Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Аэробты жағдайда клетчатканы ыдырататын микроорганизмдер



бет18/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
Лаб

Аэробты жағдайда клетчатканы ыдырататын микроорганизмдер

Аэробты жағдайда целлюлоза немесе клетчатканы миксобактериялар, кейбір спора түзетін және түзбейтін бактериялар, актиномицеттер және саңырауқұлақтар гидролиздейді. Солардың ішінде негізгі рөлді миксобактериялар өкілдері атқарады.


Клетчатканы ыдырататын миксобактериялар Cytophaga, Sporocytophaga және Sorangium туыстары арасында болады. Олар сілтілігі, қышқылдығы және нейтралдылығы төмен топырақтарда тіршілік етеді.
Cytophaga түрлерінің клеткалары жіңішке ұзындау келген, ұштары үшкір таяқша тәрізді болып келеді. Микроциста түзбейді. Sporocytophaga туысының түрлері клеткалары Cytophaga түрлеріне ұқсас, бірақ микроциста түзуімен ерекшеленеді. Sorangium туысының өкілдері ұштары дөңгеленіп келген таяқшалар. Микроциста, цисталар және жалған жемісті денелер түзеді.
Миксобактериялар кез келген клетчаткасы бар материалда өсіп дамыған кезде шырышты, түссіз, сары немесе қызыл қақтар пайда болады. Миксобактериялар клетчатканың жіпшелеріне (фибриллалар) мықты бекініп өскен кезде гидролиздейді.
Миксобактериялардан басқа клетчатканы ыдыратуға топырақта псевдомонадалар тобына жақын Cellvibrio туысының өкілдері де кездеседі. Олардың клеткалары иілген қозғалғыш бір талшығы бар, эндоспора түзбейтін таяқшалар. Олардың колониялары түссіз немесе сары – жасыл түске боялған. Олар миксобактерияларға қарағанда клетчатканы басқа қоректік заттардың көзі болмаған жағдайда ғана пайдаланады.
Қышқылды топырақта саңырауқұлақтардың Trichoderma, Fusarium, Aspergillus, Betrytis туыстары өкілдері целлюлозаның ыдырауында негізгі рөлді атқарады. Сонымен қатар клетчатканы Actinomyces, Achromobacter, Pseudomonas, Bacillus туыстарының өкілдері де аэробты жағдайда ыдыратуға қабілетті.
Аэробты жағдайда клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді бөліп алу үшін он еселік сұйылту әдісі арқылы көміртегі көзі ретінде клетчатка бар Гетчинсон элективті қоректік ортасы сіңірілген силикагель пластинкасында егу арқылы бөліп алып, анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет