Биологиялық химия Кафедрасы


Оқыту мен сабақ берудің әдістері



бет136/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Әдіс – құрамалау (комбинациялық): ауызша талдау, шағын топта жұмыс жасау, блиц-сұрақ, жазбаша сұрау.


Оқыту құралдары: дәріс («Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері» - Биохимияның кейбір тараулары /Абитаева С.А. - 2004 ), тесттік тапсырмалар, жағдайлық есептер, жаттығулар.


1) Ұйымдастыру бөлігі – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар, алкалоздар, олардың түрлері. Макроэлементтер, олардың ролі. Минералды заттардың және су алмасуы және оның реттелуі.»


Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктерінің маңызы.

  2. Қанның буферлік жүйелерінің қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтауға қатысуы, бикарбонаттық буфері мысал ретінде олардың әсер ету механизмі.

  3. Ацидоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.

  4. Алкалоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.

  5. Макроэлементтердің (Na, K, Ca, Mg, Cl, S, фосфаттардың) маңызы. Қандағы қалыпты мөлшері, тағам көздері, адам ағзасындағы қоры, нормадан ауытқу себептері.

  6. Тірі ағза үшін кальцийдің маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның кальцийдің реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.

  7. Тірі ағза үшін фосфордың маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның фосфордың реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.

  8. Тірі ағза үшін судың маңызы. Судың түрлері. Вазопрессин менг натрий-уретикалық фактордың су алмасуының реттелуіндегі ролі.

  9. Альдестеронның натрий мен калийдің деңгейін реттелуіндегі ролі.

  10. Минерал заттар алмасуы туралы түсінік. Негізгі сатыларының қысқаша сипаттамасы.

  1. Шағын топта жұмыс жасау – Барлық топ 2-3 студенттен үш шағын топқа бөлінеді және әрбір топқа жағдайлық есеп беріледі. Әр топтың студенттіне есепті шешуге уақыт беріледі (2-3 мин), содан кейін топша ішінде талдау үшін 5 минут беріледі, кейін шағын топтың бір өкілі жалпы есептің шешуін айтады.

Сонымен қатар шағын топтың студенттеріне тақырып бойынша тест тапсырмалары беріліді. Оқытушы – бақылаушы және түзетуші (корректор) ролін атқарады.

Осы әдісті модификациялауға болады - Әр шағын топтың студентіне жағдайлық есеп беріледі. Әр топтың студенттіне өзінің есебін шешуге уақыт беріледі (2-3 мин). Кейін әр студентөзінің шағын топшаның өкілдеріне өзінің есебін түсіндіру үшін тағы уақыт беріледі. Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студенті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді.


Уақыт болған жағдайда тест тапсырмаларына берілген жауаптары қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет