Глоссарий: Гликокаликс (glycocalyx, грек, glykys - тәтті, calyx - тостағанша) - барлық жасушалар плазмолеммаларымен тығыз байланысып, олардың сыртқы жарғақ үсті қабатын (орташа қалыңдығы 3-4 нм) құрайды;
Кристер - митохондриялардың ішкі мембраналық беті;
Митохондрия матриксі - кристер аралығындағы кеңістік тығыздығы әр түрлі гомогенді зат;
Прокариоттар - жасуша ядросы және басқа да ішкі мембраналық органоидтері жоқ организмдер;
Органоидтар - жануарлар және өсімдік жасушаларының тіршілігінде белгілі бір қызмет атқаратын тұрақты бөлігі (хондриосомдар, центросомдар, пластидтер);
Хондриосомдар - барлық жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының органоидтары, хондриосом белокты-липоидты комплекстер, жасушада белоктың синтезделу процесіне катысады;
Центриолдер - жасушаның орталығы, барлык, жануарлардың және кейбір өсімдіктер жасушаларының тұрақты органоиды; жасушаның митозды бөлінуі процесіне қатысады;
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.
Блиц-тест (*бірнеше жауабы бар сұрақтар).
1. *Плазмолемманың негізгі биохимиялық компоненттерін атаңыз:
A) белоктар;
B) липидтер;
C) көмірсулар;
D) нуклеин қышқылдар;
E) минералды тұздар.
2. *Эукариотты жасушаның цитоқаңқасының құрамына кіреді:
A) жіңішке фибрилдер;
B) микрофиламенттер;
C) аралық филаменттер;
D) микро түтікшелер;
E) гликокаликс.
3. Жасушаның қосмембраналы құрылымдық компоненті:
A) жасуша орталығы;
B) митохондрия;
C) Гольджи комплексі;
D) рибосома;
E) эндоплазмалық ретикулум.
4. *Тегіс эндоплазмалық тор қатынасады...:
A) мембраналық липидтердің синтезіне;
B) холестерол синтезіне;
C) стероидты жыныс гормондар синтезіне;
D) зиянды заттардың детоксикациясына;
E) белок синтезіне.
5. Жасуша орталығы керек:
A) белок синтезі үшін;
B) энергия алмасу үшін;
C) жасуша мембранасын түзу үшін;
D) жасуша бөлінуі үшін.
6.*Гольджи комплексі қатынасады :
A) белоктар модификацияларына;
B) спецификалық полисахаридтер синтезіне;
C) липидтер синтезіне;
D) лизосомалардың түзілуіне;
E) детоксикацияға.
7.*Мембранасыз органоидтар:
A) жасуша орталығы;
B) эндоплазмалық тор;
C) Гольджи комплексі;
D) микро түтікшелер;
E) рибосомалар;
G) пероксисомалар;
H) митохондриялар;
F) лизосомалар.
8.*Эукариотты жасушаның ядро аппаратының құрамына мыналар кіреді:
A) ядро қабықшасы;
B) ядро сөлі;
C) ядролық шұрықтар;
D) ядрошық;
E) центриоль;
G) хроматин.
9.*Мембраналы органоидтар:
A) жасуша орталығы;
B) эндоплазмалық тор;
C) Гольджи кешені;
D) микро түтікшелер;
E) рибосомалар;
G) пероксисомалар;
H) митохондриялар;
F) лизосомалар.
10. Өсімдік және жануарлар жасушаларының ортақ белгісі болып табылады:
A) гликогенді қор ретінде жинауы;
B) жасуша қабырғасының бар болуы;
C) гетеротрофтылығы;
D) автотрофтылығы;
E) крахмалды қор ретінде жинауы;
F) дұрыс жауабы жоқ.