар мен микроорганизмдердің биомассасы 3%-ға тең.
Блиц-тест: 1. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының дұрыс теориясын ұсынды:
А) Ф.Бэкон;
B) Л.Пастер;
C) Ф.Реди;
D) А.И.Опарин;
E) А.И.Герцен.
2. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым:
А) биотехнология;
B) этология;
C) генетика;
D) экология;
E) эмбриология.
3. Биосфера дегеніміз:
А) жердің ауа қабаты;
B) жердің өткен заманда ғана тіршілік болған аймағы;
C) жер ғаламшарының тіршілік бар аймағы;
D) жер ғаламшарындағы тіршілік жоқ аймақ;
E) гидросфера.
4. Aдамның кез-келген белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын зерттеу әдісі:
А) генеологиялық;
B) популяциялық;
C) егіздік;
D) цитогенетикалық;
E) биохимиялық.
5. «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбектің авторы:
А) Гераклит;
B) Гипократ;
C) Т.Эрезийский;
D) Аристотель;
E) А.Великий;
6. Ағзаның бейімделгіштік қасиеті:
А) адаптация;
B) адсорбция;
C) альбедо;
D) афтотроф;
E) анабиоз.
7. Ағзадағы заттардың ыдырауы:
A) сіңіру;
B) диссимиляция;
C) алмасу;
D) ассимиляция;
E) қосылу.
8. Әлеуметтік дарвинизм теориясын әшкерелеген ғалым:
A) Ч.Дарвин;
B) Әл-Фараби;
C) К.А.Тимирязев;
D) Платон;
E) Ж.Б.Ламарк;
9. Тірі табиғат өлшемі «түр» - деген сипатты берген ағылшын ботанигі:
A) Платон;
B) Э.Дарвин;
C) Ф.Энгельс;
D) Джон Рей;
E) Ч.Дарвин.
10. «Тұрақты даму» терминін ұсынған:
А) Денис Медоуз, 1992 ж.;
B) Гру Харлем Брундтланд, 1987ж.;
C) Аурелио Печчеи, 1968 ж.;
D) В.И. Вернадский, 1898 ж.;
E) Дж.Харпер, 2000 ж.;