Қолданылатын әдебиеттер
1. Зияева Г.К. Биологияға кіріспе. Алматы: Эверо, 2013.-128 бет.
2. Адманова Г.Б. Биологияға кіріспе. Ақтөбе: Литер-А, 2017.-131 бет.
3. Зияева Г.К. Биологиялық эволюция. Алматы: Эверо, 2016.
4. Тұрғынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы: Білім, 2013.-186 бет.
5. Нуртазин С.Т., Салмырзаұлы Л. Антропология. Алматы: Дәуір, 2011.-288 бет.
6. Жүнісбаева Ж.К. Жалпы генетика: есептер жэне онын шыгарылу жолдары. Алматы: Казак университеті, 2012.-222 бет.
7. Л.З.Тель, Е.Д.Дәленов, Биология негіздері ( I том).- Алматы: Эверо, 2011.-348 бет.
8. Ұлықпан Қ. Жануарлар экологиясы: Оқу құралы. - Алматы: Эверо, 2014.
9. Ордабеков С.О., Ахауова Г.Т. Теориялық биология. (Дәрістер жинағы) Қарағанды, 2012.
10. Шілдебаев Ж., Ермекбаева А. Биологияға кіріспе: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2016. – 476 б.
Практикалық сабақ №11
Тақырыбы: Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны
Сабақтың мақсаты: Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі алатын орнына, ежелгі адамның саналы адамға дейінгі даму эволюциясының кезеңдеріне, нәсілдер типіне, орналасқан аймақтарына сипаттама беру.
Сабақтың жоспары:
1. Адамның эмбриональдық дамуы.
2. Адам және оның денсаулығы.
3. Адам ағзасының құрылысы.
Бақылау сұрақтары:
1. Организммен жалпы танысу.
2. Адам организмін зерттейтін ғылымдар.
3. Адамдардың қалыптасу этаптары.
4. Нәсілдер және нәсілдер теориясы.
Адамның жануарлар дүниесіндегі орны
Хордалылар типі
Омыртқалылар тип тармағы
Сүтқоректілер класы
Ұрықжолдастылар класс тармағы
Приматтар (маймылдар) отряды
Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы
Адамдар туысы
Саналы адам түрі
Адамның жануарлар дүниесінің әрбір жүйелік топтарына тән ұқсас белгілері
Жүйелік топтар → адам ағзасындағы ұқсас белгілер.
Хордалылар (желілілер) типі → ұрығының дамуында хорданың, жүйке түтігінің, жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылауларының болуы.
Омыртқалылар тип тармағы → денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалылар тізбегінен тұратын омыртқа жотасының болуы.
Миының бес бөлімге(алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопақша ми және мишық) бөлінуі.
Екі жұп (алдыңғы және артқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ жағында орналасуы.
Сүтқоректілер класы → терісінде тер, май және сүт бездері мен түктерінің болуы.
Ми қыртысының күрделі дамуы, тістерінің жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер) жіктелуі; кеуде қуысымен құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын көкеттің болуы; қалдық белгілер мен арғы ата тегінің белгілерің қайталауы және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |