Биологиялық химия Кафедрасы



бет71/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1.Тақырыбы: Ферменттер. Оксидоредуктазалар: дегидрогеназалар, цитохромдар, каталаза, пероксидазалар, оксигеназалар. Оксидоредуктазалардың құрамына кіретін витаминдер.

  1. Мақсаты:

а Студенттерде оксидоредуктазалардың жіктелуі, олардың құрылысы мен катализдік әсері туралы білімдерін қалыптастыру.
бСтуденттерде оксидоредуктазалардың құрамына кіретін витаминдер туралы білімдерін қалыптастыру.

  1. Оқыту міндеттері:

  1. Оксидоредуктазалар класының жіктелуін, әр топтың ферменттерінің құрылыс ерекшеліктерін және катализдік әсерін оқу.

  2. Дегидрогеназалар мен цитохромдардың тотыққан және тотықсызданған түрлері туралы түсінік беру.

  3. РР және В2 витаминдердің коферменттік қызметін қарастыру.

  4. Студенттерді кәсіптік әдебиетті және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Оксидоредуктазалар. Жіктелуі.
2. Дегидрогенезалар өкілдері.
3. Пиридин ферменттерінің коферменттерін атау.
4. НАД, НАДФ-түрлері. Кұрылысы және биологиялық маңызы жағынан айырмашлығы.
5. Флавиферменттердің коферменттерін атау.
6.ФМН,ФАД-түрлері. . Кұрылысы және биологиялық маңызы жағынан айырмашлығы.
7.Дегидрогеназалардің коферменттеріне кіретін витаминдер.
8.Убихинон, химиялық табиғаты, биологиялық тотығуда ролі.
9.Цитохромдар. Жалпы сипаттама. Жіктелуі.
10.Цитохром В,өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
11.Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
12.Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.


5. Оқыту тәсілі және құралдары:
Тәсілі-комбинирленген:

  1. Комбинирленген сұрау.

  2. Шағын топтарда жұмыс істеу

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқыту құралдары: дәрістердің электрондық варианты, тест тапсырмалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет