Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет33/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Лекциялар жинағы

Ашытқы суспензиясын кептіру
Ашытқы концентратын буландырғыш қондырғыда буландырудан кейін тауарлы өнімнің ылғалдылығы 8-10% болғанша арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі. Өнімділігі аз өндірісте вальцовая кептіргіш қолданылады, сағатына бір тонна суды буландыруға қабілеті бар. Көптеген гидролиз зауытында және целлюлоза қағаз комбинатында маркасы ВСГ батырылмаған типтегі екі вакуум кептіргіш құрал - жабдық орнатылған.
Көптеген зауыттарда СРЦ – 3200, СРЦ -6300, СРЦ -125 (1500 маркалы ортадан тепкіш күштің көмегімен жұмыс жасайтын шашыратқыш кептіргіштің өнімділігі 4,6,10 және 15 сағ. (буланған судың есебі бойынша) сәйкес қолданылады. Шашыратқыш кептіргіш жоғарғы өнімділікте болады, кептірілетін ашытқының сапасына қарай сақтауды, кептіруді жүргізеді, үрдісті герметизациялау жағдайында (нығыздап жабылған деген мағына) жүреді, олардың азырақ кемшілігі бар. Бұл кептіргіш көлемді жылуды және электр энергиясын мол жұмсайды, шашыратқыш және шаңды ұстағыш қондырғысы күрделі болады, кептіру үрдісі кезінде 3% ашытқыны жоғалтады.


Азықтық ашытқыны витаминмен құнарландыру
Азықтық ашытқыда витамин құрамы және құрылысы микроорганизм-продуцентінің түріне және тұқымына жоғары дәрежесіне байланысты. Сондықтан өндірістік продуцентті таңдауда культивирлеу үрдісінде витаминнің мол мөлшерде жиналуына қабілетті штамға көңіл бөлінуі керек. Candida туысындағы азықтық ашытқы В тобындағы витаминдердің В12 витаминінен басқа витаминдердің бәрін құрайды. Азықтық ашытқыда әртүрлі мөлшерде эргостерин құрайды. Оны ашытқыны ультракүлгін сәулесімен сәулелендірумен D2 витаминіне ауыстыруға болады.
Өндірістік жағдайда ұнтақ тәрізді ашытқыны немесе ашытқы суспензиясын ультракүлгін сәулесімен шағылыстырады.
Құрғақ ашытқыны ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру арнайы аппарат витаминизаторда жүргізіледі. Бұл жағдайда ашытқы суспензиясы жоғарғы таратқыш жәшіктен жұқа қабатпен каскад түріндегі сатылы сөреге беруді жайғастырады және кварц лампасымен ультракүлгін сәулесімен сәулелендіреді.

1-бункер; 2-дозатор; 3-дискалы диірмен; 4-құнарландырғыш;


5-кварц лампасы; 6-ленталы тасымалдағыш
23 сурет. Құрғақ ашытқыны витаминмен құнарландырғыш қондырғы

Циркуляциялаушы кварц құбырда ашытқы суспензиясын ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру әдісімен іске асырылады. Бірақ та ультракүлгін сәулесімен сәуленің енуі сәулеленген ашытқы суспензиясының мөлдірлігіне байланысты болады, сондықтан белгілі концентрацияда болуы керек және боялған өнім жуылуы керек.


Жануарлардың әлде құстардың рационында басқа қажет витаминдерді азықтық ашытқы алу технологиясының үрдісіндегі жеке сатысында витаминдер қосылады. Витаминнің сулы ерітіндісін қосқанда ашытқы концентрациясындағы микроорганизм жасушасы өзінің витаминдерінің бетінде сорбирленеді және олар әрмен қарай дайын өнімде сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет