Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет21/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Глоссарий:
Генбелгілі биохимиялық функциялы және особьтың қасиетіне ерекше әсер ететін ДНК молекуласының шоғыры;
Өзгергіштік - организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы;
Параллелизм - туыстық жағынан жақын болса да ұксас белгілердің бip-бipiне тәуелсіз дамуы. Ұқсастық белгілері шығу тегінің бip екенін және бірдей орта жағдайына бейімделуін делелдейді;
Тұқым қуалау – организмдердің өз белгілерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпақтарына беріп отыру қасиеті;
Түр – бір – біріне тікелей жанаспайтын формалар;
Тіршілік үшін күрес – ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі;
Топтық (жалпылай) өзгергіштік – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын басқа топтардан қандайда бір белгілері жөнінен айырмашылықтарының болуы;
Феногенетика - организмнің жеке дамуы барысында генотиптің рөлін зерттейтін генетика ғылымының бір тармағы;
Фенотип - организмдегі барлық белгілердің жиыны.


Блиц-тест:
1. Г. Мендельдің заңдарының мәні неде?
A) тұқым қуалаушылықтың дискреттілігін дәлелдеуде;
B) тұқым қуалаушылықтың рөлін дәлелдеуде;
C) белгілердің ажырауын дәлелдеуде;
D) гендердің тіркесетінін дәлелдеуде;
E) тұқым қуалайтын факторларды және эволюцияны дәлелдеуде;
2. Генотип дегеніміз не?
A) бір хромосомадағы гендердің жиынтығы;
B) бір организмдегі барлық гендердің жиынтығы;
C) жыныспен тіркескен гендер;
D) барлық аутосомада орналасқан гендер;
E) жыныстық хромосомалар.
3. Кім қай ғасырда тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясын қалыптастырды?
A) Мендель, Морган, 19 ғасыр;
B) Шлейден, Шванн, 19 ғасыр;
C) Мендель, Мишер, 19 ғасыр;
D) Мишер, Морган 20 ғасыр;
E) Морган, 20 ғасыр.
4. Адамдағы бір, екі, үш жұмыртқа жасуша бірден ұрықтану белгілерін анықтайтын генетикалық әдіс:
A) егіздік;
B) биохимиялық;
C) генеалогиялық;
D) цитогенетикалық;
E) гибридологиялық.
5. Қандай гендер тәуелсiз тұқым қуалайды:
A) аллельдi;
B) тiркес;
C) бiр хромосомада аллельдi емес гендер;
D) әр түрлi жұп хромосомадағы аллельдiк емес гендер;
E) бiр жұп хромосомадағы аллельдi гендер.
6. Мендельдің III заңын атаңыз:
A) доминанттылық;
B) бірінші будан ұрпақтар белгілерінің біркелкі болуы;
C) белгілердің ажырауы;
D) белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы;
E) гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.
7. Ата-анасының белгі қасиеттерінің ұрпағына берілу қасиетін не деп атайды?
A) өзгергіштік;
B) мутация;
C) тұқым қуалаушылық;
D) көбею;
E) даму.
8. Аталық белгі:
A) ♀;
B) ♂;
C) Ө;
D) х;
E) А;
9. Белгілердің ажырау заңы:
A) Мендельдің бірінші заңы;
B) Мендельдің екінші заңы;
C) Мендельдің үшінші заңы;
D) Морганның заңы;
E) Энергия алмасуы.
10. Гендердің хромосомада орналасатынын кім дәлелдеген?
А) Морган;
B) Корренс;
C) Дарвин;
D) Вавилов;
E) Мендель.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет