Биотехнология және гендік инженерия келешегі Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану


Эссе тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы журналистің ұстанымы қалай болуы тиіс?



бет17/25
Дата14.03.2024
өлшемі59.9 Kb.
#495620
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Эссе мәтіні. 9-сынып

Эссе тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы журналистің ұстанымы қалай болуы тиіс?

Төменде берілген мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.


А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.
Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар. Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғалам шарымызда теңіз сиыры жоқ. Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз. Қызыл кітаптың сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит. Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан - анакондалар жатады. Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.(218 сөз)
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Өсімдіктер мен жануарлардың азаюы.
Өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кетуіне себеп,экологияның әсері.Табиғаттағы ең пайдалы тіршілік иесі-ара болып табылады.Аралар бүкіл өсімдіктерді тозаңдандырады,осылайша аралар өсімдіктердің өсіп-өніп,көбеюіне әсер етеді.Аралар болмағанда,онда бүкіл өсімдіктер әлемі жойылып кетеді.Ал тышқан,шегіртке секілді зиянкестер-табиғатқа өте көп залал тигізеді.Олар егін жайларға,жайылымдарға өте үлкен зиян келтіреді,жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады.Сондай-ақ құзғындар мен өлексе жегіш құстар,жыртқыштар да тұрып қалған өлекселерден табиғатты тазарту арқылы пайда келтіреді.Қасқыр,жолбарыс секілді жыртқыштардың да жануарлар әлеміндегі үлесі зор.Бұл жыртқыштар өз қорегін таңдағанда олардың ішіндегі ең әлсізін,ауру жануарды аулайды екен.Осылайша жануарлардың арасында түрлі дерттердің күш алуына тосқауыл болады екенЖануарлар мен өсімдіктер адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Жануар лар мен өсімдіктерді аялап, оған еш қиянат жасамай,оған қамқоршы болуымыз керек. ( 112 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып « Өсімдіктер мен жанууарлардың жойылып кетуі не себепті?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170- 200 сөз болуы қажет.

8- сынып. «Жасөспірім және заң» бөлімі


А мәтін
Бала неге қылмысқа барады? («Ана тілі» газеті)
Баланың не себепті тура жолдан тайып, өыдмыс әлеміне еніп кететінін кім бідеді? «Ақш», «Байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған эаманда жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойына кіріп шықпай ма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып барады. Бала бүгін ермекті өзі тауып алады. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендкрмен жолығысады. Ақшасы болса ойын залдарына барады. Ақшасы болмаса бірлесіп не істейтіндерін ойластырады. Дос-жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді?! Топтың айтқанымен, солардың меңзеуімен жүріп тұруына тура келеді? Көше заңы басқа заңдарға қарағанда қаталдау ма дерсің... Ол әлсіздерді кешірмейді. «Баланы көше тәрбиелейді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала , шын мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр. Түске дейін мектепте болса, түстен кейін өз еркі өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы. Балалық кезде бала әрнәрсеге әуес. Мұндай шақ кез келген бала үшін сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында жауап беруі ғажап емес.
Бұл бағытта көп жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Неге? Өйткені жасы кәмелетке толиаған баланың Өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажырата алмайды. Баланың өмірі қоғамнан тыс қалған уақытта, баланың ойына не кіріп- щықпайды?

В мәтін
Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады (ғаламтор материалы)


Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықралық конвеншияны» дайындау жһнінде топ құрылды.1998 жылы 20 қарашада конвеншияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвеншия – әлем балаларының құқығын қорғау туралы хәне оларға тәрбие беру эөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбәр баланың һсіп- эетілуі қазетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.
Конвеншияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата-анасынан, олардың мәдениетіне, тілінен, өзі тұртын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу хөнінде айтылған.
Конститущия 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрадыү Аламның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек.
Бала міндеттері:

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілң – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылығы- адам бостандығы.
Адам құқығы- бала құқығын қорғаудан басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет