Биологиялық химия Кафедрасы


Оқыту және сабақ беру әдістері



бет133/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

5. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Әдіс – билеттер бойынша жазбаша сұрау.
Оқыту құралдары: тақырып бойынша дәрістің электронды нұсқасы, жазбаша бақылаудың билеттері, силлабус.
Бағаланатын құзырлылықтар:
- Білім құзырлылығы студенттің жазбаша сұраққа берген жауабы бойынша бағаланады.
- Тәжірибелік дағдылар – клиникалық-жағдайлық есептер шығару.


1. Сабақты ұйымдастыру. Студенттерді түгендеу, студенттердің сабаққа келмеу себебін анықтау. Үй тапсырмасы:Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері. Қалыпты жағдайдағы мөлшері, патология кезінде өзгеруі.
Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

    1. Қан плазмасының химиялық құрамы, оның қан сарысуынан айырмашылығы, (сұрақты басқа тілде – ағылшын, қазақ немесе орыс тілінде, топтың оқу тіліне байланысты дайындалуы керек, студенттер осы тақырып бойынша глоссарий және сұрақтың жауабының электронды нұсқасын дайындауы тиіс).

    2. Қан плазмасының белоктары, маңызы, өкілдері, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезіндегі өзгерістері.

    3. Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер, пайда болу себептері, түрлері.

    4. Қанның қалдық азоты, қалыпты жағдайдағы мөлшері, құрамына кіретін заттардың химиялық табиғаты, оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

    5. Гиперазотемияның түрлері және даму себептері.

    6. Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.



2.Жазбаша бақылау – билеттер бойынша жүргізіледі.
Жазбаша бақылаудың сұрақтары:

1.Нейроэндокриндік реттелудің сызбанұсқасы.


2.Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
3. Гормондардың жалпы қасиеттері.
4.Гормондардың рецепторлары, нысана-жасушалары.
5.Гормондардың әсер ету механизмдері (жалпы түсініктер).
6. Гормондардың әсер етуінің жасушаішілік делдалдары.
7. Гормондардың аденилатциклазды жүйе арқылы әсері.
8. Гормондардың гуанилатциклазды жүйе арқылы әсері.
9. Гуанилатциклазаның түрлері, олардың әсері.
10. цАМФ және цГМФ – химиялық табиғаты, бұл қосылыстардың гормондардың әсер ету механизмдеріндегі маңызы.
11. Гормондардың кальций-кальмодулин жүйесі арқылы әсері.
12. Гормондардың инозитолтрифосфат және ДАГ арқылы әсері.
13. Аденилатциклаза мен фосфодиэстераза катализдейтін реакциялар. Бұл реакциялардың гормондар әсер етуіндегі ролі.
14.Протеинкиназалар. Жалпы сипаттама, өкілдері. Олар қалай активтенеді?
15. Гормондардың ІІ механизм бойынша әсері.
16. Гормондардың ІІІ механизм бойынша әсері (мембраналардың өткізгіштігін жоғарылату арқылы).
17. Гипоталамустың гормондары, жалпы сипаттама, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
18. Эпифиздің гормондары, жалпы сипаттама, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
19. Гипофиздің гормондары, жалпы сипаттама.
20. Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
21.Соматотропты гормон, соматомединдер, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, организмге әсері.
22.Гипофиздің тиреотропты гормоны, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, организмге әсері.
23.Гипофиздің гонадотропты гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
24. Гипофиздің артқы бөлімінің гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, организмге әсері.
25. Қалқанша маңы бездерінің гормоны, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
26.Кальцитонин, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
27.Қалқанша безінің гормондары, жалпы сипаттама.
28. Тиреоидты гормондар: трийодтиронин және тетрайодтиронин, түзілуі. Химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
29.Қалқанша безінің гиперфункциясы. Клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.
30. Қалқанша безінің гипофункциясы. Ересектер мен балалардағы клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.
31.Эндемиялық зоб, пайда болу себептері. Клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.
32.Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары, жалпы сипаттама.
33.Глюкокортикостероидтар, өкілдері, химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
34.Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсері.
35.Минералокортикостероидтар, химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектері, секрециясының реттелуі.
36.Альдостерон, химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
37.Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондары, түзілуі, гормондардың рецепторлары, әсер ету механизмі.
38. Адреналин, норадреналин, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектері, секрециясының реттелуі.
39. Ұйқы безінің гормондары, жалпы сипаттама.
40.Инсулин, түзілуі, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
41.Глюкагон, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
42.Қантты диабет, бұл патология кезіндегі биохимиялық өзгерістер.
43.Қантты және қантсыз диабет. Бұл аурулар қандай гормондардың секрециясының бұзылуымен байланысты. Бұл гормондарға қысқаша сипаттама.
44.Жыныс гормондары, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, жалпы физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
45. Әйелдердің жыныс гормондары (эстрогендер мен прогестерон), химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, гормондардың арнайы әсері.
46. Әйелдердің менструальды циклінің реттелуі.
47. Ерлердің жыныс гормондары (тестостерон), химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, гормондардың арнайы әсері.
48. Эйкозаноидтар (простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксандар), жалпы сипаттама, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
49. Көмірсулар алмасуының реттелуі.
50. Белоктар алмасуының реттелуі.
51. Липидтер алмасуының реттелуі.
52. Су алмасуының реттелуі.
53. Натрий мен калий алмасуының реттелуі.
54.Кальций мен фосфаттардың алмасуының реттелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет