Кептіру
Жылуалмастырғыш Су
Гаприн
25 сурет. Гаприн өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
Ферментерден шығарылатын газдар рациональды түрде қолданылады, мысалы, кептіргіштерде отын ретінде пайдаланылады. Метанды тотықтыратын бактерияларды өсіру герметикалық түрде жабылатын ферментерде жүргізіледі, олар жұмысшы газ бен сұйықтық циркуляция жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Бактериялардың өсуін қамтамасыз ету үшін ферментерге үздіксіз табиғи газ, ауа (немесе оттегі), қоректік тұздардың ерітінділері, аммиакты су және тазартылған су беріліп отырады.
Ферментерге келіп түсетін сұйық және газ тәрізді компоненттердің барлығы да залалсыздандырылады. Өсіру үрдісі жоғары қысымда асептикалық жағдайда, қолайлы температурада және рН мәні қолайлы ортада жүреді. Бактерияларды өсіру үрдісінде бөлінетін жылу жылуалмастырғыш жүйе арқылы бөлініп алынып отырады. Биомассаның белгілі концентрациясына жеткен кезде ферментердегі культуралды сұйықтықтан үздіксіз бөліп алу жүргізіледі, ол дегазаторға келіп түседі, сол жерде қысым атмосфералық қысымға дейін төмендейді. Дегазатордан шыққан газ қоспасы отын ретінде қолданылады. Культуралды сұйықтық бактерия биомассалары концентрлеуге жіберіледі.
Бактериалды биомассаны концентрлеу
Биомассаны концентрлеудің бірінші сатысында культуралды сұйықтық тұндырғыш ыдысқа жіберіледі, ол жерде оның екі қабатқа бөлінуі жүреді. Төменгі қабатты сипаттау бойынша қою суспензия, ол насостың көмегімен сепараторға, ал одан кейін соңғы рет қоюлануы үшін – центрифугирлеуге жіберіледі. Өңделген культуралды сұйықтық тұндырғыш ыдыстан, сепараторға және центрифугирлеуге биологиялық тазартуға жіберіледі. Микроорганизмдерді инактивациялау мақсатында қоюланған бактериалды биомассаны 135°С температураға дейін қыздыру жолымен плазмолизге ұшыратады және осындай температурада қысқа уақыт ішінде 20 секунд аралығында ұстайды. Бактериалды биомасса жылуалмастырғышта 100°С температураға дейін қыздырылады, содан соң бу контактілі қыздырғышқа жіберіледі, өткір бумен 135°С температураға дейін қыздырады. Биомассаны тез салқындату 90°С температураға дейін жүргізіледі және вакуум насостың көмегімен жүргізілетін кеңейткіште өздігінен буланатын бу бөлінеді.
Гапринді кептіру, буып-түю. Гапринді кептіру 10%-ке дейін ылғалдылықта шашыратқыш кептіргіште жүргізіледі. Гаприн өндірісінде кептірілген биомассаны майдалау, түйіршіктеу ескерілген, оны сақтауда буып – түюде және тауарлық өнімді тасымалдауда едәуір жеңілдетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |