Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет49/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Лаб

Материалдар және құрал-жабдықтар. Сүт қышқылы бактериясының өндірістік штаммдарының лиофилизденген культурасы (Lactobacillus fermenti және L.plantarum), 100 мл және 500 мл-ік колбалар, сілкігіш немесе культивирлеуге арналған қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешек, спиртовка, пробиркалар, сүт гидролизаты, капустаның қайнатпасы, желатин, глюкоза.
Жұмыстың орындалуы. Lactobacillus fermenti және L.plantarum лиофилизденген культурасын анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін 0,1г Залалсызданған жағдайда 50 мл салады. Ортаның құрамы:
1 Орта 2 Орта
Сүт гидролизаты-48% Сүт-10%
Капуста қайнатпасы-49,5% Капуста қайнатпасы-86%
Желатин-1,5% Желатин-1,5%
Глюкоза-1% Глюкоза-2,5%
6-8 сағат бойы термостатта 37°С температурада аэрациясыз араластырумен инкубирлейді.
Содан соң, бактерия суспензиясын құрайтын 500 мл 1 немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік Залалсызданған колбаларға қайта ауыстырады және 37°С температурада 10 сағат бойы аэрациясыз араластырумен инкубирлейді.
Культивирлеу процесі аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояп және микроскоптың астында микроорганизм жасушаларының санын есептейді. Алынған 1 мл суспензияның құрамында 10-15 млрд.тірі бактериялар болуы керек.
Қосымша ақпарат. Лиофилизациялаудан алдын өндірістік жағдайда дайьн препаратты алу үшін, бактерия суспензиясына стабилизатор ретінде сахарозаны, пептонды, мөлшері 5-10% өңделген сүтті қосады. Қатырылған тоңдырылған субстраттың сусыздануын вакуум астында 5·10-3 мм сын.бағ. сублимациялы қондырғыда жүргізеді. Құрғақ препараты бар ампулаларды вакуум астында дәнекерлейді, флакондарды инертті газдың атмосферасында буып түйеді. Құрғақ лактобактериннің бір дозасында 6-7 млрд.микроорганизм тірі жасушалары болады.
3 Вариант. Бифидубактерин өндірісі үшін бифидобактерияны культивирлеу.
Бифидумбактерин – сүт қышқылы бактериясына (Bifidobacterium bifidum) сәйкес лиофилизденген культурасы, ампулаларға, флакондарға буып түйілген немесе таблеткаланған болып табылады. Бифидумбактеринді балалар мен үлкендерге тұқым қуалайтын колитті, дисбактериозды, анықталмаған этиологиялық ішек құрлысының бұзылуына, антибиотиктерді қолданудың нәтижесінде пайда болғанды емдеуде қабылдауға беріледі. Бифидумбактерин әсіресе кішкентай балалардың өмірінің 1-ші жарты жылында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет