5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Әдіс – аралас (комбинациялық):
Блиц-сұрақ,
Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау,
Жазбаша сұрау.
Оқыту құралдары: дәріс («Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері» - Биохимияның кейбір тараулары /Абитаева С.А. - 2004 ), тесттік тапсырмалар, жағдайлық есептер, жаттығулар.
Ұйымдастыру бөлігі – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері. Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі» №№ 90, 91, 136, 125, 126 (2), 128 (1), 129 (4) зертханалық жұмыстарды конспектілеу.
1)Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің мөлшері.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің меншікті салмағы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің рН-ы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің иісі, түсі, мөлдірлігі.
Дені сау адам зәрінің химиялық құрамы.
Индикан және басқа да эфиркүкірт, эфирглюкурон қышқылдары, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі осы заттардың мөлшерінің арту себептері.
Креатинурия, креатиннің құрылысы және оның түзілуі, креатиннің бүйрек шегі туралы түсінік, креатинурияның себептері.
Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту себептері.
Гиппур қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту және төмендеу себептері.
Глюкозурия, түрлері және себептері.
Протеинурия, түрлері және себептері.
Кетон денелері – өкілдері, химиялық табиғаты және түзілуі, кетонурия – себептері.
Тікелей емес және тікелей билирубин, химиялық табиғаты және түзілуі, билирубинурия – себептері.
Гематурия – себептері. Эритроцитурия және гемоглобинурия туралы түсініктер. Осы күйлерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Зәр диастазасы, түсінік, себептері.
2) Блиц-сұрақ – тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарып, сұрақты ішінен оқытады, студент бірден жауап беру керек.
3)Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау – келесі проблемалық сұрақтар бойынша жүргізіледі:
Ацидоз кезіндегі теңестіру механизмдері.
Алкалоз кезіндегі теңестіру механизмдері.
Темірдің алмасуы және маңызы, оның жетіспеушілігі (артық болуы) – себептері, метаболизмге әсері, теміржетіспеушілік жағдайлардың коррекциялаудың (түзетудің) мүмкін болатын жолдары.
Ағзадағы су алмасуы және оның реттелуі.
Фосфор және кальцийдің алмасуы және оның реттелуі.
Калий және натрий – гипо- және гиперкүйлердің себептері, белгілері, түзетужолдары.
Дискуссия жүргізу барысында топты екі лагерге бөлуге ұсынылады және әрқайсысына бірдей проблема (мәселе) беріледі. Әр лагердің студенттері өздерінің қөзқарасатырн ұсынады, кейін оқытушымен бірге талдайды. Мәселені шешуінде ең көп және дұрыс жолдарын тапқан топқа «жеңіс» беріледі.
Шағын топта жұмыс жасау кезде топ 2-3 адамнан 3 шағын топқа бөлінеді және әр шағын топқа жеке мәселе беріледі. Әр студентке өзінің көзқарасын қысқаша жазу үшін уакыт беріледі. Кейін шағын топтың ішінде барлық пікірлерді талдауға тағы уақыт беріледі, содан барып әр шағын топтың өкілі осы мәселе бойынша топтың жалпы шешімін айтады. Дұрыс емес шешім қабылдағанда немесе процестің басқа қатысушылардың қосымша мәлеметтер бар болған жағдайда, оқытушы варианттарды есепке алады.
Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).
Қорытынды жасау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, бағалар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |