Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Тақырып 3. Биотехнологиялық өндірісте



бет11/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Лекциялар жинағы

Тақырып 3. Биотехнологиялық өндірісте культуралды сұйықтықты концентрлеу.Микробиологиялық синтездің микробтық концентрат алу технологиясы.


Дәріс 5. Культуралды сұйықтықты ыстықпен өңдеу және булау. Микроорганизм массасын бөліп алуда фильтрлеу
Дәріс 6. Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөліп алу. Инактивтелген биомассаны бөліп алу.

Биотехнологиялық өндірісте дайын өнімді алдын ала концентрлеу әдісінде булау үрдісі кеңінен таралған. Кұрғақ затты концентрлеуде культуралды сұйықтықты булау 20-40 % жетеді. Негізінде биосинтездің дайын өнімін қыздырғанда (термолабильді) шыдамайды және 5-15 минутта 50-600С температурада белгілі бір дәрежеде инактивтеледі. Сондықтан буландыру үрдісі соңғы өнімінің биологиялық активтілігінің минимальды жоғалуын қамтамасыз ететін режимде жүргізіледі.


Әрбір өнімге сәйкес температурада буландыру аппаратына өнімнің келуі тәжірибелі жүйеде анықталады. Культуралды сұйықтықты буландыру үшін 70-800С температура қабылданады. Буландыру аппаратында сұйылуда мұндай температура қайнау температурасына жетеді. Буландыру көп корпусты немесе бір корпусты вакуум - буландырғыш қондырғыда жүргізіледі.

3 сурет. Ағатын қабықпен буландыру аппараты

Көп корпусты вакуум-буландырғыш қондырғыда культуралды сұйықтық бір аппарттан басқа аппаратқа тізбектеліп келіп, культуралды сұйықтық көп рет буландырылады. Буландыру аппараты 4-суретте көрсетілген, төменгі ағымдағы принциппен жұмыс істеледі. Культуралды сұйықтық қабылдағыш бактан насоспен буландырғыштың жоғарғы бөлігіне беріледі, құбырдың жоғарғы жағында тордың бетінде біркелкі таратылады және құбырдың ішкі жағында жоғарыдан төмен қарай жұқа қабықша түрінде ағады.





І-бір сатылы буландырғыш; 2-шашыратып бөлгіш;
3-екіншілік буға арналған құбыр; 4-екі сатылы буландырғыш;
5-үш сатылы буландырғыш; 6-бетіндегі конденсатор;
7- насостар; 8-сусақиналы вакуум – насос.
4 сурет. Үш корпусты буландырғыш қондырғы

Құбыр аралық бос жердегі бірінші буландырғышқа ыстық бу беріледі. Культуралды сұйықтықты буландырғанда пайда болған буды екіншілік бу деп атайды, құбыр бойымен сұйықтық қабықша ағады, содан соң сұйықтық бөлгішке келіп түседі. Мұнда екіншілік будан буландырғыш сұйықтықты бөлу жүргізіледі. Екіншілік бу 80-870С температурада, құбыр аралық бөлгішке екіншілік буландырғышқа жіберіледі.


Қоюланған культуралды сұйықтық бірінші буландырғыштың төменгі бөлігінен және бөлгіштен насостың көмегімен буландырғыштың екінші сатысына, содан соң үшіншісіне жіберіледі (26 сурет). Үшінші сатыдағы буландырғышта культуралды сұйықтықтағы биомассаның концентрациясының шығымы 18-22 % дейін жетеді (құрғақ зат бойынша есептегенде).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет