Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет20/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Лаб

Қажетті материалдар
Колба 500мл – 3 дана; колба 250мл немесе 100мл – 10 дана; Петри табақшасы – 20 дана; 9мл құйылған биологиялық пробирка – 15 дана; үлкен прбирка – 10 дана; резинка қақпақ – 10 дана; пипетка – 20 дана; сүзгі қағазы; ақ мата; шпатель – 6 дана; спиртовка – 6 дана.


Тәжірибені жүргізу әдістемесі


Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдер
Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдердің санын анықтау
1.Су агары қоректік ортасын ерітіп, табақшаға құямыз
2.1г топырақтан он еселік сұйылту жасаймыз
3.Сүзгі қағазымен ақ матаның салмағын өлшеп аламыз
4.Табақшаларға құйылған су агары қоректік ортасын үстінен 2мл сұйық Гетчинсон қоректік ортасын тамызамыз. Қажет сұйылтудан 0,1 мл алып егеміз. Стерилді шпателмен жаймалап, оның үстінен пинцетпен тұрақты салмағы анықталған сүзгі қағазын немесе ақ матаны орналастырып шпателмен жақсылап қайтадан жаймалаймыз. Дайын болған табақшаларды ылғалды камераға немесе су құйылған эксикаторға орналастырып, 28 – 30° С температурада 12 – 14 тәулікке қалдырамыз. Содан кейін сүзгі қағазы мен ақ матаның бетінде өсіп шыққан колониялардың санын санап арнайы формулаға салып есептейміз.
5. Құрамында қорек көзі жоқ сулы агар ортасына стерилді сүзгі қағазы мен мата орналастырып, 3-5 мл Гетчинсон сұйық ортасын тамызады. Оның үстінен топырақтың түйіршіктерін салмағы алдын ала анықталған сүзгі қағазы мен матаның бетіне тізіп орналастырасындар. 5-7 тәулік өткен соң топырақ түйіршіктерінің айналасында ыдыратушы микроорганизмдер дамиды. Яғни, әртүрлі микроорганизмдер дамыған кезде түрлі болып өзгеріспен өседі. Мысалы, миксобактериялар ылғалды, шырышты болады, спороцитофагтарда осындай мөлдір шырышты колонияның түсі қызғылт сары түс беруі мүмкін. Қоректік ортада целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдерөсіп дамыған топырақтың түйіршіктерін санап, пайыздық көрсеткішпен көрсетеді. Содан кейін сүзгі қағазы мен матаның қалдығын 1% тік сода ерітіндісімен шайқап, содан кейін тұз қышқылымен шайқайды. Тұз қышқылын ыстық дистилденген сумен шаяды, сосын кептіріп салмағын өлшейді. Жұмыс біткен соң бастапқы сүзгі қағазы мен матаның салмағынан целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің ыдыратуынан кейінгі салмақтың мөлшерін салыстырып, пайыздық көрсеткішпен көрсетеді.
6. Гетчинсон ортасын 250 мл колбаларға 50 мл-ден құяды. Сұйық қоректік орта құйылған колбаға тұрақты салмағы анықталған қатпарлы сүзгі қағазын ұшын жоғары қаратып салады да, 1атм-да 30 минут залалсыздандырады. Содан кейін қоректік орта құйылған колбаға 5г топырақ салып 28-30° С өсіруге қалдырады. 4-5 тәулік өткен соң қағаздың өзгерісін бақылайды. Аэробты бактериялар сұйықтықтың бетіне таман қағазды айнала сары немесе қызғыл сары қақ түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет