Материалдар және құрал-жабдықтар. Лиофилизденген культура Bifidobacterium bifidum, 100 мл және 500 мл колбалар, сілкігіш немесе культивирлеуге арналған қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешектер, спиртовка, бауыр сорпасы, натрий хлориді, пептон, лактоза.
Жұмыстың орындалуы
Bifidobacterium bifidum лиофилизденген культурасын анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін 0,1 г культурасын Залалсызданған жағдайда 50 мл салады.Ортаның құрамды:
1 Орта 2 Орта
Бауыр сорпасы-97% Бауыр сорпасы-50%
Хлорлы натрий -1% Сүт гидролизаты-48%
Пептон-1 % Хлорлы натрий-0,5 %
Лактоза-1% Пептон-0,5%
Лактоза-1%
Содан соң 37°С температурада термостатқа 100 мл колбаларда мақта тығындармен жабылған 5-6 сағат бойы инкубирлейді. Содан кейін, бактерия суспензиясы құрамында 300 мл-ден 1 немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік Залалсызданған колбаларға ауыстырады және 37°С температурада 6-8 сағат бойы сілкігіште араластыру және аэрациялау жағдайларында инкубирлейді. Культивирлеу аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояйды және микроскоптың астында микроорганизм жасушаларының санын есептейді. Алынған суспензия құрамында 1 мл-де 5-10 млрд. бактерияның тірі жасушалары болуы керек.
Қосымша ақпарат. Өндірістік жағдайларда дайын препаратты алу үшін бактерия суспензиясына майсызданған сүт (30-40 %) қосылған қантты-желатинді қоспа қосылады. Лиофилизациялау сублимациялы камерада жүргізіледі. Құрғақ бифидумбактерияның мөлшерін шығарар кезінде 108 ÷ 109 бактериялардың тірі жасушылары болуы керек. Препаратты қолдануда жағымсыз жақтары болмайды.
Бақылау сұрақтары
1. Адам микрофлорасы мен оның қоршаған ортамен байланысы.
2. Ішек микрофлорасының бұзылу себептері.
3.Дисбактериоз туралы жалпы түсініктер.
4. Дисбактериозды емдеу әдістері.
5. Коли- бифидум-, және лактобактерин препараттарын алу.
5. Жұмыстың орындалуы.
№ 15 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Достарыңызбен бөлісу: |