Шашыратқыш кептіргіште микроб концентраттын кептіру
Азықтық биомассада ылғалдылық көлемі 10 % көп емес массасын алу үшін микробиологиялық өндірісте микроб концентраттын кептіру үшін шаңдатқыш кептіргіштің құрлысы әр түрлілерін қолданады. Негізінде мұндай қондырғының артықшылығы аз уақыта бөлшектердің кептіргіш камераға келуінен өнімділігі жоғарғы болатыны саналады. Бұл деген суспензиядағы размері майда бөлшектің болуын тудырады және ыстық ауа ағымының (350-4000С) турбуленттігі жоғарылайды. Биомасса бөлшегінің 900С температурадан жоғары қызуы, ылғалдың қарқынды булануына және өнімнің массасының ылғалдылғы 10 % кем екенін қамтамасыз етеді және аз уақыта сапалы өнімді береді.
Ортадан тепкіш шашыратқыш кептіргіш. Шашыратқыш кептіргіш микробиологиялық синтездің көптеген өнімін өндіруде қолданылады. Олар кептіргіш агенттің кептіргіш материалымен әрекеттесу әдісімен ажыратылады (тура ағымдағы, қарама–қарсы ағымдағы немесе аралас ағымдағы) температурамен және газ-тасымалдағыш құрамымен, шашыратқыш механизм қондырғысымен және т.б.
Азықтық ашытқыны кептіруде өнімділігі жоғары шашыратқыш кептіргіш қолданылады. Суретте ортадан тепкіш күшпен шашыратқыш кептіргіштің төменгі жағынан кептіргіш агент жүргізілген сызба нұсқасы келтірілген. Ашытқы концентратты шашыратқыш кептіргішке берер алдын механикалық қоспадан ашытқыны бөлу үшін және саңылауларды және шашыратқыш механизмнің каналдарын бекітіп қалмас үшін фильтр арқылы өткізеді. Ашытқы концентраты шашыратқышта өсірілгенде майда тамшылары шашырап жылу тасымалдағышпен байланысып және суды жоғалтады. Құрғақ ашытқы ұнтағы пайда болады.
1- ортадан тепкіш шашыратқыш механизм; 2-бағыттағыш аппарат; 3-жылу тасымалдауға арналған газ өткізгіш; 4-кептіргіш камера; 5-өнім жинауға арналған затвор; 6-пневмотасмалдағыш құбыр;
6 сурет. Ортадан тепкіш шашыратқыш кептіргіш.
Құрғақ ұнтақ кептіргіш камераның конусты түбіне түседі де содан үздіксіз пневмотасымалдағышпен жойылады. Өңделген газ, қаныққан су камерадан шығады, ашытқы ұнтағын ұстайтын циклон батареядан өтеді. Циклонда ұнтақтың біраз бөлігін ортадан тепкіш күштің айналуынан қабырғаға шашыратады, жылдамдығын жоғалтады және конусты циклонның цилиндрлі қабырғасына келіп түседі, одан ұнтақ пневмотасымалдағыш құбырға келіп түсіп, одан кептіргіштен құрғақ ашытқының негізгі массасы шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |