Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет31/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Лекциялар жинағы

Ашытқы суспензиясын концентрлеу
Ашытқы өсіретін аппараттан алынған ашытқы суспензиясындағы ашытқыдағы жасуша ішіндегі ылғалдылығы 75% дейін болатын 20-дан 40 г/л- дейін ашытқы құрайды. Техникалық талабы бойынша тауарлы азықтық ашытқының соңғы өнімнің ылғалдылығы 10% аспауы керек.
Ашытпадағы барлық суды іс жүзінде жою керек. Ол үшін ашытқыны концентрлеу қолданылады, ал сосын кептіру көптеген өндірісте кеңінен таралған ашытқы бөлудің келесі технологиялық сызба нұсқасы қолданылады: флотирлеу, сепарирлеу, булау және кептіру. Кейбір зауыттарда тізбектеле орындалуы және қолданылатын операцияның саны түрленеді. Демек, сызба нұсқаның бәрінде емес бірінші сатысында, ашытқы суспензиясын қоюландырудың флотирлеу әдісі қолданылады. Мұндай кезде ашытқы ашытпа өсіретін аппараттан бірден сепарирлеуге жіберіледі. Басқа жағдайда булау әдісі болмайды және ашытқыны сепарирлеуден кейін бірден кептіруге жіберіледі. Ашытқыны бөліп алудың технологиялық сызба нұсқасын таңдауда технологиялық тиімділігін, электр энергиясын, будың шығымын, жұмысшы күшін ескеру керек.
Флотирлеу әдісі тек қана ашытқыны концентрлеу үшін қолданылады. Өңделген культуралды сұйықтықтан қосымша мөлшерін бөліп алу үшін екінші сатылы флотирлеуге жібереді, ол үрдістің тиімділігін жоғарылатады. 22- суретте екі сатылы флотатордың сызба нұсқасы келтірілген.
Ашытқы суспензиясында ашытқының құрамы 35 г/л құрайды, бірінші флотаторға келіп түседі, онда 80% дейін ашытқы бөліп алынады. Бірінші флотатордан көбік жинағыштан шыққан 90-120 г/л ашытқы құрайтын концентрат сепарирлеуге жіберіледі. 2-3г/л ашытқы құрайтын араласқан культуралды сұйықтық бірінші флотатордан екінші флотаторға жіберіледі.



1-ашытқы өсіретін аппарат; 2 - І сатылы флотатор;
3 - ІІ сатылы флотатор; 4-насостар.
22 сурет. Ашытқыны екі сатылы флотирлеудің сызба нұсқасы

Екінші флотатордан көбік жинағыштан алынған 8-10 г/л ашытқы құрайтын концентрат бірінші флотаторға қайтарылады.


Өңделген культуралды сұйықтық екінші флотатордан кейін 0,2-0,3 г/л құрайтын ашытқы канализацияға жіберіледі. Ашытқыны флотирлеуден басқа екі сатылы сызба нұсқасы бар, ашытқы концентратын бірінші сатыдан әрмен қарай концентрлеу үшін ал өңделген культуралды сұйықтық екінші сатыдан бірінші флотаторға қайтарылады.
Флотациялық әдіспен ашытқыны концентрлеу дәрежесі флотирлеу коэффициентімен сипатталады. Оны көбік жинағыштан алынған ашытқы концентрациясына көбік жинағыштан алынған концентраттың бастапқы ашытқы суспензиясындағы ашытқы концентрациясына қарай есептейді. Бұл коэффициент үштен төртке дейін, кейде алтыға дейін жетеді. Флотирлеудегі ашытқы концентрациясының дәрежесі штамының қасиетіне, оның жасына, физиологиялық жағдайына, флотатор құрылысына, үрдістің ұзақтығына, флотаторға берілетін ауаның мөлшеріне және көптеген басқа факторларға байланысты, бірінші сатыда флотирлеу әдісін ашытқыны концентрлеу үшін қолдану экономика жағынан анықталған, демек бұл сатыда ашытқының қоюлануы қымбат тұратын сепаратордың санын қысқартуға мүмкіндік жасайды, келесі саты ашытқыны қоюландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет