Тапсырмалар:
1. «Жасуша заттары» кестесін толықтырыңыз:
Бейорганикалық
Органикалық
2. «Жасуша үшін су мен минералды заттардың ролі» кестесін толтырыңыз:
Бейорганикалық заттар
|
Жасуша үшін ролі
|
Су
|
|
Кальций мен фосфордың тұздары
|
|
Катиондар мен аниондар
|
|
Азот, кальций және фосфор қосындылары
|
|
3. «Жасушаның органикалық заттарының құрылысы мен қызметтері» кестесін толтырыңыз:
Органикалық заттар, мысалы
|
Жасушадағы қызметтері
|
Белоктар: альбумин, миозин, гемоглобин, т.б.
|
|
Көмірсулар: глюкоза, сахароза, крахмал, т.б.
|
|
Липидтер: май, воск, фосфолипидтер, т.б.
|
|
4. Комплементарлық принципіне сүйене отырып, ДНҚ-ң екінші қатарын құрыңыз:
Т-А-Т-Ц-А-Г-А-Ц-Ц-Т-А-Ц
5. «РНҚ типтері және олардың жасушадағы қызметтері» кестесін толтырыңыз:
РНҚ типтері
|
Клеткадағы қызметтері
|
аРНҚ
|
|
тРНҚ
|
|
рРНҚ
|
|
Глоссарий:
Альбуминдер - суда еритін жай белок. Жұмыртқаның ағында, қанда, сүтте болады;
Денатурация, табиғатын жоғалту - табиғи қасиеттерінен толық немесе жартылай, оның ішінде тіршілік белсенділігінен айырылуы;
Нуклеопротеидтер - нуклеин қышқылдарының қарапайым белоктармен қосылуы арқылы алынған күрделі белоктар. Жасуша ядросының негізгі бөліктерінің бірі;
Протеидтер - белокты заттардың (протеиндердің) белокты емес заттармен, мысалы көмірсулармен, майлармен қосылуы аркылы алынған күрделі белоктар;
Ренатурация - табиғи қасиетін жойған биополимердің (мысалы, белок немесе нуклеин қышкылдарының) қайта қалпына келуі.
Блиц-тест (*бірнеше жауабы бар сұрақтар).
1. Оттегіні тасымалдайтын – гем белоктың құрамына кіретін ....:
A) күкірт;
B) магний;
C) темір;
D) кальций.
2. Хлорофилл молекуласының құрамында бар..:
A) кобальт;
B) мыс;
C) молибден;
D) фосфор;
E) калий;
F) бор;
G) кальций;
K) магний.
3. *Моносахарид болып табылады:
A) сахароза;
B) глюкоза;
C) фруктоза;
D) галактоза;
E) рибоза;
F) целлюлоза.
4. *Көмірсулардың негізгі қызметі:
A) энергетикалық;
B) қорлық;
C) құрылымдық;
D) транспорттық;
E) ферментативтік;
F) қорғаныштық.
Крахмал өсімдіктер жасушасының келесі құрылымында жинақталады:
А) митохондрияда;
B) хлоропластта;
C) лейкопластта;
D) вакуолде.
6. *Белок болып табылады:
A) пепсин;
B) коллаген;
C) хитин;
D) каталаза;
E) гемоглобин.
7. Жасушадағы негізгі макроэлементтер:
А) S, Ce, I, B;
B) C,O,H,N;
C) C,N,U,Au;
D) O,H,Si,Ni.
8. Ферменттер қандай қызмет атқарады?
А) тасымалдау;
B) ақпараттық;
C) катализаторлық;
D) энергиялық.
9. Организмде ион түрінде кездесетін элементтерді атаңыз?
А) Zn, Cu, Mn, Co;
B) O,C,H,N;
C) K,Cl,Na,Mg;
D) P,S,Si,Mo.
10. Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар?
А) М.Шлейден. Р.Гук;
B) Т.Шванн. Г.Галилей;
C) Р.Гук. Р.Броун;
D) М.Шлейден. Т.Шванн.
Қолданылатын әдебиеттер
1. Зияева Г.К. Биологияға кіріспе. Алматы: Эверо, 2013.-128 бет.
2. Адманова Г.Б. Биологияға кіріспе. Ақтөбе: Литер-А, 2017.-131 бет.
3. Зияева Г.К. Биологиялық эволюция. Алматы: Эверо, 2016.
4. Тұрғынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы: Білім, 2013.-186 бет.
5. Нуртазин С.Т., Салмырзаұлы Л. Антропология. Алматы: Дәуір, 2011.-288 бет.
6. Жүнісбаева Ж.К. Жалпы генетика: есептер жэне онын шыгарылу жолдары. Алматы: Казак университеті, 2012.-222 бет.
7. Л.З.Тель, Е.Д.Дәленов, Биология негіздері ( I том).- Алматы: Эверо, 2011.-348 бет.
8. Ұлықпан Қ. Жануарлар экологиясы: Оқу құралы. - Алматы: Эверо, 2014.
9. Ордабеков С.О., Ахауова Г.Т. Теориялық биология. (Дәрістер жинағы) Қарағанды, 2012.
10. Шілдебаев Ж., Ермекбаева А. Биологияға кіріспе: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2016. – 476 б.
Достарыңызбен бөлісу: |