Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Инактивтелген биомассаны бөліп алу



бет14/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Лекциялар жинағы

Инактивтелген биомассаны бөліп алу
Қазіргі кезде көптеген биопрепараттар микробиологиялық концентрат түрінде өндіріледі. Микробиолгиялық концентраттың негізгі бөлімі ауыл шаруашылығының мал азығын құнарландыруға қоспа ретінде (азықтық ақуыз, азықтық антибиотик, аминқышқылы, фермент) қолданылады.
Микробиологиялық концентраттар культуралды сұйықтықтың белгілі бір ылғалдылық дәрежесіне дейінгі кептірілген түрі болып келеді. Демек, олар микроорганизм биомассасын, оның метаболизм өнімдерін, қоректік ортаның қалдық компонентін, көбік сөндіргішті және т.б. құрайды. Кейбір жағдайда концентрат алуда культуралды сұйықтықты өңдеу қажет болады, дайын өнімді концентрлеу мақсатында немесе қажет емес компоненттерді бөлінгенде керек болады.
Микробиологиялық концентратты алуда басқа биопрепаратпен салыстырғанда соңғы өнімді бөлу сатысының технологиясы қарапайым.
Жалпы барлық микробиологиялық концентрат үшін суды толығымен немесе суды біртіндеп жою болып саналады. Концентрат алуда негізгі технологиялық операция - булау және кептіру.
Тасымалдауда, ұзақ уақыт сақтауда жарамды ақуыз препаратын алуда жасуша биомассасының ылғалдылығын 8-10% дейін кептіру керек. Микроорганизм массасының маңызды жағдайы, бағалы биологиялық белсенді зат тез жойылады және әрмен қарай бұзыла бастайды.
Жасуша суспензиясы буланғаннан кейін, құрғақ зат массасы 24-26 % құрайтын арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі.
Кептіргіш қондырғы. Жаншып үгетін білікті кептіргіш өнімділігі аз өндірілетін өндірісте қолданылады. Кептіру үрдісіндегі мұндай аппаратта айналатын барабанның ыстық бетіне биомасса суспензиясы жанасады. Мұндай кептіргіштің құрылысы бір және екі білікті батырылған және батырылмаған кептіргіш болып келеді. Батырылмаған ВСГ түріндегі екі білікті кептіргіш екі жартылай көлденең болаттан жасалған барабаннан тұрады (7 сурет). Барабанның бу берілетін жанында жабылатын қақпағы бар. Барабанның құрылысы параллель түрде болып келеді. Барабанның жанының жоғарғы жағында барабан мен ваннаның арасында сына орнатылған, оған бимомасса концентраты үздіксіз келіп түседі. Биомасса концентраты ваннада шамамен 1000С температураға дейін қыздырылады және осы кезде судың бір бөлігі буланып кетеді. Барабан бір – біріне қарама – қарсы айналғанда жасуша биомассасы жұқа қабатпен оның бетіне жағылады, және ылғалдылығы 8-10 % дейін кептіріледі.
Құрғақ биомасса барабанның бетінен пышақпен сылынып алынады және көлденең шнекке құйылып түседі. Содан соң буып түюге беріледі.



1-көлденең шнек; 2-пышақ; 3-қима;
4-барабандар; 5-қақпақ; 6-конденсатты шығаратын түтік;
7 сурет. Екі білікті батырылмаған түрдегі буландырғыш кептіргіш

Батырылған түрдегі екі білікті кептіргіш аппарат СДА 1200/3600 жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы бар кептіргіш барабан жасуша суспензиясымен ваннаға батырылған және өздігінен жұмыс істейді (8 сурет).


Суспензия ваннада бұлғағыш араластырғышпен араластырылады, ваннаға берілер алдында жылу алмастырғышта қыздырылады. Білікті кептіргіште ақуыздың жоғалуы 15 % жетеді.

1-шнек; 2-пышақ; 3-барабандар;
4-ванналар; 5-араластырғыштар;
6-жылуалмастырғыш.
8 сурет. Екі білікті батырылған түрдегі буландырғыш кептіргіш



1- ортадан тепкіш шашыратқыш механизм; 2-бағыттағыш аппарат;
3-жылу тасымалдауға арналған газ өткізгіш;
4-кептіргіш камера; 5-өнім жинауға арналған затвор;
6- пневмотасымалдағыш құбыр.
9 сурет. Ортадан тепкіш күшпен жұмыс істейтін шашыратқыш кептіргіш
Шашыратқыш кептіргіш микробиологиялық синтездің көптеген өнімін өндіруде қолданылады. Олар кептіргіш агенттің кептіргіш материалымен әрекеттесу әдісімен (тура ағымдағы, қарама – қарсы ағымдағы немесе аралас ағымдағы), температурамен және газ-тасымалдағыш құрамымен, шашыратқыш механизм қондырғысымен және т.б. ажыратылады.
Азықтық ашытқыны кептіруде өнімділігі жоғары шашыратқыш кептіргіш қолданылады. 9-суретте ортадан тепкіш күшпен жұмыс жасайтын шашыратқыш кептіргіштің төменнен кептіргіш агент жүргізілген сызба нұсқасы келтірілген.
Ашытқы суспензиясы табанша дискіге аз қысыммен шашыратқыш механизмге үздіксіз беріліп отырады.
Диск айналғанда пайда болатын ортадан тепкіш күштің әсерінен ерітінді қабықша түрінде үздіксіз жоғарғы жылдамдықпен дискінің шет-шетіне көшеді және майда тамшыға 50-70 мкм ыдырайды. Кептіргіш агент (ауамен араласқан түтінді газ немесе қыздырылған ауа) бағыттағыш аппаратпен газ өтетін түтік арқылы кептіргіш камераға беріледі. Бағыттағыш аппараттың көмегімен жылу кептіргіш камераға кіретін жерде жылу тасымалдағыштың үлкен жылдамдығы пайда болады және бір мезгілде спираль тәрізді жылу тасымалдағыштың жылжуы бағытталады. Азықтық ашытқыны кептіру кезінде кептіргіш агенттің алғашқы температурасы 300-3500С температураға жетеді. Шашыратқыштан шашыраған ашытқы суспензиясы жылу тасымалдағышпен байланыста болғанда суды жоғалтады- кептіріледі.
Шашыратқыштың жоғары дәрежесінің арқасында ашытқы суспензиясынан судың булануы сол мезетте өтеді, соның көмегімен кептіргіш агент тез салқындайды және оның температурасы кептіргіштен шығу кезінде 900С температурадан аспайды және де кептірілген ашытқылар осы температурадан жоғары қыздырылмайды.
Ұнтақ түріндегі құрғақ азықтық ашытқылар кептіргіштің төменгі конусты бөлігіне келіп түседі, сол жерден үздіксіз жойылып отырады. Қолданылған жылу тасымалдағыш кептіргіш камерадан газ өткізгіш арқылы шығарылады. Ашытқылардың бір бөлігі (15-20 %) жылу тасымалдағышпен бірге шығарылады және оны ұстау үшін арнайы шаң ұстағыш аппараттар – циклондар орнатылады. Құрғақ ашытқы конусты кептіргіштен және циклоннан пневмотасымалдағышпен буып түюге беріледі.
Шашыратқыш кептіргіш күрделі және қауіпсіз қондырғы болып келеді, сол себептен оның жұмысын автоматтандыруға тырысады. Кептіру үрдісін автоматты басқару, үрдісті тиімді етуге көмектеседі, кептірілген өнімнің сапасын жоғарылатады, отынның және энергияның меншікті шығынын қысқартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет